Лекция №1 Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі Жоспары



бет9/21
Дата15.11.2023
өлшемі460,5 Kb.
#123346
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Тіл дамыту

Жазбаша жаттығу.
Методикалық әдебиеттерде бұл әдістің көп түрлілігі байқалады. Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың тілін дамыту барысында жазбаша жаттығудың маңызы зор екендігін айта келіп, жазбаша жаттығу жұмысының мынадай түрлерін көрсетеді. Олар: жаттығу жазу, мазмұндама, шығарма, іс қағаздар, публицисистикалық (очерк, мақала) текстер жаздыру текст жазғандарын жетілдіріп қайта жазу т.б. Бұл жұмыстың барлығы да оқушылардың сөз байлығын арттырып, өз ойларын нақты, анық дұрыс әңгімелепберу, сөйлеу дағдысын қалыптастыратын болуы керек деп анықтайды.
Оқушылардың тілін ұстартуда, байланыстырып сөйлеуге машықтандыруда жазу жұмысы басты роль атқарады. Жүргізілетін түрлі жазба жұмыстары оқушының тілін байытуға, сауаттылыққа әдеби тіл нормасына сөйлей білуге де, жаза білуге көмектеседі. Жазу жұмысын мақсатқа сай ұйымдастыру оқушылардың теориялық алған білімін қолдана білуге, өз ойын жеткізуде сөйлемдер мен сөздерді орынды пайдалана білуге үлкен әсері бар.
Жалпы алғанда қазақ тілі сабағында жүргілетін жазу жұмысына ондағы оқушылардың ауызша және жазбаша сөздік қорларын молайтып, сауаттылығын арттыру мен байланыстырылып сөйлеуді дамыту барысында мынадай талап қойылады:

  • әңгімеленген тақырыптың мазмұнын, көлемін анықтай білу;

  • жазбаша жұмыста, артық ойларды тықпалай бермей, талқыланатын мәселенің, негізгі түйінін ғана жаза білу;

  • жазба жұмысының тақырыбы нақты болып, оған материалды жинап, әңгімелей білу;

  • жазба жұмысының тақырыбына лайықты өз көзқарасын, ойын білдіріп, жаңа пікір қосуға баулу;

  • жазба жұмыстарды баяндау, суреттеу түрінде жаза білуге болатынын меңгерту;

  • жазылған жұмыстарды өңдеп, толықтырып, қайта редакциялап жазуға үйрету;

  • әдебиет, тіл заңдылықтарына байланысты стильдік ерекшеліктерді меңгерту;

  • сауатты сөйлеп, қатесіз жазуға баулу.

Мұғалім жазба жұмыстарының қай түрін орындасын оның тілдік, грамматикалық сауаттылығына ерекше көңіл бөліп, қадағалап отыруы қажет. Әсіресе, тілдік құралдарына, сөздік қорына, сөз таңдау, сөздерді байланыстыру тәртібіне, сөйлемдегі сөздердің орнына, көркемдігіне, бейнелілігіне назар аударып, олардың даму барысын қадағалап отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет