Лекция №1 Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі Жоспары



бет2/21
Дата15.11.2023
өлшемі460,5 Kb.
#123346
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Тіл дамыту

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. Алматы, 1997.

  2. Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. Алматы, 1997.

  3. Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. Алматы, 1978.

  4. Сүлейменова Э.Д. т.б. Тіл ұстарту. Алматы, 1996.

  5. Жапбаров А. Оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2002.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мамандарын даярлау жүйесіндегі «Балабақшада балалардың тілін дамыту әдістемесі» курсының орны.

  2. Тіл дамыту әдістемесі курсын оқытудың негізгі міндеттері.

  3. «Сөйлеуді қалыптастыру» және «Тіл дамыту» ұғымдарының мазмұны.

  4. Сөйлеу қызметі.

  5. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негіздері.



Лекция № 2
Лекция тақырыбы: Тіл ұстартудың мақсаты және мазмұны мен жүйесі.


Жоспары:

  1. Тіл ұстару жұмыстары жайлы тілшілердің пікірлері.

  2. Балабақша балаларының тіл дамыту жұмыстарының мақсаттары.



Лекция мақсаты:
Студенттерге тіл ұстартудың мақсаты және мазмұны мен жүйесін, балабақша балаларының тіл дамыту жұмыстарының мақсаттарын меңгерту.

«Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің нақты, сараптап үйретілерге керек», -деп, А.Байтұрсынов көрсеткендей, ана тілді үйретуді жолға қою 1-сыныптан басталады.


Балаларды мектепке оқыту мақсаттарының бірі – олардың тілін дамыту жұмысы екенін чех педагогі Я.А.Коменский: «Образование должно» обрабатывать ум для мудрости, язык для красноречия , руки дл исполнения необходимых действий – деп сипаттаған болатын.
Ресейде тіл ұстарту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттігі жөнінде әдістемелік нұсқаулар беріп, балаларды өз ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңызын көрсеткен оқымысты Ф.И Буслаев көрінеді.
Ал оқушылардың тіл ұстарту әдістемесінің негізін салып, оны өз алдына ғылым ретінде қалыптастыру қажеттігін анықтап берген – орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский.
К.Д.Ушинский ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытумен байланысты жаттығу жұмыстарының жүйесін құрды. Ол жаттығулардың сатылары мынадай: 1) бақыланған заттарды атау; 2) іс мақалаларын мазмұндау; 3) заттарды салыстыру; 4) сипаттау; 5) болған оқиға жөнінде әңгіме құру.
Педагог-ғалым логикалық ойлаудың жай түрлерінен бірте-бірте күрделісіне, жай сипаттаудан баспалдақтай отырып, хабарлауға көшу дұрыс екенін айта келіп: «Самое полное знакомство с богатсвами народной словесности и самое глубокое знание грамматики, хотя могут обогатить ум учащегося, но не разовых в нем дар слова, если эта душевная сила в свое время была лишена достаточных упражнений»,-дейді де, тіл ұстарту жұмысы жөніндегі жаттығулардың мынадай болу керектігін көрсетеді:

  1. Белгілі тақырыпқа әңгіме құру, оны алғашқы сабақтарда-ақ жүргізіп, бірте-бірте кеңейте беру керек.

  2. Тіл ұстарту жаттығулары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Әрбір жаңа жаттығу өткен жаттығумен тығыз байланысып, сол жаттығуға негізделіп, балаларды бірте-бірте ілгері ұмтылуға жетектей беруі қажет.

  3. Балалар аз-аздан үйренсін, бірақ білгендерінен айырылмай, қайта оны тақырыпты меңгеріп алуға пайдаланатын болсын.

  4. Балалардың тілі дамыған сайын, мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз беттерімен орындалсын. Алғашқы жаттығуларда мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық жұмысын қамтамасыз етіп отырсын.

  5. Жаттығулар балалардың ойын дамытатындай болуға тиіс. Балалар сөздер мен сөйлемдерді тұрған қалпымен жаттамай, оқығандарының ішінен негізгі ой қазығын таба алатындай болсын.

Осындай озат пікірдің лебін қазақ даласына тұңғыш рет жеткізген адам қазақ халқының ұлы педагогі Ыбырай Алтынсарин болды.
Ыбырай қазақ тілінде ең алғаш оқу кітабын жасады. Бұл кітапты Ыбырай тілді шұбарлаған араб, парсы сөздерінен құтылу мақсатында орыс алфавитімен жазды. Орыс алфавитін қолданумен байланысты қазақ тілі орынсыз кірген араб, шағатай сөздерінен тазартады. Орыс әрпімен жазғанымызда, сөзіміз дұрыс жазылатын болады. Қазір молдалар оқытып жүрген араб, парсы, татар тілінде шыққан діни кітаптар бізді кері кетіреді. Таза ойымызды кірлетеді, басымызды құммен толтырады, таза тілімізді шұбарлайды», -деді ол өз кітабында.
Сонымен тіл дамыту деп – балалардың сөздік қорын байтуға, мағынасын түсініп, сол сөздерді дәл қолдана білуге, өз ойларын, пікірлерін екінші біреуге жеке сөйлемдер арқылы, логикалық, композициялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы ауызша, жазбаша дұрыс білдіруге, яғни «нәрсенің жайын-күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айтып беруге» үйрету жұмысын айтамыз.
Бастауыш мектепте оқытылатын тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді:

  1. Оқушылардың бақылағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, нақтылап, салыстыру негізінде балаларды өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету.

  2. Оқушы бойында қазақ тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдылар қалыптастыру.

  3. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге, оны сезініп, құрметтей білуге баулу.

  4. Қазақ тіл ғылымы табысы негізінде оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға септігі тиетін жұмыстардың оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып, ұсыну.

Бастауыш мектепте ана тілін оқыту барысы жеке-жеке айқын мақсаттар көздейтін үш кезеңнен тұрады: 1) сауат ашу, тіл дамыту; 2) оқу, тіл дамыту; 3( грамматика, емле, тіл дамыту.


Оқушылардың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдердің әрқайсысында белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі.
Тіл дамыту мына сияқты бағыттарды қамтуы қажет:

  1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту. Мұнда: а) жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету; б) синонимдермен, омонимдермен жұмыс; в) антонимдермен жұмыс; г) көп мағыналы сөздермен жұмыс; д) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс; е) мақал-мәтел, жаңылпаштарды үйрету; ж) оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру мәселелері қамтылады.

  2. Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс жүргізу.

  3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Мұнда балалар оқығандар мен көргендерінің, естігендерінің мазмұнын жүйелі түрде ауызша айтып, жазбаша баяндауға үйренеді, сондай-ақ ұсынылған тақырыптар бойынша материалдар жинап, жүйелеп, өз жандарынан ауызша , жазбаша әңгіме құрастыруға үйренеді.

Осы бағыттарды әрбір сабақта өтілетін тақырыптарға орай, жеке-жеке де, бір-бірімен байланыстыра да жүргізіп, мұғалімнің жұмыс жоспарының бір бөлігіне айналдыру - тіл дамыту жұмысының дұрыс іске асуының кепілі бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет