Лекция №1 Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі Жоспары



бет13/21
Дата15.11.2023
өлшемі460,5 Kb.
#123346
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
Тіл дамыту

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. Алматы, 1997.

  2. Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. Алматы, 1997.

  3. Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. Алматы, 1978.

  4. Сүлейменова Э.Д. т.б. Тіл ұстарту. Алматы, 1996.

  5. Жапбаров А. Оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2002.



Бақылау сұрақтары:

  1. Сөздік жұмыстар ұғымы және оның мазмұны.

  2. Сөздік қор мөлшері және сөздік мағынасын меңгеруінің сапалық көрсеткіші негізінде баланың ойын, қабылдауын дамыту.

  3. Сөздің жалпылау мәнін меңгеру, сөзді меңгеру. Жалпылаудың төрт дәрежесі.

  4. Сөздің ұғымдық мағынасын меңгеру шарттары.

  5. Түрлі жас кезеңдеріндегі сөзді шектеу себептері.

  6. Балабақшадағы сөздік жұмыстарының міндеттері мен мазмұны.

  7. Түрлі топтағы сөздің жұмыстық мазмұны.

  8. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына» сәйкес түрлі жас топтарында баланың сөздік қорына талаптың күрделенуі.

  9. Сөздік жұмыс әдістемесінің жалпы мәселелері. Сөздік жұмыстың принциптері. Сөздік жұмыстың әдісі мен тәсілдері.

  10. Арнаулы сабақтарда сөздік қорын дамыту әдістемесі.



Лекция № 11
Лекция тақырыбы: Тіл дамытудағы әдістемелік тәсілдер.
Жоспары:

  1. Диалогтық оқыту технологиясы.

  2. Интерактивті және ойын әдістері.

  3. Оқытудың топтық әдісі (кейс).



Лекция мақсаты:
Студенттерге тіл дамытудағы әдістемелік тәсілдерден мағлұмат беріп, диалогтық оқыту технологиясы, интерактивті және ойын әдістері, оқытудың топтық әдістеріне (кейс)жан-жақты тоқталып түсініктерін қалыптастыру.

Әдістердің бір ізге түсе қоймағанын айта келе әдіс дегеніміз – оқушылардың оқу танымдық қызметін ұйымдастыруда мұғалім жүргізетін іс-әрекеттер жиынтығы. Тәсіл – осы әдістің бір элементі, құрамдас бөлшегі. Қазақ тілі сабақтарында мұғалім түрлі әдістерді: материалдарды түсіндіру, оны талдау, жаттығу, дәлелдеу, даттықтыру, қорыту секілді көптеген әдіс-тәсілдерді қолданады. Орынды және дұрыс, бірінен кейін бірі орнымен қолданылған әдіс-тәсілдер ғана сабақтың алдына қойылған мақсатын анықтайды, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіреді. Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда пайданылатын негізгі әдістер төмендегідей:



  • Диалогтық оқыту технологиясы;

  • Интерактивті және ойын әдістері;

  • Оқытудың топтық әдісі (кейс)

Бұл әдістердің жеке дара түрінде емес, қайта бір-бірімен тығыз байланысты, бірлікті қолданылғаны нәтжелі болады және бұл әдістердің барлығы қатысымдық негізде іске асады. Қатысымдық негізге құрылады. Өйткені сауат ашу барысында оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру тілдік қарым-қатынас жасамайынша ауызша сөйлеуге дағдылануда белсенділік тумайды.
Қазақ тілінің оқыту әдістемесінде қатысымдық әрекеттің теориялық және әдіснамалық негіздерін ғылыми тұрғыдан алғаш рет қарастырған ғалым – Ф.Ш.Оразбаева. Ғалым қатысымдық әдістің анықтамасын: «Қатысымдық әдіс – тілдік қатынас теорияларын іс жүзінде асырушы барлық іс - әрекетткр мен тәжірибелердің жиынтығы»,- деп тұжырымдайды.

  • Бұл оқыту процесінде кем дегенде екі адамның арасындағы тығыз қарым – қатынастың, белсенді іс-әрекеттің жүзеге асуы нәтижесінде болады.

  • Диалогтық оқыту технологиясы үйретуші мен үйренушінің бір-бірімен пікір алмасуын, тіл арқылы сөйлеуін қамтамасыз ете келіп, адам мен адамның өзара түсінуіне жол ашады.

  • Диалогтық технология оқушы мен оқытушының әрқайсысының өзіне тән міндеттерді бөлек алып, ал олардың алдына қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етеді.

  • Диалогтық технология оқыту жүйесінде бірнеше тиімді тәсілдерді, амалдарды біріктіреді.

  • Диалогтық технологияның басты белгісінің бірі – тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру.

  • Диалогтық технологияда белгілі бір тіл туралы білім берілмейді. Қарым-қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу үйретіледі.

Демек, қатысымдық әдіс – мұғалім мен оқушы арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын, оқушылардың сойлеу формаларын, тіл мәдениеттерін жетілдіретін, тілін дамытатын, осы мәселелерді бір арнаға тоғыстыратын оқыту әдістерінің бірі болады. Сондықтан біздің еңбегімізде осы әдісті кеңінен қолдану арқылы тиімді нәтижелерге жеттік. Ендеше балалардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістерінің негізгі деуге болады.
Интерактивті әдіс те соңғы кездері кеңінен қолданыс табуда. Ол әсіресе белгілі бір пәнді жаңа технологиямен оқытуға көшу барысында диі қолданылуда. Интерактивті әдіс кіші жастағы оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыруда да өнімді нәтиже беретін әдістің бірі деп есептейміз. Бұл әдіс әсіресе бастауыш мектеп оқушыларына сабақ үстінде еркіндік беруімен құнды. Оқыту барысында оқушылар бір-бірімен тығыз танымдық , қатысымдық байланысқа түседі және осы арқылы бір-бірін оқытады, үйретеді. Интерактивті сөзінің өзі (латынша - интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер етуді білдіреді. Бастауыш мектеп оқушыларын ауызша сөйлеуге дағдыландыруда интерактивті әдістер арқылы балалар сабақта белсенді іс-әрекеттер жасап, өтілген материалдарды және алдарында тұрған тапсырмаларды ұжым болып шешеді, бірін-бірі оқытады, үйретеді. Интерактивті әдістер арқылы өтілген сабақтарда оқушылардың үш жақты белсенділігін арттыруға болады. Ол үшін төмендегідей мәселелер ескеріледі:
1) Оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру жолдары;
Оқушылар түсінбеген жерін орнынан тұрып, екінші оқушыдан еркін сұрауы; жақсы оқитын оқушы өзінің микротобындағы нашар оқитын оқушыларға үйретуі, оқушылар тапсырма бойынша бір-бірімен (өздерінің микротобында) сөйлесіп, ақылдасып отыруы.
2) Оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру жолдары:
Оқушылар өзара оқушы-оқушы не оқушы мұғалім түрінде бір-біріне сұрақтар беруі;
Бастауыш мектеп оқушылары сабақта өзара пікірлесіп отыруы; қиын сұрақтарға қарсы топтың оқушылары жауап беру еркіндігі болуы;
3) Оқушылардың танымдық белсендігін арттыру жолдары:
Оқушылар қарсы жақтың пікіріне өзіндік пікір айта алуға;
Келіспеген жағдайда өзінің көзқарасын дәлелдеуге;
Өзінің микротобындағы жолдастарының сөздеріне қосымша не пікірге қосылатыны жөнінде өзіндік пікір білдіруіне еркіндік жасалуы;
4) Оқушылардың қатысымдық белсендігін арттыру жолдары:
Сабақ барысында оқушылар бір-бірімен еркін тілдік қатынасқа шығуы;
Жауаптарын бірге жоспарлауы;
Сөйлеген сөздерін нақты әрі қысқа жеткізуі;
Айтар ойларының әсерлігі болуы;
Сөйлеген сөздерінің жаргон, диалект, бөтен сөздерден таза болуы қажет.
Оқушылардың белсенділігін күшейтетін интерактивті әдіспен қатар дәстүрлі ойын әдісі болып табылады. Ойын әсіресе кіші жастағы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға әрі қолайлы, әрі тиімді әдістердің бірі.
Ойын – адамдар генінде қалаған инстинкті жеткізуші. Балалар ойнау арқылы өмір тәжірбиесімен танысады, ересектердің қимылын қайталайды, сол арқылы өмірге қажет қимылды, іс- -әрекетті және ойлау, сөйлеу дағдыларын меңгереді.
Ойын балалардың қиялынан туындайды, ойын – бала шығармашылығы. Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, олар ойнау процесінде «басқа әлемге» енеді.
Демек, ойындарды бастауыш мектеп оқушыларын белгілі бір іс-әрекетті үйрететін құрал етіп пайдалануға болады екен. Сондықтан кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін ойындарды қолдану арқылы да нәтижеге жетуге болатындығын байқаймыз.
Оқыту процесінде орынды қолданылған ойындар оқушылардың тілдік материалдарды саналы меңгеруін қамтамасыз етумен қатар олардың сыныптастарымен, жалпы қоршаған ортамен тілдік қарым-қатынасқа түсуге түрткі туғызады.
Оқытудың топтық технология әдісі Кейс-стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі (метод конкретных учебных ситуаций) ХХ ғасырдың басында америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет америкалық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың топтық технология әдісінің жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгінде бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т.б салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, К. Кристенсен, Э.Хансен, А.И.Наумова, А.М.Зобина, Б.Н.Киселева, И.В.Липсина, Г.А.Полонский, Д. Эткинсон, О.Г. Смоляниновалар қарастыруда.
Кейс технологиясында басты назар оқушылардың мұғалім ұсынған реальды немесе (мұғалімнің алдын-ала құрастырған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т.б. шәкірттің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.
Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади технологиясын қолдану – қазіргі білім беру талабына сай мұғалім мен оқушының өзара тығыз белсенді әрекінен тұратын, оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын және оның жеке тұлғалық қабілеттерін дамытатын, нәтижені алдын-ала жоспарлайтын педагогиканың жаңа инновациялық технологиялық жүйесі. Жоғарыда аталған кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру сабақтары педагогиканың негізгі заңдылықтарына сүйене отырып жүргізіледі. Ал, мұндай сабақтарда оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары профессор Т.Сабыровтың төмендегі тұжырымы негізінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет