Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері



бет29/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   90
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері:
  • арнайы кәсіби білім;


  • нақты нәтижеге бағытталған мақсаттың болуы;


  • оқыту, білім беру, тәрбиелеу мазмұнының нақтылығы;


  • баланың педагогпен ынтымақтастық қарым-қатынасы;


  • педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесін бағалай алуы;


  • баланы педагогикалық қолдауы.





Сурет-10. Педагикалық іс-әрекет құрылымы
В.И.Андреев даму мен өзін-өзі дамыту процесінің 2 ерекшелігін атап өтеді: тұлғаның өзгерісі сырттан емес, оның өзіне-өзінің ішкі мақсатқа бағытталған әсерінен болады; өзгерістер тек қана мотивте, интеллектуалды, эмоционалды аймақта ғана болмайды, сондай-ақ, барлық «өзіндік» процестерде жүреді: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі басқару (11-сурет).


Сурет-11. Тұлғаның өзін-өзі басқара алу сапалары


3. Басқару жүйесі, оның педагогикалық іс-әрекетке, байланыс және қарым-қатынасқа бағыттылығы.
Педагогикалық процесті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.
Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді. Жалпы орта білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық процестің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген; оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.
Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты төмендегідей қағидалар (принциптер) жиынтығымен анықталады:
  • білім берудің ізгілік сипатта болуы;


  • білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;


  • білім берудің жалпыға бірдейлігі;


  • білім берудің зиялылығы;


  • білім берудегі еркіндік пен плюрализм;


  • білім берудің демократиялық сипатта болуы.


Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.


Мектеп педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы факторлармен, қызмет көрсету жағдайларымен, құрылымдық және функционалдық компоненттер жиынтығымен сипатталады. Педагогикалық жүйенің құрылымдық элементтері педагогикалық ұжым және оның жетекшілерінің немесе басқарушы жүйенің іс-әрекеті негізінде анықталады.
Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда басқарудың екі деңгейін анықтауға болады: тігінен – жалпы мектеп ұжымы және сыныптар ұжымы; көлденеңінен – қоғамдық ұйымдар, спорттық секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т.б.
Ал, педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім іс-әрекетімен бірлесе жүреді. Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету – бұлар педагогикалық процесті қозғалыста, өзгерісте сипаттайды, оны дамыту мен жетілдіру жолдарын анықтайды.
Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу-тəрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін əрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер бірлігі ретінде қарастыру қабылданған:
1) дидактикалық – бұл жүйе сабақ жəне сабақтан тыс оқу-тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақтың (сабақтағы оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) әрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды;
2) тəрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс жəне мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады; оқушылардың қарым-қатынастары жəне олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзін-өзі басқару, əрқилы іс-əрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер);
3) мектептің əкімшілік жүйесі – оқу процесін басқару, тəрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады.
Басқаруға тəн басты сипат – жұмысқа барлығының бірдей араласуы: əкімшілік, мұғалімдер, оқушылар және т.б. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нəтижесіне үлкен əсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз əрекетінің кез келген сəті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тəуелді болмайтынын мойындауы тиіс.
Менеджмент – адамдардың қарым-қатынасының ең қолайлы тәсілі. Кез келген жұмыстың сапалы, нәтижелі орындалуында адамдардың өзара қарым-қатынастарының алатын орны ерекше.
Менеджмент жүйесінде маманға аса қажетті сапалар: адамдарға деген сүйіспеншілік; маманның кәсіби сана сезімі мен жауапкершілігі; маманның өзін-өзі әрдайым жетілдіруге дайындығы; әділдік; эмпатия; тілектестік; ынталылық; ашықтық.
Педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
  • бақылаудың әділдігі;


  • ең аз жетістікті қамтамасыз ету;


  • қарым-қатынастағы талаптарды біріктіру;


  • бақылауды сенімділік сезіміне негіздеу;


  • еріксіз, күшпен оқытудан бас тарту;


  • жеке тұлғаның қызығушылықтарын ояту;


  • тұлғааралық қатынастың нормаларын сақтау;


  • жеке тұлғаның жеке басын сыйлау, жеке тұлғаның құқықтарын қорғау;


  • жеке тұлғаның келешегіне сену, оның жеке басын құрметтеу;


  • жеке тұлғаның дара, дербес қасиеттерін ашу;


  • жеке тұлғаның шығармашылығын қалыптастыру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет