Лекция №1 Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі Жоспары


Диалогтік оқыту технологиясының белгілеріне



бет16/21
Дата15.11.2023
өлшемі460,5 Kb.
#123346
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Тіл дамыту

Диалогтік оқыту технологиясының белгілеріне:

  1. Бір тақырыпқа қарай түрлі көзқарастар мен пікірлерді қарастыру;

  2. Мұғалім мен оқушының арасындағы өздерінің пікірін дәлелдеуге, нақтылауға арналған өзара сыйласымдыққа негізделген ерекше қарым қатынас;

  3. Оқушының өзіндік ойлауы мен өзіндік көзқарасын, оқушының жеке басын құрметтеу;

  4. Оқушының арасында өзара пікірталастық көзқарастардың көп болуы;

  5. Диалогтар арқылы оқушыға беймәлім ақпараттарды, сөйлесу формалары мен үлгілерін үйрету;

Оқушылардың тілдік қатысым әрекетін белсендіруге арналған түрлі тапсырмалар беру жатады. Қатысымды-ақпаратты деңгейдің мақсаты оқушыларға дайындық кезеңіндегі лингвистикалық мақсатты, тілдік заңдылықтардың өзіндік ерекшеліктерін меңгерту, үйрету және соның барысында оларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру. Қатысымды-ақпаратты деңгей сауат ашу кезеңіне дейін жүргізіліп,сабақтар диалогтық оқыту технологиясы негізінде жүргізілді. Бұл деңгейде оқушылар сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге, өз ойын жеткізуге, сынып алдында тұруға, сөйлеуге үйренеді. Диалогтық оқыту технологиясы – оқушылар мен мұғалімннің шешімді бірге іздеуін, оқыту процесінде өзара белсенді тілдік қатынаста болуын, бір-бірінің пікірін, ойын, көзқарасын сыйлауға, құрметтеуді қажет ететін жаңа инновациялық амал-тәсіл. Диалогтық оқыту технологиясының дастүрлі оқытудан мынадай ерекшеліктері бар:

    1. Оқушылардың бір тақырыпқа қарай түрлі көзқарастар мен пікірлер білдіруі;

    2. Мұғалім мен оқушының арасындағы өздерінің пікірін далелдеуге, нақтылауға арналған өзара сыйласымдыққа негізделген ерекше қарым-қатынас туғызуы;

    3. Оқушының өзіндік ойлауы мен өзіндік көзқарасын, оқушының жеке басын құрметтеу;

    4. Оқушылар арасында өзара пікірталастық көзқарастардың көп болуы;

    5. Диалогтар арқылы оқушыға беймәлім ақпараттарды, сөйлесу формалары мен үлгілерін үйрету;

    6. Оқушылардың сабақта өзара тілдік қатысым әрекетін белсендіруі.

Диалогтық оқыту технологиясына негізделген сабақтарды оқушылар бір-бірінен сұрауға, өз ойын дәлелдеуге дағдыланды. Диалогты оқыту технологиясына негізделген жұмыстар жүйесі оқушылардың өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне қарай түрлендіріліп берілді. Диалогтық оқыту технологиясы қолданылған сабақтарда оқушылар мынадай тапсырмаларды: « Өзара диалог жүргізу», «Досыңнан сұхбат ал», « Моделмен жұмыс» орындады.
«Өзара диалог жүргізу» тапсырмаларында оқушылар белгілі бір тақырып бойынша (өзінің жанұясы,үй жануарлары туралы т.б ), суреттердегі сюжеттер бойынша әңгімелесіп, өздерінің ойын, пікірін жеткізуге үйренеді. «Досыңнан сұқбат ал» тапсырмаларында өзінің сыныптас достарынан болашақта кім болатыны, иектеп және сыныптастары және т.б мәселелер туралы сұрақты дұрыс қоюды, қойған сұрақтарына жауап алуды меңгерді. «Моделмен жұмыс» тапсырмаларында өзінің ой пікірін дәлелді айтуға, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға дағдыланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет