Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Сурет-20. Білім беру саласындағы ТQМ функциялары



бет46/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90
Сурет-20. Білім беру саласындағы ТQМ функциялары


Жоспарлау объектісі болып табылатындар:
  1. ресурстар (кадрлық; материалдық-техникалық; қаржылық);


  2. оқушылар құрамы және қабылдау тәртібі;


  3. білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды ендіру;


  4. жалпы орта білім беретін мектептердегі ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және инновациялық процестер;


  5. жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесін жүргізудегі басқа құрылымдардың (кітапхана, ғылыми орталықтар) қызметі;


  6. білім беру процесін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету қызметі (оқу жоспарлары, бағдарламалары, технологиялары);


  7. білім беру мекемесінің халықаралық байланыстары;


  8. кәсіпкерлік, қаржы-әкімшілік іс-әрекеті.




Ұйымдастыру – басқару құрылымы бойынша басқарушылық іс-әрекетінің функциясы, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін анықтау, олардың өзара қарым-қатынастарын қамтамасыз ету, мақсатқа жету жолындағы әдіс-тәсіл, құралдардың тиімдісін таңдау.
Ұйымдастыру процесінің кезеңдері:
  1. еңбекті (қызметті) бөліп берудің тиімді формасын анықтау;


  2. басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын анықтау;


  3. білім беру мекемелері бөлімі мен бөлімшелері қызметкерлері арасында міндеттері мен құқықтарын анықтау, жұмыстарды бөлісу;


  4. қызметке, іс-әрекетке, жұмысқа уақытты бөлу;


  5. кадрларды таңдау және іріктеу.


Ұйымдастырушылық қызметтің басты құралдары болып табылатындар: бұйрық, ереже, жарнама, нұсқау, әңгімелесу және т.б.


Қазіргі кезеңде нақты құрылымы жоқ мекемені тиімді басқару мүмкін емес. Басқару құрылымы – басқару процесін жүзеге асыратын ұйымдастыру формасы. Тиімді ұйымдастырушылық құрылымды құру – мақсат емес, мақсатқа жету құралы.
Білім беру саласында менеджердің мақсаты – мекеменің міндет-мақсатына сәйкес келетін ең жақсы әдіс-тәсілді таңдау. М.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоури сияқты американдық ғалымдардың пікірінше, ең жақсы құрылым – мекемені сыртқы ортамен тиімді өзара қарым-қатынасқа өнімді еңбекке бағыттайтын құрылым, осылайша өз мақсатына жоғары жетістікке жету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет