Лекция №1 Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі Жоспары


Лекция № 14 Лекция тақырыбы: Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі. Жоспары



бет18/21
Дата15.11.2023
өлшемі460,5 Kb.
#123346
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Тіл дамыту

Лекция № 14
Лекция тақырыбы: Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі.
Жоспары:

  1. Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту

  2. Балабақшада өлеңді оқыту.

  3. Балабақшада әңгімені оқыту.

  4. Балабақшада ертегілерді оқыту.



Лекция мақсаты:
Студенттерге көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесінен мағлұмат беріп, көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту жайынан түсініктерін қалыптастыру.

Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту


Әдеби шығарма өмірді түсінуге көмектеседі. Ақын – жазушылардың идеясы, көркемдік шындығы, шығарманың мазмұны арқылы оқушыларды баурап, оларға түрлі сезім, ой туғызады, өмірге көзқарасын қалыптастырады. Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері өзіндік әдістемені қажет етеді.
Бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарына көркем шығарманың мынадай жанрлары енгізілген: өлең, жұмбақ, әңгіме, мысал, ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, айтыс, шешендік сөздер, ғылыми мақалалар мен очерктер, т.б.
Балабақшада өлеңді оқыту
Көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтудың, оқушылардың шығармашылық түйсігін қалыптастыруда маңызы зор.
Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді өрнек-нақышы, эмоциялық бояуы, үні, дыбыс әуені, мәні, табиғаты ауызкеі естілгенде ғана ашылмақ . Осындай сиқырлы күшінен де болар, ұлы Абай " Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы " деген. Өлең сөздің құдыретті қасиетін бала бойына ерте бастан сіңіру, зердесіне жеткізу – оқу-тәрбие ісінде үлкен мәнге ие.
Жақсы өлең жақсы оқылмаса, оның өңі қашады, мазмұны сүреңсіз, әсерсіз шығады.
Өлең сөздің ырғақ , ұйқас, бунақ, тармақ , шумақ кідірістері – қара сөзбен жазылған шығармалардан даралап тұратын белгісі. Осы ерекшеліктер өлеңді ауызша оқығанда, жатқа айтқанда арнайы ескеріледі.
Бастауыш сынып оқушыларына берілген өлеңдер алуан түрлі болып келеді. Кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, ал енді бір тобы автордың көңіл-күйіне, асқақ ойының мағнасын білдіреді.
Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:

    1. Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай оқушымен әңгіме өткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішіндегі оқушылардың ұғымына ауыр-ау деген бейнелі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі.

    2. Өлеңді ырғағына келтіре, мәнерлеп алдымен мұғәлімнің өзі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарын жауып, тыңдап отырады.

    3. Оқушылар өлеңге әуелі іштерінен көз жүгіртіп өтеді де, сонан кейін оны дұрыстап оқиды.

    4. Өлең мазмұны талдалады. Кейбір көлемдірек өлеңдер бөлім-бөлімге бөлініп, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.

    5. Өлеңді 2-ші рет қортындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі. Оқу техникасы (шап-шаң, жай) дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту, т.б. жұмыстар.

Дауыстап оқуға үйрету үшін қойылатын талаптардың бірі-мәнерлеп оқу. Ол дауыс интонациясы арқылы дұрысоқу, мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, автордың көз-қарасын беру, кейіпкерлердің көңіл-күйін сезіну. Сондықтан әр сөз, сөйлем дұрыс оқылуы керек. Мәнерлеп оқуға дауыстың да қатысы бар. Оған дауыстың күші мен дауыстың қарқыны жатады.
Өлең шумақтары бір-біріне байланыссыз тұрады. Мұндай өлендердің бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез ауысып, тез өзгеру себептері баланың жастық ерекшеліктері мен білім деңгейіне байланысты. Екіншіден, баланы қоршаған ортаның әр алуан жаңалықтарына байланысты өзгереді. Үшіншіден, табиғат байлықтары мен ондағы түрлі құбылыстардан, тез әсер алуына байланысты бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез ауыса береді. Төртіншіден, өзін қоршаған ортаның және табиғат сырларын білуге ынталанған бала тілі жаңа шыға бастағанда-ақ шамадан тыс көп сұрақтар қояды. Шамамен айтқанда бала ата-анаға бір күнде ең кемі 250-300-ге дейін сұрақтар қояды. Бала сөзі сұрақтан басталады. Баланың бір сұрақтан екінші сұраққа тез ауысып отыруы оның әр нәрсенің себеп-салдарын білуге тырысатына байланысты. Балаларға арналған өлең-тақпақтары да әр алуан болып келеді. Мұндай өлеңдерде түсінікті болуы үшін қайталаулар да жиі кездеседі. Қайталау, өлең айырмасы, өлең құрылысы, формасы, көлемі, өлшемі, варианттары, портрет, пейзаж, гипербола, кейіптеу секілді суреттеу тәсілдері балаларға арналған халық өлеңдерінде ерекше орын алады. Бұл әдебиеттік түсініктерді бастауыш сыныпта беру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет