Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым



бет45/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90
Даму стратегияларының түрлері – жуырдағы келешекке деген ұйым мінез-құлқын жалпылайтын модель түрлері (эталонды, функционалды, салалы т.б.)
Керекті өзгерістерді айқындау біліктілігі (мақсатты тұжырымдау) басшылықтың білім беру мекемесін басқаруда дамудың бағыты мен миссиясы туралы стратегиялық мақсатқа қайта қараудан тұрады, бұл ұйымның прогресін қамтамасыз етеді.
Егер басшы белгілеген міндеттер ұзақ мерзімді мақсатқа жетуді көздесе тамаша болады. Ұзақ мерзімді мақсат басшылыққа оқу орны ұзақ уақыт бойы жақсы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жағдайды көрсетеді. Қысқа мерзімді мақсат тікелей жетілдіруді анықтайды және басшылықтың таяуда ала алатын нәтижелерін анықтайды.
Өзгеруші стратегияларды жасап шығару біліктілігі (базалық стратегиялар) басты басқару мәселесін шешуді болжайды: ұйымның жағдайын ескере отырып, қажетті нәтижеге қалай жетуді және оның келешегін шешу. Мақсат – бұл нәтиже, ал стратегия оған жету әдісі. Стратегия – бұл стратегиялық және қаржылық мақсатқа жету үшін басшыларға қажет әрекеттер. Қайта жасау міндетін шешу оқу орнының ішкі және сыртқы жағдайына диагноз қоюдан басталады.
Әсер етудің түрлі әдістерін қолдану біліктілігі (стратегияны ендіру және жүзеге асыру) жоспарланған уақытта стратегияны енгізу және қажетті нәтижелерді алудан тұрады. Стратегияны ендіру және дұрыс жүзеге асыру үшін, жақсы нәтиже алу үшін жоғары біліктілік қажет.
Стратегияға түзету енгізі біліктілігі. Өзгерістерді басқару жаңа жағдайлардың пайда болуымен және түзету әрекеттерін талап етуімен шартталған. Критерийлер жиналған тәжірибеге және болашақтағы мақсаттарға сәйкес жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Дамудың ұзақ мерзімді бағытына түзетулер енгізілуінен, жаңа мақсаттың пайда болуынан және сыртқы орта жағдайларының өзгерісінен стратегия өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Стратегиялық басқару кезеңдері. Қазіргі заманғы менеджмент және жүйелі бағыт ірі макрожүйе бойынша білім беру мекемелерін басқару жүйесін декомпозициялауға және іс-әрекет бағыты бойынша стратегияны жобалауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Менеджменттің классикалық теориясында стратегиялық басқарудың негізгі 3 кезеңі ажыратылады:
  1. диагностикалық талдау;


  2. стратегиялық жоспарлау;


  3. стратегияның жүзеге асырылуын басқару.


Кез келген басқару процесі төмендегідей функцияларды қамтиды: жоспарлау; ұйымдастыру; мотивация; бақылау; координация.


Білім беру аймағында ТQМ функцияларының ара-қатынасы 20-суретт көрсетілді.
Жоспарлау – мекеме қызметінің жоспарларын жасап, оның құрамды бөліктерін анықтауға қатысты басқару іс-әрекетінің функциясы. Жоспар мақсатқа жету үшін орындалуы қажет іс-әрекеттің түрін, формасын, тізбесін, оған кететін уақытты, ресурстарды анықтайды.
Жоспарлау құрамына кіретіндер:
  1. мақсат пен міндеттерді анықтау;


  2. мақсатқа жету үшін стратегия жасау, жоспар құрып, бағдарлама әзірлеу;


  3. қажетті ресурстарды айқындау және оларды мақсат-міндеттеріне қарай бөлу;


  4. қызметті жүзеге асыратындарға жоспарды жеткізу.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет