Лекция №1 Кіріспе. Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің кұрамды бөлігі



бет2/16
Дата23.09.2022
өлшемі129,95 Kb.
#39977
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Лекция ТЖТӘ

Тəрбие міндеттері мен қызметтері
Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
– әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
– педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты үдеріс. Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер, қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік-мәдени (өмір және әрекет-қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сәйкестігімен (көңіл-күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді. Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік үдеріс.
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
«мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік үдеріс» мəні - үдеріс нақты мақсаты болғанда ғана тәрбие деп аталуы мүмкін. «əлеуметтік үдеріс» мəні – тәрбие әрқашан адамды ұнамды өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-әрекеттердің арнайы түрі. «тұлға қалыптастыру» мəні – бұл тәрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай жасау, тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, әкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет және тәрбиеленушінің жауап іс-әрекеті. «арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе» мəні: неліктен жүйе? Себебі практикалық іс-әрекет үдерісінде қандай да жалғыз әдіс, тәсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бәрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нәтижесі тиімді болады. «тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері» мəні – тәрбие үдерісі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нәтижесі жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.
Тәрбие үдерісінде ықпалдасты іс-әрекеттердің арқасында тәрбиеленуші ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тәжірибені игереді. Осыдан, тәрбиелеушінің басты міндеті – оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті әрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, тәрбие – әрқилы іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру үдерісі. Тәрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық іс-əрекеттік атауын алған. Оның мәні: адам барша әлеуметтік тәжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, әрі қызықтысын таңдайды.
Тұлғалық – іс-әрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:
- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бәрінің негізі – ортақтасу (общение):
- іс-әрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
- тұлға дамуы мен әлеуметтенуі.
Гуманистік педагогикада тәрбие – көзделген мақсатқа жеткізуші тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік үдерісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет