Пайдаланатын әдебиеттер:
Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. Алматы, 1997.
Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. Алматы, 1997.
Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. Алматы, 1978.
Сүлейменова Э.Д. т.б. Тіл ұстарту. Алматы, 1996.
Жапбаров А. Оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2002.
Бақылау сұрақтары:
Балабақшадағы балалардың тілін дамытудың әдістері мен тәсілдері.
Балалардың тілін дамытудың әдістері мен тәсілдері туралы жалпы түсінік. Құралдарды классификациялау: көрнекілік,сөздік,практикалық әрекет,оларға жалпы сипаттама.
Әдістердің үш тобы - сөздік, көрнекілік және практикалық.
Көрнекі әдістерге сипаттама.
Тіл дамыту сабақтарындағы көрнекілік түрлері.
Көрнекілік түрлерін қолдана отырып түрлі тілдік және танымдық міндеттеді шешу. Сөз бен көрнекіліктің байланысы.
Сөздік және көрнекілік әдістердің ара қатынасы
Балалардың тілін дамытудағы практикалық әдістер, оның дағдылары мен іскерліктерді қалыптастыруда қолдану. Практикалық әдістердің сан алуандығы.
Тіл дамытудағы әдістемелік тәсілдер.
Сөздік, көрнекілік, ойын тәсілдері, оларға сипаттама.
Үйретушілік роліне қарай тәсілдерді негізгі және жанама ретінде қарастыру.
Лекция № 12
Лекция тақырыбы: Байланыстырып сөйлеуді дамыту әдістемесі.
Жоспары:
1. Тіл дамытуда байланыстырып сөйлеуге қатысты мәселелер.
2. Байланыстырып сөйлеу мәдениеті.
Лекция мақсаты:
Студенттерді тіл дамытуда байланыстырып сөйлеуге қатысты мәселелер мен
байланыстырып сөйлеу мәдениетімен таныстырып, жұмыс жүргізуге үйрету.
Тілдің синтаксистік жағын байланыстырып сөйлеу әңгімелесуге үйрету процесі арқылы жетілдіріледі. Тіл дамытуда балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынадай мәселелерге баса назар аударылады. Сурет бойынша әңгіме құрастыруда өз ойын жүйелі, анық түсінікті жеткізе білуге үйретіледі. Екіншіден логикалық тапсырмаларды орындағанда баланың баиланыстырып сөйлеуіне баса назар аудару қажет. Үшіншіден оқылған шығарманың мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяандай білуге төселдіру керек. Байланыстырып сөйлеуді дамытуда сөздік жұмысы, сөйлем, әңгіме құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Ертегі мазмұнына сәйкес салынған суреттерді пайдаланып әңгіме құрастыру, ертегіні сақыналау, оқылған шығарманы монологтық сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Ал диалогтық сөйлеу күнделікті қарым-қатынаста, ойында, серуен кезінде жүзеге асырылады. Мұның өзі баланың қолйылған сұраққа жауап беруіне өзіндік ықпалын тигізеді. Тілге қойылады негізгі талаптың бірі- оның мазмұндылығында. Тіл дамыту сабағында тәрбиеші- мұғалім эмоцианалды түрде ұйымдастырса, ол әр баланың сөйлеуін қамтамасыз етеді, яғни балаға сөйлеу қажеттілігін тудырады.Оқылған шығарманың мазмұнын айтып беруге үйрету, сол топтағы балалардың байланыстырып сөйлеу денгейіне, қойылған мақсатқа да байланысты. Тәрбиеші- мұғалім айтқан ертегісін зей ін қоя тыңдап, мазмұнын ауызша қайталап айтуда, әңгімелеп беруде грамматикалық тұлғада дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйретіледі. Шығармадағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлер туралы әңгімелегенде, жақсылықтың жамандықты жеңгенін, сол кейіпкердің орнында өзің болсаң қайтер едің? Деген сияқты қызықтыратын жетекші сұрақтар қоя отырып, ой-қиялын, логикасын дұрыс жүйелеп, шығармашылықпен әңгімелеп айта білуге жаттықтырылады.
Байланыстырып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарларланған сабақтарда, сабақтан тыс ойын сәттерінде шығармаларды сахналандыруда, ертеңгіліктер өткізуде дамытылады. Әсіресе әр түрлі мамандық иелері туралы «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында балалар кейін кім болғысы келетінін сұрақтарға диалокты, маналогты сойлеуге үйретуде сөздік жұмысы үнемі, жүйелі жүргізіліп отырылады. Тілдің қатынастық сапасын анықтауда балалардың алған білімдерінің жүйесі мен шығарма мазмұнының тәрбиелік мақсатына назар аударылады. Сөйлеу процесін дұрыс жолға қою – ана тілінің әдістемесін жүзеге асырудың алғы шарты. Тіл дамыту сабағының эмоционалды түрде ұйымдастырылуы әр баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді, яғни балаға сөйлеу қажеттігін тудырады. Оған дидактикалық ойындар, таныс суретті кітапшалармен жұмыс, көңілді кейіпкерлер, сүйікті образдар әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |