Лекция №1 Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі Жоспары



бет11/21
Дата15.11.2023
өлшемі460,5 Kb.
#123346
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Тіл дамыту

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. Алматы, 1997.

  2. Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. Алматы, 1997.

  3. Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. Алматы, 1978.

  4. Сүлейменова Э.Д. т.б. Тіл ұстарту. Алматы, 1996.

  5. Жапбаров А. Оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2002.



Бақылау сұрақтары:



  1. Сөйлеу әрекетін игеруде қолданылатын әдістер, оны іске асырудың тиімді амал-тәсілдері.

  2. Сөйлеу әрекетінің қоғаммен байланысы, оның әлеуметтік жағы.

  3. Сөйлеу мәдениетіне негізделген тілдік қатынастың тәрбиелік мәні мен ролі, оның маңызы.

  4. Балабақша балаларының сөйлеу әрекетін қалыптастыруда тілдік қатынастың алатын орны.

  5. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар.

  6. Сөйлеу қарқыны, сөйлеу мәнері құралы ретінде анықтау.


Лекция № 7-8
Лекция тақырыбы: Тіл дамыту сабақтарындағы көрнекіліктер.


Жоспары:

    1. Балабақша балаларының тілін дамытуда қолданылатын көрнекіліктер.

    2. Балабақша балаларының тілін дамытуда қолданылатын көрнекіліктің түрлері.

Лекция мақсаты:
Студенттерге балабақша балаларының тілін дамытуда қолданылатын көрнекіліктер мен олардың түрлері, негізгі қызметі жайлы мағлұмат беру.

Балабақша балаларының тілін дамытуда көрнекілік ерекше орын алады. Өйткені, көрнекілік – заттың бейнесі. Заттың бейнесі арқылы затты танытуға болады. Заттың бейнесі арқылы бала ол затты таниды, қабылдайды, есте сақтайды, ол туралы ойлайды. Көрнекілік бейне үнемі өмірдегі нақты затқа негізделе бермейді,қиялдан тууыда мүмкін. Мәселен, балаларға арналған ертегілердегі дәуірлердің, жалмауыз кемпірдің суреті қиялдан туған деуге болады. Бірақ баланың есінде ол сақталы, бала оны солай қабылдайды, ол бала ойынан орын алады. Бұл – көрнекіліктің күші.


Көрнекілікті оқытуда, тәрбиеде қолдану – баланың ішкі дүниесіне сыртқы әсердің бір түрі, оны оқытушы – тәрбиеші білім берудің бір түрі ретінде қолданады. Әрине, көрнекілік сөзсіз жеке қолданылмайды. Сөз бен көрнекілік – тіл дамытудың күшті құралы. Көрнекілік сабақты түрлендіреді, балалар оны білгісі келеді,сабаққа деген ынта пайда болады, сөйлесуге жаңа жағдай жасайды.
Оқытушы-тәрбиеші көрнекілікті қолдануда мына мәселелерге көңіл бөлуі керек:

    1. Көрнекілік үйретілетін мәселелеге нақты сай келуі керек.

    2. Көрнекіліктің мазмұны үйретілетін заттың мазмұнына қаншалықты сай келетініне ерекше мән берілу керек.

    3. Көрнекілік бұрын белгілі тақырыпты қайталау үшін бе, жаңа тақырыпқа қатысты ма, оған да мән берілу керек.

Көрнекілік баланың жасап отырған әрекетінің мақсатына, соның құрамына сай болып, оны меңгеруге көмектесетіндей болуы керек, сонда баланың әрекеттері бір-біріне сай келсе, көрнекілік білімді меңгеруге көмектеседі. Баланың әрекеттері бір-бірімен байланысты болмаса, онда көрнекілік пайдасыз болады. Бұл көрнекілікті орынды қолдану керек екенін дәлелдейді.
Оқуда, тәрбиеде, балабақшада көрнекіліктің бірнеше түрі қашаннан қоланылып келеді. Орыс тілін оқыту әдістемесінде ғалымдар көрнекіліктің мына түрлерін көрсеткен:
«Применение наглядности является одним из основных дидактических принципов обучения. На ураках русского языка в национальной школе широко используется следующие виды наглядности: натуральная (показ предметов), графическая (схемы, таблицы),изобразительная (иллюстрации, фотографии, картины, рисунки)».
Көрнекілік туралы қазақ тілінің әдістемешілері Қ.Оралбаева, Қ.Жақсылықовалар жоғары пікірде болған. Олар: «Көрнекілік әдісі – оқушылардың тілін дамыту, өткен материалдарды бекіту үшін ұтымды әдістердің бірі», - деген.
Балабақша балаларының тілін дамыту үшін көрнекіліктің мына түрлерін ұсынамыз:

      1. Заттың өзін қолдану.

    1. Муляждар, ойыншықтар.

    2. Фотографиялар.

    3. Суреттер.

    4. Техникалық құралдар.

Көрнекіліктердің атқаратын қызметтері әр алуан. Мәселен, сабақта балаға түсініксіз жағдай идея, бұл өмірде кездестірмеген нәрсе, оқиға туралы түсінік беру қажет болса, онда оны көрнекілік арқылы түсіндіру, білгізу керек. Мысалы, сабақта біздің елімізде жоқ аңдардың аты кездесіп қалса, онда олардың суретін көрсету немесе зообаққа апарып көрсету, түсіндіру қажет болады, диафильмдер арқылы таныстыруға болады.


Сондай-ақ балаларға оқылған тақпақ, әңгіме авторлары кім деген сұрақ туа қалса, олардың суретін көрсету де көрнекілікке жатады. Бұлардың бәрі баланың дүниетанымын кеңейтеді, сөздік қорын байытады, санасын жетілдіреді, ойын дамытады.
Есте боларлық жағдай көрнекілік тақырыпқа сай болуы шарт, өйткені көрнекілік әйтеуір көрнекілік үшін емес. Ол шарт орындалмаса, ол көрнекіліктен пайда жоқ.


Заттық көрнекілік

Баланың заттың болуы, атын білуі отбасынан басталады. Бала анасының, үйдегі басқа адамдардың сөзі арқылы үйдегі заттың атын үйренеді, ол – тамақтардың аттары, ыдыстардың, киімнің, төсек-орынның, үй жиһаздарының аттары, үй жануарларының аттары (ауылда – мал, төл аттары, қалада-мысық, ит, күшік аттары) жеміс, көкөніс аттары т.б. Бала балабақшада оларды толықтырады. Ғалымдар оны тәрбиешінің балабақшамен таныстыруынан бастауды ұсынады. Бұл отбасында таныған сөздерді бекітеді, таныс емес заттардың атын қосып, сөздік қорын байытады. Бірақ барлық жағдайда балаға затты көрсетіп, ататып отыру керек, бала білмегенін тәрбиешіге айтып, балаларға қайталатуы қажет. Осы тәртіппен ойыншықтар да таныстырылады.


Әр кезде тамаққа отырғанда, тамақ ішетін жердегі жиһаздар, ыдыстар, тамақ аттары қайталанып, күрделене түсуі керек. Балаларды далаға таза ауада ойнауға, демалуға шығарғанда да, ондағы заттармен бала таныстырылады, ол әткеншек пе, гүл ме, құм ба, ағаш па бала бәрін білуі керек және олар күнде түрлі жағынан қайталанып отыруы керек.
Балабақшаның іші, тысындағы заттар таныстырылып қана қоймайды, олар күнде түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қайталанып отыру арқылы ол сөздер баланың белсенді сөздігіне айналып, күнделікті қолданыс арқылы олардың аттары да, қолданылуы да есте сақталып, басқа жағдайда қарым-қатынаста еркін қолданылатын дәрежеге жеткізіледі.
Барған сайын таныстырылған заттардың бөлшектерінің аты, түсі, көлемі, саны т.б.қасиеттері де сұрақ-жауап, сөйлесім, әңгімелесу сияқты қатысымдық әдіс арқылы тіл дамытылады.
Балабақша балалары үшін экскурцияның да маңызы зор. Экскурсия белгілі мәселеге байланысты ұйымдастырылады, ол, әрине, бағдарламаға байланысты.
Балалар табиғатқа шығуды қатты ұнатады, ол белгілі. Сондықтан балалардың табиғатқа деген құштарлығын пайдаланып, оны дұрыс бағыттап жақсы нәтижеге жетуге болады. Әрине, балалар табиғатқа экскурсияға шыққанда, көптеген табиғат заттарымен таныстырылады, олардың аттарын ғана біліп қоймайды, байқау арқылы олардың алуан түрлі түсімен, сырымен, қасиетімен танысады. Оны сөз ғана емес, білім деп білу керек.
Эскурциялар ботаникалық бақтарға, тау жаққа, өзенге, көлі бар жерде көлге баруда да ағаштардың түрлері, гүлдердің түрлері, саңырауқұлақтар, жәндіктер, шөптер, олардың түрлерінің, түстерінің аттарын ататып, олардың пайдасы туралы әңгімелесу де балалардың сөздік қорын байтады, әңгімелесуге, сөйлесуге жаттықтырады.
Бала есінде ол деректер сақталу үшін, олардың суретін қолданып, әңгімелер оқып, тақпақтар жаттау жұмыстарын жоспармен әр кезде жүйелі жүргізу оларды әбден меңгеруге көмектеседі.
Балалар көрген-білген заттарды ойын түрлері арқылы бекітуге, дамытуға юолады. Бұл әрі қайталау, әрі қайталау арқылы бекіту, дамыту қызметін атқарады.


Тіл дамытуда муляжды ойыншықтарды қолдану әдісі

Өмірде бар бала білуге тиісті заттардың бәрін балаға тікелей көрсетіп қана білгізу барлық жағдай да мүмкін бола бермейді. Сондықтан мұндай жағдайда муляжды ойыншықтарды қолдануға болады. Қазіргі кезеңде ойыншықтың түрлері өте көп, олар баланы қызықтыратындай әдемі, ашық түсті, көркем жасалған. Балабақшада ойыншық қоры жеткілікті болуы керек. Өйткені, ойыншық балаға бұрын таныс заттардың бейнесінде болған кезде олармен қайталау мақсатында талай жұмыстар жүргізіледі.


Ойыншықтармен тіл дамыту үшін әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Олар: 1) таныс емес затты таныстыру; 2) таныс зат туралы білімін кеңейту.
Ойыншық тіл дамыту құралы ретінде мына жағдайларда керек:
Көркем шығарма, әңгіме оқығанда, балаларға таныс емес заттар кездескенде, оның бейнесіндегі ойыншықты көрсету арқылы балада белгілі сезім қалыптасады. Ол туралы жазылған әңгіме бала ұғымын толықтырады.
Ойыншықтарды тіл дамыту мақсатында қолданғанда мына мәселелерге көңіл бөлу керек:
1. Ойыншық тақырыпқа сай болу керек.
2. Ойыншық сөзсіз қолданылмайды, әр ойыншықпен сөйлесім бірге жүреді.
3. Ойыншық бірнеше рет қолданылады, сонда ол ауысып тұрса, ол бала назарын тарта алады.
4. Ойыншық бала назарын тартатындай әдемі, ашық түсті болғаны дұрыс.
5. Қазір дыбысты ойыншықтар да бар, олар баланы жақсы қызықтырады.
6. Ойыншықтар бірнеше рет қолданылғанда, әр түрлі сөздермен қолданылуы керек.
Бірде оның үлкен-кішілігі, қай жерді мекендейтіні, не жейтіні туралы сөз болса, екіншіде түр-түсі, пайдасы, зияны, баласымен қарым-қатынасы, үшіншіде ол аң туралы тақпақ, не қысқа әңгіме, ертегі, мақал-мәтел үйрету сияқты әр ретте жұмыс түрі өзгеріп отыру керек. Ол бала назарын кемітпейді.
7. Ойыншықпен түрлі сөйлесім (тілдік) жағдай жасалу керек. Ойыншық түрлі сөйлесім жағдай жасауға өте қолайлы. Сондықтан тәрбиеші тіл дамыту үшін оны жақсы пайдалануы керек.


Тіл дамытудағы суреттердің қызметі
Сурет арқылы тіл дамытуды барлық әдістемеші ғалымдар жоғары бағалаған.
Мәселен, орыс тілінің методикасында суретті көрнекіліктің бір түрі деп көрсеткенін мына үзіндіден көруге болады.»В активизации языкового материала, формировании речевых навыков учащихся нерусских школ велика роль изобразительно-художественной наглядности, к которой относятся рисунки, картины, открытки, процесс обучения развивают внимание, активность, наблюдательность, познавательные и творческие способности учащихся».
Сурет мәтінмен де,мәтінсіз де қолданыла береді, суретті ауыстыру да жеңіл. Ал, балабақшада балалары үшін сурет қызықты ғана емес, өмірді танымын кеңейтеді, ақыл ойын дамытады, сөздік корын байытады, тілін дамытады. Сондықтан да балабақша әдістемеші ғалымдары суретті тіл дамытуды колдануды ертеден-ақ ұсынған,балабақша мамандары тіл дамыту тәжірибесінде суретті ертеден қолданып келе жатыр. Оған дәлелдер келтірейік.
Суреттің тіл дамытуда екі түрі қолданылады, олар: 1) жеке заттың суреттері; 2) мазмұнды суреттер. Олар мына екі жағдайда қолданылады: жеке заттардың суреттері 1) заттардың өзімен түрлі жағдайда таныстырылғаннан кейін оның түрлі қасиеттермен таныстыру үшін қолданылады; 2) заттың өзін тікелей таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, ол зат сурет арқылы таныстырылады.
Мазмұнды сурет балабақшаның ересектер тобында қолданылады. Мазмұнды суреттерге қатысатын обьектілер көп болады.
Мазмұнды суретті алғаш рет ішінде обьектілері аздан бастап қолданып, бірте-бірте күрделендірген дұрыс. Бұл дидактиканың «жеңілден ауырға» деген ұстанымына сай болғаны дұрыс. Сондықтан мазмұнды суретті әр мәселемен тақырыппен байланысты қолдануға болады. Суретті сабақта қолдану үшін, ол мына талаптарға сәйкес келуі керек:
1. Сурет графикалық жағынан сауатты орындалып, шындық өмірге сай келуі керек.
2. Сурет баланың жас ерекшелігіне, түсінігіне сай болуы қажет.
3. Суретті көрсету баланың ынтасына байланысты болуы, баланың әрі қарай суретті
көргісі келмегенде зорлауға болмайды.
4. Суретті қолдану дидактикалық қажеттілікпен байланысты болуы керек.
5. Суреттер біркелкі, қайталанбау керек.
6. Суретті қолдану тек көрсету емес, сурет бойынша сөйлесуді көздейді.
7. Сурет орнықты тақтада күнге, жарыққа қарсы орналастырылып, балалар оған
қарсы қоршай отырысады.
8. Сурет таяқша арқылы көрсетіледі.
9. Суретті қолдануда тәрбиеші нені білгізу қажет болса, балаларды соған бағыттап,
жақсы нәтижеге жетуге бастаушы болуы керек.

Суретті әңгімелеуде, суретті сабақта қолдануда мына мәселелерге назар аудару керек:


1. Заттың аты, заттың бөлшектерінң аты, суретте оның қандай жағдайда екені.
2. Заттың сапасы, саны, түрі, түсі, белгілері.
3. Заттың саны.
4. Заттың қай мезгілге жататыны.


Фотографияларды тіл дамытуда қолдану

Фотографиялардың баланы қоршаған ортамен таныстыра отырып, тіл дамытуда атқаратын нақтылық мәні күшті, открыткаларды да сол мәндес деп санау керек. Қазіргі заманда фотографиялар мен открыткаларды барлық тақырыпқа табуға болады. Фотографияларды тәрбиешілер өздері сабақ тақырыбына қарай өзі де түсіріп дайындауы қиын емес.


Мәселен, жеңіс күні мерекесіне балалардың соғыста болған аталарының суреттерін алғызып, олар туралы әңгімелей отырып, жеңіс туралы тақпақтар жаттатып, Отан соғысы, Жеңіс күні туралы балаларға түсінік беріп, сөздік қорын молайтып, ол туралы әңгімелей, әңгімелесе отырып отаншылдық сезім туғызуға болады.
Фотографиялар, открыткалар тақырып бойынша конверттерде сақталуы керек.


Техникалық құралдарды қолдану әдісі

Қазіргі заманда оқудың барлық түрінде техникалық құралдар кең қолданылады. Сондықтан балабақшада тіл дамытуда да техникалық құралдарды қолдануға толық болады және ол өте пайдалы.


Техникалық құралдар баланың көруіне, естуіне әсер етіп, есте сақтауға екіжақты әсер етеді. Бұл, әрине, тек көру арқылы есте сақтаудан күшті. Олар қазір түрлі-түрлі: экранды құралдар: кино, теледидар, видеомагнитафон; дыбысытық құралдар: магнитафон, радиопремник, компьютер, теледидар. Бұл құралдар қозғалмайтын, қозғалатын болып екіге бөлінеді.
Қозғалмайтын көріністі эпидаскоптар көрсетеді. Олар диафильмдерді және сурет, открыткалар, фотографияларды өте үлкейтіп көрсетеді. Эпидоскоппен көрсетілген түрлі көрнекіліктерді тәрбиеші айтып, түсіндірумен бірге, балаларға сұрақ қойып, жауап алып, пікірлесім түрінде өткізеді.
Бұл жұмыс – сурет, открытка, фотографиямен жұмыстың бір түрі, оны қайталау ретіндегі жұмыстың түрі. Өйткені, суретті, открытканы үнемі көре беру балаларды мезі етеді, балалар оған көп қолданылса, назар аудармауы, көңіл бөлмеуі мүмкін, сондықтан оларды әр түрлі техникалық құралдармен араластыра, әр кезде әр түрлі көрсету балаларды жалықтырмайды, қайта қызықтыра түседі. Суретті, открытканы, фотографияны қолдануда қатысымдық әдіс толық қолданылуы керек. Яғни, айтылым, тыңдалым, сөйлесім, пікірлесім арқылы көрнекіліктердің мазмұны ашылып, олар қатысым қызметін атқаруы қажет.
Балабақша балаларының тілін дамытуда эпифильмнің қызметі күшті орын алады. Эпифильмде бір-бірімен мағынасы жағынан байланысты, бір сюжетке жататын суреттер мен открыткалар, фотографиялар болады. Олар бір көрсетуде 3-4 кадрдан аспайды. Әр кадр жеке әңгіме болады. Балалар оның жалғасы бар келесі кадрды күтіп отырады. Бұл балалардын назарын басқа жаққа аудармайды. Балалар эпифильмдерді өте ұнатады, сондықтан эпифильмдер тіл дамытуда жақсы қызымет атқарады.
«Диафильм» студиясы шығарған диафильмдер қазір оқыту ісінде жоғары бағаланып жүр, олардан балабақша балаларының жасына сәйкесін таңдап алуға болады.
Диафильмдер қолданысқа өте қолайлы, оны керек жерінде тоқтатып, бір бөлігімен әңгіме жұмысын өткізіп, келесі бөлімге көшуге болады. Әр кадр соңындағы мәтінді балаларға айтып беруге болады.
Диафильмдердің қолайлы тағы бір ерекшелігі – оны дыбыстандыруға болады. Диафилмьді дыбыстандыру үшін, тәрбиеші фильм сюжетіне қатысты мазмұнды магнитофонға жазып, бірге көөрсетуіне де болады. Сонда диафильм дыбысты болып шығады. Бұл балалар үшін өте қызықты, әсіресе, жан-жануарлар туралы ертегі фильмдерге магнитофон қосқанда балаларды өте қызықтырады. Ал, қызығу-оны менгерудің алғы шарты, олай болса, ол тіл дамытуда жақсы қызымет атқарады.
Қазіргі заманда, кино, теледидарда балалар тілін дамытуда үлкен қызмет атқаратын телехабарлар, мультфильмдер, балалар кинолары да баршылық, фильмдерді компьютерлер арқылы көрсету де жузеге асып келеді.
Көрнекіліктердің маңызды бір түрі дыбысты техникалық құралдар-магнитофон, бұл құралды қолдану қиындық туғызбайды, ол қымбат емес.
Магнитофон тіл дамытуда түрлі қызмет атқарады:
1.Магнитофонға әр кезде балаларға үйретілген, топ-топ сөздерді тәрбиеші өзі жазып, кейін балаларды магнитофонға қосылып айтқызып отыру арқылы балалардың сөзді қайталауын қамтамасыз етеді және сөздің дұрыс айтылуын қамтамасыз етіп, орфоэпияны дұрыс қалыптастырады.
Оны сөз ғана емес сөйлемге де қолдануға болады. Мәселен, мақал-мәтелдер, жұмбақтар.
2.Тақпақ жаттатуда магнитофон үлкен қызмет атқарады, ол тәрбиешіге де үлкен көмек. Өйткені, бала магнитофонға жазылған тақпақты тәрбиешінің көмегінсіз магнитофон арқылы жаттай алады.
3.Ертегілерді магнитофонға жазып, балалар оны бірнеше рет тыңдап, өзінше әңгімелеуге дайындала алады.
4.Магнитофонға жазылған әнге, балалар қосылып, әндерді үйренеді, өнерге бейімделеді, ән өнеріне сезімі артады.
Осы тамаша мүмкіндіктерді балабақшада тіл дамыту үшін толық пайдаланып отыр деп айта алмаймыз. Олар өте құралдар, сондықтан оларды іске қосу міндетті деп санаймыз.
Қорыта келгенде, бала тілін дамыту да көрнекіліктің барлық түрі балабақшада қолданылуы керек. Көрнекіліктер балалар тілін дамытуда үлкен қызмет атқарады. Қысқаша олар төмендегідей:
1. Көрнекіліктер бала назарын өзіне тартқыш, назар қою оны түсінуге, меңгеруге жол ашады, сол арқылы көрнекіліктер пайдалы.
2. Көрнекіліктің барлық түрі балаларды қызықтырады, бала қызыққан нәрсесін тез меңгереді.
3. Көрнекіліктер әрі көру сезіміне, әрі есту сезіміне әсер етеді. Бала көзбен көрген нәрсені ұмытпайды, оған есту қабілеті қосылып, есте сақтауды күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет