Лекция №1 Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі Жоспары



бет6/21
Дата15.11.2023
өлшемі460,5 Kb.
#123346
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Тіл дамыту

Әңгіме әдісі.
Бұл – сұрақ-жауап түрінде жүргізілетін әдіс, әңгіме әдісі жаңа материалды түсіндіргенде, өткен материалдарды қайталау, еске түсіруде қолданылады. Мұғалім бұл әдісті қолданғанда оқушылардың бұрынғы біліміне сүйенеді. Өйткені материалдың жалғасы ретінде мұғалімнің сұрағы және оған байланысты баланың жауап қайыруы арқылы жаңа материалдың мазмұны ашылады.
Бұл әдіс тіл дамыту жұмыстарында өте жиі қолданылады. Әсіресе, оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуда белгілі мақсатта, өз ойын, білгенін сұраққа жауап беру арқылы жүйелі айтып беруге дағдыландыруда пайдаланады. Сондай-ақ әңгіме әдісі оқушылардың жаңа материалды меңгеріп, алған білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше қорытындылар жасай білуге үйрету мақсаттарымен де қолданылады.
Тіл дамытуға байланысты жұмыстарда әңгіме әдісінің дұрыс өтуі оның сұрақтарына байланысты. Сондықтан бұл әдіспен жүргізуге арналған сұрақтарға мынадай дидактикалық талаптар қойылады:

  • сұрақтардың ықшам, мазмұнды, анық болуы, сөйлемдерінің дұрыс құрылуы;

  • сұрақтар жүйелі, бір-бірімен байланысты, теориялық-практикалық мәселелерінің бір ерекшелігін білдіретіндей талап етілуі;

  • сұрақтар оқушының білім қорына, танымына, жас ерекшелігіне сай болуы т.б.

тіл дамыту жұмыстарында бұл әдісті пайдаланғанда, мұғалім жауаптың тиянақты, жүйелі, нақты, әсерлі болуына көңіл бөлуі қажет.
Дұрыс емес сөздері мен сөйлемдеріне ескерту жасап, түзетіп отырған жөн.
Салыстыру әдісі.
Тіл дамытудағы салыстыру әдісі жиі қолданылады. Салыстыру әдісінде: әртүрлі құралдармен берілген бір ойды білдіретін сөйлемдер; бір стиль түрінде жазылған әр түрлі текстер; авторлардың текстерінің алғашқы нұсқасы мен жетілдіріп, түзетілген нұсқасы салыстырылады. Мысалы, синоним сөздердің сөйлемдегі стилистикалық мәнін білдіру үшін мына сияқты сөйлемдер салыстырылады:

  1. Бүркіт ұясын қияға салды.

  2. Бүркіт ұясын қияға орналастырды.

  3. Бүркіт ұясын қияға соқты.

  4. Бүркіт ұясын қияға жасады.

Бұл сөйлемдердегі синоним баяндауыш сөздер: салды, жасады, соқты, орналастырды салыстырылады. Оқушылар бұл сөйлемдердегі ойға байланысты қай сөз орынды екенін бір-бірімен салыстыру арқылы таңдайды. Оқушылар мынадай қорытындыға келуі мүмкін.
Бірінші сөйлемдегі «салды» деген сөз бұл сөйлемдегі ойға байланысты дұрыс қолданылған сөз, өйткені екінші сөйлемдегі «орналастырды» деген сөз даяр затты екінші бір жерге қою мағынасында, ал «жасады», «соқты» деген сөздер көбінесе адамдардың қол шеберлігіне байланысты қолданылатын сөздер. Олай болса, бұл сөйлемдегі ойға, бүркіттің іс-әрекетіне «салды» деген сөздің мәнін қолдану орынды болады. Міне оқушылар, салыстыру арқылы сөйлемдегі ойға байланысты сөз таңдау дағдысын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет