Лекция № 7 Қазіргі таңдағы оқу – тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы
1.Педагогикалық технология ұғымы. Педагогикалық технологияларға жалпы сипаттама.
2.Педагогикалық технологияларды жобалау, технологиялардың өзіндік ерекшелігі.
3. Тәрбие технологияларының тиімділігінің педагогикалық шарттары
Тәрбие үдеріс ретінде теориялық және әдістемелік деңгейде ғана емес, жоғарыда көрсетілгендей, сондай-ақ технологиялық деңгейде де қарастырылуы мүмкін. «Педагогикалық технология «түсінігі қаншалықты оғаш болып көрінсе де, ол педагогтің балалармен жұмысына терең бойлап еніп тұр.
«Педагогикалық технология» ұғымы тәрбие жүйесінде үлкен орын алады. Қойылған мақсатқа жету жолында технологиялық деңгейдің ғылыми түрде қарастырылғаны жөн.
Кез келген кәсіптің, суретші болсын, биші немесе дәрігер болсын өзінің әрекет деңгейі болады. Суретші өзінің – бояуларын араластырып жағу дағдыларын меңгереді, хирург болса, кәсіптік оқу кезінде операцияға қажет нәзік қимылдарды игереді.
Айнадағылардың жүрісін, денесін, қимылын бақылап, біз адамдардың технологиялық дағдыларына шығамыз. Әдемі дауысты немесе әдемі ырғақты қозғалысты бағалап, біз адамның осы және басқа қимылдарды жасай алатынына көз жеткіземіз. Өзімізді аңғарайық: адамдармен араласқанда біз өз қолымызды қалай ұстаймыз, таныс емес адамдар арасында үстелге қалай отырамыз, пальтоны қалай киеміз және т.б. бұл біздің мінез-құлқымыздың технологиялық жағы.
Педагогикалық технология – балаға мәдениет деңгейінде әлеммен әрекеттесуін қамтамасыз ететін, ал педагогикада тәрбиелік мақсатқа жетуде кәсіби еркін болуға мүмкіндік тудыратын жағдай аясында педагогтің тәрбиешіге жағымды әсерін мүмкін ететін кәсіби дағдылар жиынтығы.
Педагогикалық технология кәсіби құбылыс ретінде баланың тұлға субъектісі қалпын мәдениет жетістіктеріне үздіксіз, денелік және рухани жаттығулар арқылы жетелейді. Педагог бір жағынан, балаға қысым жасамауы керек, екінші жағынан, оның өз “Менін” көрсететін жолын жаппаған жөн, ал тағы келесі бір жағынан оны бір жабайыға айналдырмаған дұрыс.
Педагогикалық технологияның пайда болуының өзі заңды нәрсе. Әрбір бала, оқушы, жеке дара тұлға болғандықтан, оған сабырлылықпен, сүйіспеншілікпен ғана әсер ету
қажет. Ең алғаш рет бұл туралы ұлы ағартушы-педагог А.С.Макаренко жан-жақты талдау жасап, тұжырымдар еңгізген.
Педагогикалық технологияның құрамдас бөліктері педагогтің балалармен өзара әрекет ету қызметімен анықталады. Педагог ақпарат береді, араласады, балаларды ер және қыз бала деп ерекшеліктерін ескереді, топтық жұмыс ұйымдастырады, топта қолайлы психологиялық ахуал жасайды, мәдени өмір талаптарына сай бірлескен жұмысқа келіседі, қақтығыстарды шешеді, этика-лық жағынан қорғайды, тәрбие құралдарын таңдайды, әртүрлі балаға түрлі қатынастар жүйесін құрады... Мұның бәрін педагог психологиялық және физиологиялық құралдар арқылы іске асырады: дауысы, қозғалысы, кейпі, бейнесі, көйлегі және т.б. Педагогикалық технологияның әрбір қызметтік элементі кәсіптік дағдылар жүйесі көмегімен жүзеге асады. Бірақ осы дағды-лар жүйесін кім береді? Осы дағдылардың анық жүйесі жазылған ба? Әрекет-тің тұрақтылығы мен бірізділігін реттейтін жалпы басшылыққа алынатын қағидалар, ұстанымдар түрінде кәсіптік дағдылардың сипаты мен жүйесін анықтайды. Тәрбие ұстанымдарын қарастыра отырып, педагог қажетті кәсіптік дағдылар жүйесіне ие болады.
Субъектілік ұстанымы баланың өз әрекеті және өз өмірінің субьектісі бола алу қабілетін дамытады, кез келген жағдайда кәсіптік әсер ерекшелігін анықтайды, баланың санасына еңгізуіне, қабылдауына мүмкіндік жасайды.
Кәсіптік әрекет жүйесі тек баланың әлеммен байланысты сезінуіне қатыс-ты ғана әрекетті білдіреді.
Мысал келтірейік, “Сен – хабарлама” операциясы бойынша педагог әуелі баланың әрекетінің мақсаты мен себебін ойластырып алады. Ол жобамен былай деді: Сен ашуланғандықтан... ойладық, сондықтан сен қазір,... мен... Бала осанасына психологиялық айна қойылып тұр. Бала өз таңдауын саналы жүргізеді. Педагог осындай операцияның бар екенін білмей тұрып, өз практикасында дәл сыны жасай ала ма? Әрине, жасайды. Педагогикалық ұстанымды меңгеру және оны дағдыда көрсету тәрбие жұмысын тиімді етеді және педагог жұмысын жеңілдетеді технологиялық деңгейінде педагог пен балалардың бірлескен жұмысының құндылық мазмұнын қамтамасыз етеді; өмір қағидаларын прак-тикалық бағытта тәрбиелеуде сақтап отырады. Мұны көмек туралы өтініш “операциясымен” көрсетейік. Педагогикалық технология көмек туралы өтініштің мынандай парадигмаларын ұсынады:” Сен жасай алуың мүмкін бе... “Сен мынадай жұмысты жасай аласың ба? (немесе “Мен бақытты болар едім, егер…” Осылай пайдаланған парадигма педагогқа басқаның құндылыққа бағдарын сақтайды. Балаларды басқа адамның жеке басын сыйлауды үйретеді.
Егер біз педагогикалық талаптарды көрсету технологиясы бөлігімен таныссақ, онда біз “талапты логикалық шегіне дейін жеткізу” деген ұсынылған операцияны көреміз. Бұл операцияны іске асыру өмірде құндылық бағдар ұстанымын орнату деген сөз. Педагог талап қояды, оның орындалуын қатаң талап етеді. Бұл талаптарда құндылықты сыйлау бар, ал талапты орындамау құндылықты ескермеу дегенмен бірдей.
Тұтастық ұстанымының жүзеге асырылуы үшін кәсіптік дағдылар технологиясымен қамтуы керек. Бұның бәрі бірыңғай қарым-қатынастың болуымен және көрінісімен беріледі: тиімді, сезімді, практикалық. Педагог әсері бір мәртенің өзінде үш бағытпен жүреді де “осы жерде және қазір “қатынасын тудырады. Әрине, құндылық бағдар ұстанымы айтылған қатынасты көптен бері адамзат армандаған. Ертедегі грек ертегішісі Эзоп өзінің Родос аралында үлкен секіріс жасаған. Мақтаншақ туралы ертегісінде осыны келтірген. Оған ол: “Родос, осы жерде, Родос, осы жерде секір” – депті. Бұл сөз көпшілікке мәлім және батыс мәдениетінде көптен қолданып жұр. Ол қатынас көп көрініс тауып жүр. Айтылған іске асуы үшін тұлғаға әсер ету керек, сонда ғана ол бір уақытта, сол жерде сол жұмысты жасар еді.
Педагогтің кәсіптік қимылдары осындай әсерді қамтамасыз етуі керек. Айталық, табысқа жету жағдайын жасау. Бұның педагогикалық алгоритмі қажет қимылдың мәнін ашады. (“Бұл бізге керек, саған керек, өйткені ...”), (“Сен егер мына қасиеттерге ие болсаң ,... жасай аласың...), жасырын нұсқау (мүмкін бастаған дұрыс ...”, ... осы жерде ең
бастысы ...), ...Технологиялық кәсіптік дағдылар бірнеше жыл бойы анықталады, өз әсерін кеңейтеді, жаңартады, өшіреді немесе үлкейтеді. Бір шындық бар, ол тәрбие үдерісінде құралдар мен тәсілдердің болуы. Өз мазмұны жағынан кәсіптік дағдылар белгілі бір теория бойынша ұйымдастырылған әрекетке бейтарап болғандық-тан, педагогтің осы дағдылары кәсіптік бағасын алады.
“Тұлғаға жанасулар” сияқты кəсіптік педагогикалық іскерліктер
Тәрбиенің анықталған ұстанымдары педагог пен баланың бірлескен әрекетіндегі балалаға әсердің сипатын анықтайды. Тұлғаға әсер ету оның әлеммен әрекеттесуінде де осы ұстанымдар арқылы іске асады.
Педагогикалық технология педагог және оқушы арасындағы қарым-қатынас кезінде ғана өз жемісін береді. Демек, педагогикалық технология біржақты бола алмайды.
Кәсіптік операциялар жүйесі баланың қоршаған ортамен қарым-қаты-насын, байланысын талап етеді. Айналадағы болып жатқан құбылыстарды айқындау үшін педагог баланың психологиялық жағдайын, қойылған мәселені дұрыс түсініп, қабылдауы керек.
Кәсіптік операцияның не екендігін білмейтін педагог қойылған мақсатына жете ала ма? Әрине. Бірақ педагогикалық технологияны жете меңгерген педагог қана мақсатқа жетудің едәуір тиімді және оңай жолдарын біледі,
“Педагогикалық карым-қатынас” бөлімінде “жағымды қолдау” және “мен- хабар” сияқты кәсіптік дағдыларды көрсетейік.
Жағымды қолдау дегеніміз – баланың жетістіктерін ашық жариялау, оның басқалардан ішкі және сыртқы ерекшеліктерін айту. Бұл әдістің парадигмасы: “Сен сондайсың...” немесе ол (аты) солай”. Бұл әдіс баланы көтереді, рухани биікке апарады, өз күшіне сенімін арттырады, топтағы беделін асырады. Бұндай қолдауда жасқа шек қою жоқ. Мысалы, педагог баланың атына “Сен ақкөңілсің немесе “Сен сондай көңілдісің, сенімен бірге болған бәріне тамаша” - дейді.
“Мен – хабар” өз күйіңді, ойыңды болған немесе болып жатқан оқиғамен байланысты білдіру деген сөз. Мұнда парадигма былай: “Мен әрқашан...”, факті жойылады да қайсыбір қоғамдық құбылыс туралы айтылып жатырған сияқты. Мысалы: “Мен әрқашан адамдар бір-бірін тыңдамаса, соған ызаланамын.”, “Егер біреуді жәбірлеп жатқанын көрсем, мен нашар күйге түсемін”.
Педагогиканың талаптың технологиялық дағдылары жүйесінен “жағымды талап” және “майда-шүйдені ескеруді” көрсетейік. Педагогтің талабының орынды болуы осы жерде өтініш ретінде орындалуын білдіреді. Орынсыз талап мағынасыз, не мазмұны жоқ болуы мүмкін (не істеу керек?), педагог “Жұмысқа кірісейікші” деп немесе “Басқаны тыңдайсың – қызық екен” – деп өтінді. “Майда-шүйдені есептеу” – жалпыға бірдей тәртіпті баланың орындауында жеке басының еркіндігін сезінеді. Педагог жұмысты орындай отырып, талаптың онша мәнді емес тұстарына баланың көңілін аударады. Ол мысалы, былай дейді “Бұл есептерді шығарғанда мынаған көңіл бөлші...”, “Жиһаз тасығанда, қолдарыңды жарақаттап алмаңдар, абай болыңдар”...
Кәсіптік дағдылардың ішінде этикалық қорғау бойынша “мәдениеттелген жаңару” және “ағынан жарылып кешіру” деген заң бар.
Мәдениеттелуді бала қарым-қатынас мәдениетін білмегендіктен, қарым-қатынас мәдениетін бұзғанда пайдаланады. Педагог оған: “Егер мен дұрыс түсінсем...”, – баланың айтқанын қайта айтады, бірақ мәдени түрінде қайталайды.
“Үлкен кешірім”, жоғарғы сынып оқушыларына мәдени талапты бұзғанын сезіндіру үшін қолданады: педагог тәртіп бұзушыға: егер сен осылай болғанды қаласаң, мейлі солай-ақ болсын...
Балаларды жынысына қарай бөлу “Номинация” және инициирование” арқылы жүреді: (атын айту, үлгілеу) аттарын айту, саралап қараудан шығады, (“Ханымдар мен
мырзалар”!), (”қыздар мен жігіттер”!), топтағы екі түрлі жыныс иелері бар екенін білдіреді. (“ Біздің топта мықты ерлер бар”... – “Осы жерде нәзік ханымдар қатысып отыр”...
Үлгілеу өзін мысалға келтіре отырып іске асады (“Менің үстелім жоқ, жігіттер әйел адамның тұрғанын көрмеді”) “Бізде ерлер бар ғой”...
Шешендік өнерде “логикалық негіз” және “бірлескен ой құрамы қолданылады.
Кез келген сөйлесудің логикалық негізі – “тезис-аргумент-иллюстрация” формуласымен жүреді. Өзінің сөзін осылайша құрып педагог екі нәтижеге жетеді: айтылғаны түсінікті болады және оқушылары логикалық дағдыларды меңгереді. Мысалы: ”Тәртіп адамға егер ол топта бостандық алса ғана қажет - бізді тыңдап, сөзімізді бөлмесе, қалай сезінетінімізді есімізге алайық”.
Бірлескен ой жұмысы сұрақ қою арқылы іске асады. “Біз бүгін сіздер-мен...” немесе кездесу аяқталған соң: “Біз өте жақсы жұмыс атқардық...”
“Педагогикалық қақтығыс” бөліміне тоқталсақ, онда “келісім”, “үшінші сот” деген операциялар жүреді.
Келісім - субъектілер үшін өзара жол беру, сұрақтың екеуінің де пайдасына шешілуі. “ Мен” тек мына жағдайда, егер сен..., келісемін”. Педагог балаларға былай сөйлейді: “ Я, мен би кешінің жалғасуына егер қыздарды кешке ұлдар үйіне дейін шығарып салатын болса, қарсы емеспін”.
Үшінші адамға балалар үшін және педагог үшін беделді болғандықтан жүгінеді. Онда: “Біз Иван Ивановичтен сұрайық, себебі біз оған бәріміз сенеміз” – дейді қақтығысқа қатысушының бірі.
Педагогтің технологиялық дағдыларына шолу жасай келе, біз олардың субъектілік оқиғаларды ойластыруына бағытталғанын анық көреміз. Кәсіптік дағдылардың пактикалық іске асуы – бір педагогикалық қимылда бірнеше операцияның түйісуі. Мектеп өмірінен мысал келтірейік.
Педагог суретшінің салған суретін көрсетіп, “балалардан “Мен не көріп тұрмын” деген ойын білдіруді сұрайды. Балалар шамалы уақыт тоқтап тұрады, ал педагог сонда былай дейді: “ Мен адамның өз пікірін айтарда асықпағанын ұнатамын. Сіздер әрдайым ойлай алатындарыңызды көрсетіп жүрсіздер. Кез келген айтқан ой қызықты – бұл жерде бұрыс пікір жоқ. Мырзалар мен ханымдар, рухани байлығымызды бөлісейік”.
Мұндай әсер ету мәдениетті, бағалы және балаларға осылай әсер ету тиімді. Шын мәнінде бұл көріністе кейін балалардың белсенді жұмысы мен ара-ласуына әсер ететін әрекеттер бар. Тағы айтайық: ешкім дағдылар жүйесін ойлап тапқан жоқ, оны тәрбие практикасы ізгілендіру тәрбиесін сезіне отырып тудырды. Педагогикалық практика тарихында көрнекті педагогтар өздерінің тұлғаға әсер етуге қажет кәсіби дағдыларын дамытқан. Алғашқы технолог деп Сократты, ерте грек философын атауға болады.
Педагогикалық технологияны меңгеру үшін топтың кәсіби жаттығуы керек. Сондықтан педагогикалық технологиямен қаруланған педагог өз отба-сындағы қарым-қатынасты жақсартады, достарымен, туыстарымен, әріптес-терімен, әкімшілікпен дұрыс араласады. Педагогтің кәсіби өсуі, өзін-өзі сезінуі күшейеді.
Тəрбие технологиялары
«Қалай?» – тәрбие технологияларының байырғы сұрағы. Нақты мақсатты анықтау: технологиядағы мақсат – технологиялық жобаның болжамдық идеясы. Теориялық негіздемелердің «пакетін» әзірлеу: халықтық дәстүрлер негізінде құрылған көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеудің қазақстандық үлгісін жүзеге асыру.
Тәрбиелеудің қазақстандық үлгісі жергілікті тәрбие жүйесі және балаларды педагогикалық жетелеу жүйесі негізінде құралады.
Іс-әрекеттің кезеңдік, қадамдық құрылымы: кезеңдердің қызметін тәрбиелік (дайындық, қызметтік, бақылау, қорытынды) жағдайлар орындайды.
Қазіргі педагогикалық практикада В.П. Беспалько, М.В. Кларин, Н.Е. Щуркова, Ф.А. Мустаева, Л.Е. Никитина, И.П. Подласый, Г.К. Селевко, М.М.Жанпейісова, Л.В.Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Карл Попер, Н. Нұрахметов сияқты авторлардың тәрбие технологиялары қолданылады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тиімді қолданылып жүрген тәрбие технологиялары:
Модульдік (М.М. Жанпейісова).
Дамыту ( Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов).
Дебат (Карл Поппер).
Төрт деңгейлі саралап жіктеу (Ж. Қараев).
Оқытудың ұжымдық жолы (Н. Нұрахметов, В.К.Дьяченко).
Оқытудың сигналдық әдісі. Тірек конспектілері (В.Ф. Шаталов).
«Табыс жағдайын» ұйымдастыру технологиясы ( Н.Е. Щуркова).
Адамгершілік-тұлғалық амалға негізделген жүйе (Ш.А. Амонашвили).
Ұжымдық оқыту тәсілі (В.К.Дьяченко).
Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет әдістемесі (И.П.Иванов).
«Дамыту ортасы» бастауыш білім беру үлгісі (И.И.Ильясов).
Іс-әрекетті-коммуникативті негізде құрылған жүйе (Л.Ф.Климанова).
Тәрбие технологиялары (Н.Е.Щуркова).
Вальдорф педагогикасы (Р.Штайнер).
Ойын технологиясы (Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов).
Қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану тәрбие үдерісінің қызметтерін тиімді жүзеге асыруға ықпал жасайды.
Сонымен қатар, интербелсенді әдіс-тәсілдерді, сергіту жаттығулары мен тренингтерді, коучингтер мен топтық жұмыс жасау үлгілерін тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға пайдалану – заман талабы.
Достарыңызбен бөлісу: |