Пайдаланатын әдебиеттер:
Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. Алматы, 1997.
Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. Алматы, 1997.
Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. Алматы, 1978.
Сүлейменова Э.Д. т.б. Тіл ұстарту. Алматы, 1996.
Жапбаров А. Оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2002.
Бақылау сұрақтары:
Мектепке дейінгі тәрбие мамандарын даярлауда практикалық әдістердің алатын орны.
Ауызша және жазбаша жаттығу әдістердің бір-бірінен айырмашылығы.
Балабақша балаларының жазбаша сөздік қорларын молайтып, сауаттылығын арттыру мен байланыстырып сөйлеуді дамыту барысында қандай талаптар қойылады?
Ауызша жаттығудың өзіндік ерекшеліктері.
Лекция № 6
Лекция тақырыбы: Сөйлеу теориясы және сөйлеу әрекеті.
Жоспары:
Сөйлеу теориясы туралы түсінік.
Сөйлеу әрекетінің ерекшелігі.
Лекция мақсаты:
Студенттерге сөйлеу теориясы мен сөйлеу әрекетінен жан-жақты мағлұмат беру.
Сөйлеу - қолданыстағы тіл. Сөйлеу кезінде тіл таңбалары сөз грамматикалық заңдылықтарға сәйкес тізбек түзіп тіркеседі. Әдетте, сөйлеу мен тіл арасында шек қойылмай, сөйлеу мәдениеті орнына тіл мәдениеті деп береді, бірақ бұл олардың арасындағы айырмашылықты ескермеуден туған жаңсақ пікір. Сонымен, сөйлеу дегеніміз адамдардың тіл арқылы жүзеге асатын тарихи қалыптасқан қатынасы.
Сөйлеу әрекеті – сөйлеуді жүзеге асыратын адам организмінің психо-физиологиялық жұмысы. Сөйлеуге сана және сөйлеу мүшелер қатынасады.
Өмір, тіршілік адамдардың бір – бірімен араласуын, қарым – қатынас жасауын қажет етеді. Адамдардың қарым – қатынас жасайтын, түсінісетін негізгі құралы – тіл. Дұрыс қарым – қатынас жасау үшін әр адамның сөйлесе білуі керек. Сөз, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыруы тиіс.
Енді адамдардың арасындағы қарым – қатынас деген ұғымды қалай түсінуге болады?
Қарым- қатынас адамның отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрлерімен және мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Адамдардың әдептілік нормалары тұрғысынан бір- бірімен өзара араласуларын, ауыс – түйістерін, байланысын білдіреді.
Қарым – қатынас – адамдардың ішкі жан дүниесінің, сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудағы іс - әрекеті.
Жақсы қарым –қатынасты жасауды білу және солай әрекет ету - әрбір адамның міндеті. Жақсы қарым –қатынас дегеніміз – адамның бойындағы ең әдемі қасиеттерінің көрінісі.
Бұдан түйетін қорытынды, жақсы қарым – қатынас жасау- әдептілікті, мәдениеттілікті, сөйлей білу, сөйлесе білу мәдениетін меңгерудің қажеттігін көрсетеді.
Жалпы, сөйлеу адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.
Ал сөйлесу мәдениеті- сөздерді мағынасына қарай дұрыс қолдану, сөйлеу үстінде оларды бір –бірімен қиюластырып, үндестіріп дұрыс айту, емле мен тыныс белгілері ережалерін сақтап сауатты жазу, тілдің ғасырлар бойғы сұрыпталып келген көркендігі мен әсем өрнегін өз орнымен қолдану болып табылады.
Жүйелі, мәнді сөйлеу мәдениетінің негізгі сапалары (шарттары).
Тіл тазалығын сақтау. Басқа тілмен қайыртпақтамай, ана тілінде таза сөйлеу, артық, оғаш сөздер қоспай, бір сөзді жиі қайталап, таңдаушыны мезі етпеу. Мысалы: сосын, сөйтіп, жанағы, иә,..ә, және т.б.
Тілдің сөз байлығы, сөздің қоры мол болып, синоним, амоним,, фразиологиялық тіркестер, мақал –мәтел, жаңа сөздер, кәсіби сөздер, жергілікті тілдік ерекшеліктегі сөздер, эмоционалды, экспрессивті сөздерді өз орнымен қолдану, сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғап сөйлеу.
Сөз сөйлеу әрқашан әңгімелесетін ортаға сай болу керек. Сонда ғана нақты, түсінікті болады.
Сөйлеу сапасына мыналар кері ықпал етеді.
Қандай ортада, кіммен сөйлесіп отырғанына мән бермеу, өзін сол ортаға сай әдеппен ұстамау.
Сөз мағынасын түсінбей қате сөйлеу, әдеби тілдік ерекшеліктерді дұрыс қолданбау, айтайын деген ойына байланысты сөйлемді құра алмау.
Сөйлесіп отырған ортаға байланысты дауыс ырғағын, сөйлеу мәнерін сақтамау.
Сөйлеу кезіңде жеке адамдар өзіңдік ерекшеліктерін қоспай тұралмайды. Әр адамның сөз сөйлеу мәнері, сөз саптау ерекшелігі болады. Дегенмен адам мынадай қарапайым нәрселерді бойда қалыптастырғаныда дұрыс.
Сөйлеген кезде әр сөздің айтылу заңдылықтарын (Орфоэпиялық норма) сақтап, мағынасына орай сөйлемде дұрыс қолдануға дағдылану керек. Мысалы: айтылуы құлын, жазылуы – құлын, божжорға – бозжорға, түңге қарай – түнге қарай, көтором – көтерем.
Сөйлесіп отырғанда, пікірінді айтқанда, қолынды сермеуге, қатты күлуге, бет – ауызды көп қимылдатып, жөні жоқ қисандата беруге болмайды. Аса қатты сөйлеу немесе міңгірлеу, сөйлеу кезінде артық қимылдар жасау және мәнсіз майысып сөйлесу адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырады.
Өзің туралы көп айта беру, барлық сөзді өзің бастау – ол да әдепсіздікті көрсетеді. (Әңгімелесіп отырған ортаның ыңғайын байқаған дұрыс). Білмейтінің жөнінде айтпа, өзің түсінбейтін сөздерді қолданба.
Аса қызынып көп сөйлеудің көп жағдайда қажеті жоқ. Егер сөйлесіп отырған адам қатты сөйлессе, одан да қатты айқайлап сөйлеуге тырыспау керек. Ой мен дауыс ырғағын сабақтастырып, пікірді баппен, анық дәл айтсаң, сенің дауыс ырғағыңа, байыпты пікіріне қарай сөйлеуші де сабасына түседі.
Жұрт алдында сөйлеуге негіз болатын екі себеп бар: бірі - өз сөзімен білдіру қажеттігі, екіншісі - өз ойын басқа біреумен бөлісуге деген тілек.
Кез келген адамның көпшілік алдына шығып сөйлеуге батылы жете бермейді. Себебі жұрт алдына шығып сөйлеудің біршама қиындықтары бар: біріншіден, сөйлеуші мен тыңдаушының арасында көзбе - көз байланыс болғандықтан, шешенге тапқырлық, сөзіне елді ұйыта білуді қажет болады. Сөйлеу ауызша болады. Олай болса, мұнда еркіндік басым тұрады. Ал еркін болу үшін көп ізденіс, көп жаттығу қаажет. Сөйлеу тілде тек сөз мазмұның тереңдігі ғана емес, интонация, сөз екпіні, ым, дене қимылдары да үлкен қызмет атқарады. Сондықтан тыңдаушыларды жалықтырып алмас үшін дауыс сан құбылып, ал шешен қимылы сөзін толықтыратындай дәрежеде жарасымда болуы керек.
Көпшілік алдындағы сөзді жоспарлау қарым – қатынастың әр түрлі жағдайына (мекеме, көшеде, сахынада) тыңдарманмен қатынастын сипатына (ресми, биресми), тыңдармандардың әлеуметтік орнына (интелегенция, жұмысшы, студент, оқушы) немесе олардың жасына, бііліміне, жынысына, тағы басқа байланысты түрліше болады.
Көпшілік алдындағы сөздің басқалармен байланыс орнату (коммуникативтік), тыңдаушының назарын аудару, сыпайлық таныту, тыңдаушының көңілін аулау тағы басқа тәрізді функциялары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |