Пайдаланатын әдебиеттер: Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. Алматы, 1997.
Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. Алматы, 1997.
Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. Алматы, 1978.
Сүлейменова Э.Д. т.б. Тіл ұстарту. Алматы, 1996.
Жапбаров А. Оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2002.
Ермекбаев М.Ә., Жораева С., Тшанов А.К., Бастауыш мектепте инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың тілін дамыту. Шымкент, 2006.
Бақылау сұрақтары: Байланыстырып сөйлеудің теориялық негіздері.
Байланыстырып сөйлеу туралы ұғым.
Байланыстырып сөйлеу формалары (диалог,монолог).
Мектепке дейінгі кезеңдегі байланыстырып сөйлеудің формалары мен функциясын дамыту.
Ситуациялық және контексті сөйлеу ұғымы.
Мектепке дейінгі кезеңдегі байланыстырып сөйлеудің даму ерекшеліктері. Ситуациялық сөйлеудің контесті сөйлеуге көшу шарты.
Контексті сөйлеудің қалыптасуы баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасына тәуелділігі.
Баланың байланыстыра сөйлеуінің мектептегі оқуына ықпалы.
Лекция № 13 Лекция тақырыбы: Байланыстырып сөйлеу формалары (монолог, диалог).
Жоспары: Байланыстырып сөйлеу формалары.
Монологтық сөйлеудің өзіндік сипаты.
Монологтық сөйлеу мен диалогтық сөйлеудің өзара байланысы.
Диалогтық оқыту технологиясының белгілері.
Лекция мақсаты: Студенттерге байланыстырып сөйлеу формалары: монолог, диалог туралы түсінік беріп, олардың өзара байланысынан хабардар ету, түсініктерін қалыптастыру.
Сөйлеу – адамзаттың даму эволюциясында қол жеткізген жетістіктерінің бірі. Адамдарды басқа дүниеден ерекшелеп тұратын да осы – сөйлеу. Сөйлеу процесінде адамдар бір-бірінің ойын түсінеді, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.
Сөйлеу сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша, сондай-ақ диалогтық және монологтық болып бөлінеді.
Диалогтық сөйлеу екі немесе бірнеше адамның арасында өтетін болғандықтан түрлі жағдайларға, әркімнің көңіл-күйіне байланысты толымсыз, сұраулы, лепті сөйлемдер, одағай, шылаулар, мақал-мәтелдер көп кездеседі. Бет әлпет көрінісі, ымдау, интонация қолданылады.
Әдіскер-ғалымдардың көзқарас-пікірлері негізінде диалогтық оқыту амал-тәсілдердің ең негізгі және кіші бөлшегі –оқыту диалогы. Диалогтық тілдесім барысында оқушылар жұп болып та, топ та, ұжым болып та бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түседі. Бұл диалогтық сөйлеудің өзіндік белгілері. Диалогтық оқыту амал-тәсілі оқушыларды сөйлеуге, белсенділікке, өзара пікір алысуға итермелейді. Әрбір диалогтық оқыту технологиясы сөйлеу ситуацияларын туғызып, оқушылардың ауызекі сөйлеуіне, пікірлесуіне әсер етеді.
Диалогтық сөйлеуге екі не одан да көп адамның тілдік қарым-қатынас кезінде кезектесе туындайтын ауызша ақпарат беруі, жауап қайтаруы, пікір алмасуы жатады. Диалог барысында пікірлесіп тұрған тұлғалар «әрі хабар жеткізуші, әрі хабарды қабылдаушы қызметін» атқарады. Диалогтық сөйлеуде хабар жеткізуші кең көлемде оқуға, өзінің жағдайы жөнінде айтса, онда диалогтық сөйлеу монологтық сөйлеуге ұштасады. Тілдесім әрекеті кезінде диалогтық сөйлеу мен монологтық сөйлеу бірін-бірі толықтырып, өзара байланыста жұмсалады. Дегенмен бұлардың өзара айырмашылығы бар. Бұл жөнінде К.И.Соломатов былай тұжырымдайды: «Диалогическая речь является одной из наиболее распространенных форм устной разговорной речи. Монологическая форма речи занимает меньше места в разговорной речи, обычно монологу предшествует диалог. Диалог праедставляет собой обмен высказываниями, порожденными одно другим несколькими собеседниками». Мұнда оқушының сөйлеу тілі екі формада жүзеге асады. Біріншісі, диалогтық сөйлеу, яғни тілдік қарым-қатынас барысында екі адамның тікелей қатынас жасап, бір-бірімен көзқарас, ой-пікір алмасуы. Диалогтық сөйлеудің негізгі ерекшеліктерін , оның жүзеге асу жолдарын С.Әбдіғалиев, С.Нұрғали, К.Соломатов, К.Холодович, Р.К.Миньяр-Белоручев, Я.Яноушек т.б. әдіскер-ғалымдар айқындап, диалогтық сөйлеудің мынадай басты белгілерін көрсетті: «Олар: біріншіден, диалогтың екі немесе одан да көп адамның арасында өрбуі; екіншіден, диалогқа қатысушы адамдардың бірде тыңдаушы, бірде сөйлеуші болып кезекпе-кезек олардың арасындағы ролдердің алмасып отыруы; үшіншіден, диалог барысындағы ақпараттардың жеткізілу жағдайы және оларды қабылдау ерекшеліктері; төртіншіден, пікір алмасушылардың алынған ақпаратқа, хабарға деген көзқарастары, реакциясы және оны жеткізудегі бет-әлпеті, қимыл-қозғалысы». Сонымен қатар жеткізілетін ақпараттық хабардың аяқ асты туындап, тілдік қатынасқа түсуі де диалогтық сөйлеудің негізгі белгілерінің біріне жатады.
Ал монологтық сөйлеу – бір адамның өз ойын, көзқарасын білдіруі. Монологты сөйлеу жүйелілікті талап етеді. Мұнда сөйлемдер толық ойды білдіріп, құрылысы жағынан күрделі болып келеді. Монологты сөйлеуге оқушылардың белгілі бір тапсырманы түсіндіруі, мұғалімнің жаңа тақырыпты баяндауы, хабарлама, бандама жасауы жатады. Монологты сөйлеуді дамыту үшін алдын-ала белгілі тақырыпқа жоспар құрып, сол жоспар бойынша сөйлеу үлгісі жасалады.
Монологтық сөйлеу мен диалогтық сөйлеу өзара тығыз байланыста болады. Сөйлеуші мен тыңдаушы бір-біріне сұрақтар қойып, хабар айта тұрса, ол диалогтық сөйлеу түрі болады, ал диалогтық сөйлеуде сөйлеуші өз сөзін ұзақ түрлі фактілермен дәлелдей сөйлесе, онда монологтық сөйлеу болады.
Демек, диалогтық сөйлеу-екі не одан да көп адамдардың бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түсу әрекеті.