Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Сурет-2. Педагогикалық менеджменттің мәні



бет12/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   90
Сурет-2. Педагогикалық менеджменттің мәні

Сурет - 3. Білім беру жүйесіндегі менеджер
3. Педагогикалық менеджмент сапасының талаптары.


Білім сапасы: мəні мен құрылымы
Нарықтық экономика жағдайларында кəсіпорындар мен ұйымдардың үздік қызметі тұтынушыларына ұсынатын өнім мен қызметтерінің сапасына негізделеді. Сапа ішкі жəне сыртқы нарықта фирманың басымды жағдайын анықтайтын қаражаттарды жұмсауының үздік бағыты болуда. Сапа санатының философиялық түсінігі «бағалау сипатында емес, сондықтан да сапаның философиялық баяндалуында сапаны өлшеу немесе басқалай бағалау, жаман жəне жақсы, төмен жəне жоғары сапаны айыру жəне т.б. мəселесін қою орынсыз». Гегель: «Сапа, бірінші кезекте, болмыспен бірдей белгілілік ... Бір нəрсе өз сапасының арқасында бар болады жəне сапасын жоғалтқанда – өзі де жоқ болады»- деп көрсетті.
ISO 9000:2008 «Сапа менеджменті жүйелері, Негізгі ережелері жəне сөздік» халықаралық стандартында жеке сипаттамалардың жиынтығы мен талаптарды атқаратын дəреже сапа деп түсіндірілген, сонда «жоспарланған» деген ұғымға қарама-қайшы берілген «жекеменшік» деген тұжырым объектінің, қызметтің жəне т.б. тұрақты сипаттамасына қатысты болады. «Сапа» термині жаман, жақсы немесе өте жақсы деген сын есімдерімен қолданылуы мүмкін. Өндірістік жағдайда «өнім сапасы» тұтынушы үшін осы өнімнің мəнді қасиеттерінің жиынтығы ретінде маңызды болады. Осы қасиеттердің жиынтығы өнімге, эталондарға, стандарттарға ерекшеліктерінің негізіне қаланады.
Кез келген өнім сапасының айрықша белгілері:
1) онда белгілі қасиеттердің болуы;
2) олардың құндылықтарын өндірушінің ұстанымынан емес, тұтынушы ұстанымынан қарастыру.
Осындай талдау беруде өнім тұтынушыларының бар сұраныстарымен қатар, əлеуетті сұраныстарының да маңызды рөлі белгіленген.
А. И.Субетто бойынша сапаның заманауи аспектілері:
  1. сапа – қасиеттер жиынтығы (тұтастық);


  2. сапа – құрылымдық;


  3. сапа – табыстылық;


  4. сапа – маңыздылық;


  5. сапа – даралық;


  6. сапа – жекешелік;


  7. сапа – құндылық (4-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет