Лекция №1 Кіріспе. Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің кұрамды бөлігі


Лекция № 14 Тәрбие жұмыстарынын нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы



бет15/16
Дата23.09.2022
өлшемі129,95 Kb.
#39977
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Лекция ТЖТӘ

Лекция № 14 Тәрбие жұмыстарынын нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы.
1.Тәрбие үдерісі тиімділігінің психологиялық-педагогикалық диагностикасының әдістері
2.Диагностиканың әртүрлі әдістері мен әдістемесін пайдаланудың ерекшеліктері.
3.Сынып ұжымының диагностикасы: сынып ұжымының қалыптасу деңгейі мен тұлғааралық карым-катынас жағдайын зерттеу.

Зерттеу барысында «диагноз» ұғымына мән берілді, ол грек тілінен аударғанда танып білу дегенді білдіреді, оқу мен іс-әрекетті, ондағы кездесетін қиындықтың көлемін және сипатын анықтай, оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеруін, олардың іс-әрекеті мен жетістік нәтижелерін, т.б. анықтау болып табылады. Біздің зерттеу бағытымызға байланысты алдымен 5-9 сынып оқушыларын өзінің туған елінің заңы мен құқықтық ережелері мен нормаларын сақтау, қорғау, сыйлау рухында тәрбиелеу болғандықтан, олардың құқықтық сана-сезімінің деңгейін, қоғамға, әлеуметтік ортаға жат әдет-қылыққа, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қарсы күресе алу және өз құқығын қорғау мүмкіндіктерін анықтау мақсат етілді.


Диагностика (грек c.diagnostica, dia - айқын, gnostica - фактіні немесе құбылысты танып білу әдістері мен ұстанымдары туралы ілім) – ғылыми - тәжірибелік әрекетті сипаттайды.Диагностика - оқушыларды жан-жақты зерттеудегі тиімді тәсіл. Сондықтан диагностиканың ғылыми-тәжірибелік әрекетті сипаттайтынын ескере отырып, біз зерттеуімізде оны басшылыққа алдық. Сонымен бірге диагностиканың екі кезеңнен тұратынын, атап айтқанда, біріншісі - психодиагностикалық ақпараттарды жинау; екіншісі -мінездемелерді тұжырымдау және диагноз қоюды жүзеге асырдық. Зерттеу барысында диагностикалық әдістердің тұлғаның психикалық ерекшеліктеріне мінездеме берумен қатар сандық және сапалық сипатама беретінін негізге алдық. Осы орайда диагностиканың алгашқы кезеңі психодиагностикалық ақпараттар алуда оның екі тәсіліне де ерекше мән бердік. Себебі, психодиагностикалық әдістерді (тесттер) қолдану арқылы өте қысқа немесе жан-жақты; адамды емдеу немесе оқыту мекемелері жағдайында ұзақ қарау арқылы мәліметтер жинақтау маңызды. Қысқа диагностикалъқ зерттеудің өзі екі түрге бөлінеді: біріншісі, психологиялық тестілеу, онда процедураның стандарттығына жетеді және психикалық даму деңгейіне сандық баға беріледі; екіншісі, кешенді психодиагностикалық зерттеу, онда психодиагностикалық гипотеза жасалады. Диагностика психологиялық кеңес үдерісіне қосылып, психологиялық мінездеме берумен аяқталады. Алынған мәліметтер оқыту құралдары мен тиімді жолдарын анықтау үшін қолданылады. Сондықтан сапалық және сандық сипаттағы диагностика нәтижелері балаларды тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде мазмұн мен әдістердің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Мектепте қолданылатын сандық сипаттағы диагностикалық үдістердің ең бастысы - әр түрлі тесттер мен шкалаларды қолдану екендігі зерттеу барысында басшылыққа алынды. Сапалык диагностикалық әдістер сандық әдістермен салыстырғанда күрделі, бірақ та оның көмегімен психикалық құбылыстарды жан-жақты зерттеп, сипаттама жасауға болатынын да ескердік. Сонымен аралас диагностикалық әдістерде сандық және сапалық диагностикалық әдістер біріктіріліп қолданылады. Демек зерттеуімізде диагностика нәтижесінде алынған мәліметтер обьектінің қалыпты жағдайынан ауытқуының алдын алуға, сондай-ақ обьектінің дамуын қамтамасыз етуге пайдаланылатыны негізге алынды. Жалпы алғанда педагогикалық диагностика - оқу үрдісін оңтайландыру міндеттерін шешуге бағытталган бақылау мен бағалау тәсілдерінің, әрі педагогикалық үрдіс жағдайының себептерін анықтау, «педагог-оқушы» жүйесінің мүмкіндіктерін, олардың арасындағы қарама- қайшылықтарын айқындау және сипаттау үшін қажетті білім мен әрекеттің жиынтығы. Осыдан педагогикалық диагностика - оқу үрдісін оңтайландыру міндеттерін шешуге бағытталған бақылау мен бағалау тәсілдерінің жиынтығы, сонымен қатар оқу бағдарламаларын, педагогикалық әсер үдістерін жетілдіру болып табылады. Сондықтан қажетті ғылыми өлшемдерді сақтай отырып, мұғалім оқушыларды бақылайды, сауалнама жүргізеді, бақылау мен сауалнамадан алынған мәліметтерді өңдеп, алынған нәтижені, оның себебін түсіндіру үшін немесе болашағын болжау үшін хабарлайтын үрдісті педагогикалық диагностикалық әрекет ету деп айтады.
Педагогикалық диагностиканың зерттеу обьектісі педагогикалық процесс жэне оның барлық құрауыштары болып табылады. Ол педагогикалық процестегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды. Педагогикалық диагностиканың мәнін оның атқаратын функциялары арқылы талдауға болады. Б.П. Битинас [7-10] педагогикалық диагностиканың мынадай функцияларын анықтады: кері байланыс функциясы, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігін бағалау функциясы, тәрбиелеу функциясы, коммуникативтік және конструктивтік функциясы, педагогикалық процестің қатысушыларын хабардар ету функциясы.
Педагогикалық диагностиканы іске асыруда мұғалім мынадай принциптерді басшылыққа алуы тиіс: тұтастық, диагностикалық мақсаттық, тұрақтылық, оқыту мен тәрбие берудің бірлігі, ұжым мен жеке тұғалардың бірлігі, диагностиканың ғылымның даму деңгейіне сәйкестілігі, диагностиканың кешенді сипаты, т.б. Кейбір принциптерге тоқталатын болсақ, олар төмендегідей сипатталады: Мақсаттылық принципі бақылау белгілі мақсатқа негізделсе және еріксіз бақылаудағы сияқты өзгермелі тітіркендіргіштердің болмауы. Кімде- кім ғылыми бақылауды өткізгісі келсе, бастапқыда зерттеуге сай бірнеше болжамдар ұсынып, бақылау кезінде сол бағытта жұмыс жасайды. Тұрақтылық принципі біз үстіртін әсерге мән бермей, қысқа да нақты емес ақпараттарға ие болмауымыз қажет. Осы мақсатпен келесідей әдіснамалық негіздерді көрсетеміз: бақылауды кім ұйымдастырып отырса, ол нені бақылайтынын біледі. Егер бір ситуацияны бірнеше адам бақылап жүрсе, олардың бақылаулары қаншалықты бір-біріне сәйкес келетінін кұру қажет.
Бақылаушылық принципі бақылаулары бірнеше рет қайталанып жатып, бірнеше бақылаушылардың бақылаулары сәйкес келіп жатса, басқа негізгі топтардың арасында тексеріліп өтілуі керек. Бұның себебін білгенде, оның алынған нәтижелері сол топ үшін жарамай қалуы мүмкін.
Сонымен педагогикалық диагностиканы өзіне тән ерекшелігі, дербес обьектісі, өзіндік зерттеу тәсілі, міндеттері мен принциптері бар оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейінде қолданылатын педагогикалық іс-әрекеттің бір бөлігі деуге болады.
Педагогикалық диагностика педагогикалық үдерістің ажыратылмайтын бөлігі ретінде тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру, бұл үдерістердің нәтижесін бағалау, талдау және есепке алуды талап етеді. Педагогикалық диагностика, біріншіден, жекелей білім беру үдерісін оңтайландыруда; екіншіден, білім берудіц нәтижесін қоғамның қызығушылығымен дұрыс анықтауды қамтамасыз етуде; үшіншіден, басшылықпен шығарылған өлшемдерге сәйкес, оқушыны бір оқу тобынан келесі оқу тобына көшіруде ешқандай қателік жібермеуде, т.б. танылады. Педагогикалық диагностиканың көмегімен оқыту үрдісі талданып, оның нәтижесі анықталады. Сонымен қатар диагностикалық іс-әрекет үдерісінің жүру барысында қажетті ғылыми ережелер сақталады, мұғалім оқушыны бақылайды және сауалнама жүргізеді, бақылау нәтижесінде сауалнамадан алынған сұрақтардың нәтижесін талдайды және жалпы алынған нәтиже бойынша мінез-құлқына мінездеме береді, оның мотивтерін түсіндіреді, болашақтағы мінез-құлқын айтып бере алады. Тәрбие адам іс-әрекетінің маңызды түрінің бірі ретінде алуан түрлі құралдармен іске асырылады. Бұл мұғалімнің (тәрбиешінің) білім алушының өмірін ұйымдаетыруға тікелей қатысатынын білдіреді. Тәрбиелеуде құқық ерекше орын алады. Орыс тілі сөздігінде «құқық - қоғамдағы адамдар қатынасын реттейтін, мемлекет арқылы қорғалатын нормалар мен ережелердің жиынтығы», - деп түсіндіріледі. Энциклопедиялық сөздікте «құқық - мемлекет қабылдаған міндетті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы» деп анықталады. Адам құқық арқылы осы нормаларды сақтауды талап етеді. Құқықтық тәрбие - балада құқықтық тәрбиелілікті қалыптастыру мақсатында оның санасы мен мінез-құлқына мақсатты бағытта жүйелі әсер ету, яғни тұлғаның терең және тұрақты құқықтық білімі мен практикалық іс-әрекетте қоғамның талабына жауап беруімен жүзеге асырылатын құқықтық мінез-құлқындағы сенімінің қалыптасу дәрежесімен сипатталатын кешенді қасиеттерін қалыптастырады. Құқықтық тәрбие беру үдерісі ақпараттық- танымдық, эмоционалды-бағалаушылық және іс-әрекеттік компоненттердің қалыптасуы арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, педагогикалық диагностиканың мән-мағынасына сүйене отырып, құқықтық тәрбие мен білім беруді қалай жүзеге асырамыз?; болжамды қалай жетілдіреміз?, құқықтық тәрбие берудің әдістемесін қалай жасау қажеттілігі және т.б. өзекті мәселелерге жауап беруге әрекеттер жасап, дұрыс диагноз қоюға талпыныс жасалды. Осыған байланысты психологиялық-педагогикалық диагностиканың оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық сипатын зерделеуге, пайымдау жасауға, болжамдар арқылы оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесін арттыруға бағытталған бағалаулардың жиынтығы екені басшылыққа алынып, құқықтық тәрбие жұмыстарынан қажетті мәліметтерді толық жинақтап, оларды талдап, тиісті қорытындылар жасалынып, оңтайлы шешім шығару жоспарланды.
Осы орайда зерттеуімізде психологиялық-педагогикалық диагностика арқылы құқықтық тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында төмендегі бағытта қажетті мәліметтерді жинақтау негізге алынды, мәселен:
• жеткіншектердің өзінің құқығы және міндеттері туралы білімі, өзінің және басқа адамның мінез-құлқын, тәртібін кұкық нормалары тұрғысынан бағалауы, өзінің мінез-құлқында құқықтық білімін пайдалануы және әр түрлі іс-әрекеттерде құқықтық тәртіпті жүзеге асыруы;
• құқық нормалары тұрғысынан білімнің жеткіліктілігі және өзінің, басқаның қылықтарын бағалауы, өзінің құқықтық тәртібін жүзеге асыруда білімін пайдалана білуі, іс-әрекет нәтижесін өзіндік бақылауы, өзіндік бағалауы сапасының қалыптасуы;
• тыйымдарды сақтау және міндеттерін орындау іскерлігі, біліктілігі, құқықтық тәрбиелілігінің деңгейлерінің қалыптасуы;
• өзін-өзі дамытуын ұйымдастыруға мүмкіндік беру, олардың танымдық қажеттігін алдын-ала байқау, болжау арқылы сынып ұжымындағы қарым- қатынастарына болжамдар жасау, балалардың мінездерін, ерекшеліктерін зерделеу арқылы психологиялық-педагогикалық диагностикалар жүргізу;
• педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынасты, ұжымды басқару ахуалдарын жақсарту;
• сыныптағы жеткіншектердің даму деңгейін диагностикалау негізінде қажетті түзетулер енгізу, қажетті жұмыстарды ұйымдастыру жэне т.б.
Мектепте білім алушы мен тәрбиеленуші жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруге бағытталған үдерісте үлгілердің тиімді жүзеге асырылуы үшін рефлексияның маңызды екендігін деңгейлерге диагностика жасау арқылы анықтадық.
Сонымен рефлексия нәтижесін мынадай бағыттарда бағалауға болады:
• сынып оқушыларының бір-бірімен және мұғаліммен өзара қарым- қатынастары;
• оқушының қиындықтарды жеңіп шығуы, құқық нормалары тұрғысынан құқықты сақтауға талпынысы;
• өзінің мінез-құлқы мен басқалардың мінез-құлқына қатысты түсіністігі, ұғынуы және бағалауы. Ол құқықтық тәрбие үдерісінің даму динамикасын қадағалауға мүмкіндік береді. әрбір мұғалім, тәрбиеші, оқу- ағарту жұмыстарын жүргізушілер диагностикалық әдістерді ұжымның ерекшеліктеріне қатысты лайықты таңдаулары қажет.
Жоғарыда айтылып кеткендей, педагогикалық диагностика жасау барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін анықтау маңызды орын алады. Сондықтан педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдай келе, зерттеу жұмысымыздың мақсатына қарай 5-9 сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін анықтадық. Мұндағы байқағанымыз, біріншіден, жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық, жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады.Екіншіден, жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақтабиологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердіңболуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу үдерістері тұрады.Дәстүрлі - құқықтық дүниетанымының қалыптасу үдерісінің тиімділігінің жоғарылауы, мектеп жұмысы жүйесінің іс-әрекеттерінің іске асуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басымдық рөлді тәжірибелі-бағдарлы форма мен оқушылардың өзіндік таңдауы бойынша ұйымдастыру іс-әрекеті арқылы мектеп жұмысының үдістері, әлеуметтік-кұқықтық жағдайларды үлгілеу мен танысу, қабылданған шешім мен қорытындыларды дәлелдеу, өзіндік позицияға рефлекция, мінез-құлық пен әрекетті құқықтық сезіну атқарады.
Сонымен қатар оқушыларда белгілі бір дағдылар қалыптасып, шынайы құқықтық қоғамда әлеуметтік бейімделуіне қажет болып табылады. Осындай дағдыларға келесілерді жатқызамыз:
• топта шығармашылық бірлестік, әртүрлі әлеуметтік рөлді орындау, тұлға аралық коммуникацияны қалыптастыру;
• әлеуметтік - маңызды жоба жасау, дәлелденген қорытындыларды жасай алу қабілеттілігі, дәлелдер жүйесін құра алу, нәтижелерді ұйымдастыру;
• мектептік және мектептен тыс топта жобаны тәжірибелік іске асыру;
• жобаны іске асыру қорытындысы бойынша қарапайым әлеуметтік талдау жасау, оның дәстүрлі-құқықтық маңыздылығын көрсету;
• мектептік және мектептен тыс ақпараттық кеңістікте қорытынды нәтижелерді қолдану.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру әдісінде іскер және рөлдік ойындарды, жұмыстың топтық формасын, соның ішінде, жобалы ойынды қолдануда, біздің ойымызша, олардың эффективтілігі міндетті жағдайының болуын керек етеді;
• мектептегі ойындық комплекс бірлігі, ол бәріне түсінікті ойын ережесіне негізделген жүйелі үлгімен басқарылады, мысалы, құқықтық мемлекет үлгісі, ойын ережесі - конституция және басқа да құқықтық құжаттарды талдай білуі;
• нақты қызмет пен мақсат белгіленген рөлдердің берілуі, мысалы, президент, мектеп парламентінің басшысы, бала құқығының инспекторы және т.б.
• ойынға қатысушыларға түсінікті және қолжетерлік рөлдердің қатынас кестесі, ол ұжымдық нормативті құжаттармен жасалып көрсетіледі;
• ойын ұжымның барлық қатысушыларына нақты дәстүрлі-құқықтық идеологиясымен көрсетілу негізінде жалпы мақсаттарды бөліп көрсетеді;
• йынға қатысушылардың іс-әрекет нәтижесін топтық және жекелей бағалауды қолдау;
• ойынға қатысушылардың теңдігі - оқытушылар мен оқушылар, қабылданған шешімнің баламаларының көптік мүмкіндігі;
• мектепшілік ақпарат кеңістігінің қатысушыларға ашықтығы мен қолжетерлігі.
Біздің ойымызша, тұлғалық және топтық қызығушылықтардың үйлесуі, қоғам іскерлігі үшін әлеуметтік-маңызды дамуды қамтамасыз етеді:
• өзінің азаматтық құқықтарын қолдана алу іскерлігі және өзінің іс- әрекетінде әлеуметтік әріптестерге қатынасына байланысты адам құқығы ұжымын есепке алуы;
• заңардың мемлекеттік және қоғамдық институттардың құрылымдық маңызды механизмдерін (тетігін) қолдана алу қабілеті;
• әлеуметтік - маңызды нәтижелер алу үшін ұжымдық қарым-қатынас құра алу қабілеті;
• қолжетерлік ақпараттық кеңістікті тиімді етіп қолдана алу қабілеті және т.б.
Диагностикалауды өз деңгейінде жүргізу үшін бақылау, әңгімелесу, сауалнама, шығарма, тестілеу, ақыл - кеңес, өзін-өзі тану, рейтинг, саралау, психологиялық-педагогикалық карта, тәрбиелік деңгейін зерттеу картасы, педагогикалық консилиум, социометрия, іскерлік ойын, мониторинг және т.б. әдістерді пайдаландық. Сонымен қатар диагностикалық әрекеттің келесі аспектілерін де бөліп көрсеттік: салыстыру, талдау, бағалау, интерпретация (түрлендіру), тестілеу, қорытындылау.
Енді осы әдістердің әрқайсысына және оларды қолдану арқылы жүргізілген жұмыстарға қысқаша сипаттама беріледі.
Кез келген зерттеу бақылаудан басталады. Бақылау - әр ғылымның негізгі әдісі. Тәртіпті бақылау педагогикалық диагностиканың басты әдісі болып табылады. Мұғалімнің өз оқушыларын жүйелі бақылауы диагностикалық әрекет болып табылады. Ғалымдар бақылау туралы өз пікірлерін «біз әлеммен қатынасты барлық ішкі дүниемізбен сеземіз және оның көмегімен керекті білімді қабылдап аламыз. Осы негізде бақылау әлемді танудың бір әдісі ретінде біздің қабылдауымызға қарай еркін түрдегі бақылаудан ғылыми бақылауға өтуі мүмкін» деп білдіреді.
Педагогтар басқа әдістерді қосымша ретінде қолданса, бұл әдісті өте жиі немесе үнемі қолданады. Бақылау басқа әдістер арқылы анықтау мүмкін емес ақпараттарды береді, себебі:
- респонденттер кейбір жағдайларда ақпарат беруден бас тартады немесе жалған ақпараттар беріп жатады;
- респондент жауап беру барысында зейіні белгілі бір белгіленген құрылымға бағытталады, яғни өзінің жауабында ескермеуі мүмкін емес;
- көбінесе үшінші адам туралы ақпарат алу талап етіледі, осы сәтте ол қиын және қолайсыз болып табылады.
Сондықтан зерттеу – бақылаудың маңызыдылығын былай ашып көрсетуге болады:
-нақты бір ғылыми мақсаттылыққа сүйенеді, ғылыми теория шеңберінде мақсатты және жүйелі түрде өтеді;
-жүйелі түрде жоспарланады және жағдайдың еріктілігіне бағынбайды;
-жүйелі түрде жазба жұмысы ретінде де жүргізіледі;
-оның жарамдылығы мен нақтылығы қадағаланады, қайта тексеріледі.
Ғылыми бақылау бірнеше формаларды қарастырады:стандартты емес және стандартты бақылау; іштей және сырттай бакылау; жүйелі бақылау. Стандартты бақылау қойылған тапсырмаларды азайтады. Бұл жағдайда тәрбиешілер мен мұғалімдер стандартты формадағы бақылауда олар әріптестер мен қызметтестерінің сабақтарын бақылау арқылы және өздерінің жұмыстарына жүргізілген бейне жазбаға жазылғанды көру кезңі жатады. Сырттай бақылауда бақылаушы жағдайды сырттан қадағалап отырады, бақылау процесіне өзі қатыспайды. Ал, іштей бақылауда ол тікелей әлеуметтік басты рольді атқарады. Ол бақылау топтарының арасында әрбір жағдайларға қатысып жүріп, әрбір топ оны бақылаушы ретінде емес, қатысушы ретінде қабылдайды. Мұғалім сабақ үстінде әр оқушыны жекелей бақылауға мүмкіндік алады. өйткені мұғалім балаларға сабақ үстінде бір нәрсені түсіндіруде, кеңес беруде және оларға көмектесуде тікелей әсер етеді. Сырттай бақылауда, егер мұғалім жай ғана балалардың ойынын бақылап отырса немесе басқа да өзінің әріптестерінің сабақтарына қатысқанда, сыртай бақылай жүру жатады. Ол сынып жұмысынан тест алу, сауалнама және т.б. қарапайым бақылау көмегімен де жүзеге асады.
Сонымен жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалау оқу- тәрбие әдісінің білім беру, тәрбиелеу, дамыту кезеңдерін де қамтиды.
С.А. Батова жеткіншектердің құқықтық санасының қалыптасуына және дамуына әсер ететін күрделіфакторлар жүйесіне – әлеуметтік- экономикалық жағдайларды; қоғамдық-саяси қондырғыларды, идеологиялық іс-әрекеттерді, заңгерлік тәжірибе жүйесін, білім алушыларды әлеуметтік іс- әрекетке қатыстыратын микроорталарды, тұлғалық әлеуметтік-маңызды қасиеттерді, демографиялық ерекшеліктерді, идеялық-тәрбиелік жұмыстарды және т.б.» жатқызады
Жоғарыдағы көрсетілген факторлардың әсерін сипаттай отырып, сонымен бірге мынадай элементтерге ерекше мән беруге болады:
• құқықтық білім;
• құқық туралы түсінік;
• қолданыстағы құқыққа қатысты көзқарас;
• құқыққа қойытылатын талаптар;
• құқықтық талапты орындауға қатысты ой-пікірлер. Бұл элементтер бір- бірімен өте тығыз байланысты және біріне-бірі тәуелді болады. Бұларды да құқықтық тәрбие беруде ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет