Білім беру нәтижелерінің диверсификациясы (көпбейіндік)
Ақпараттық кешеннің болуы
Материалдық базаның жеткілікті деңгейі
2
Әлсіз жақтары
Оқытуға деген мотивацияның жеткіліксіздігі
Білім беру сапасын бақылау объективтілігінің жеткіліксіздігі
3
Мүмкіндіктері
Білім берудің жоғары әлеуметтік құндылығы
Ақпарат алмасу жылдамдығының артуы
Әкімшілік тарапынан қолдау табуы
4
Қауіптер
Мектептің дайындық деңгейінің төмендеуі
Қаржыландырудың жеткіліксіздігі
Лекция № 8. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау Жоспары: 1. Жоспарлау – мектепті басқарудың функциясы ретінде. а) Мұғалімнің, тәрбиешінің, сынып жетекшісінің оқу және тәрбие іс-әрекетін жоспарлау. ә) Перспективалық және жылдық жоспар. 2. Мектептің жұмысын жоспарлаудың барлық түрлерінің (мектепішілік жоспар, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің, пәндік бірлестіктердің, тақырыптық және сабақ жоспарлары, сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарлары) орындалуын бақылау мазмұны мен түрлерінің бірлестігі. 3. Мектеп құжаттары, рөлі, негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы, оларды жүргізуге қойылатын талаптар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент. Оқулық . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -383 б.2.Т.В.Паньшина, Ж.Ж.Айтпаева Педагогикалық менеджмент Алматы, 2012
2) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент: Тест тапсырмалары, кейстер. Оқу құралы . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -87 б.
3) Бузаубакова К.Д., Ахметова А.Н. Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару. Оқу құралы. -Тараз: ТарМПИ, 2015. - 156 б.
4) Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы.- Алматы, 2005.-145 б.
5) А.Қ.Дүйсенбаев Педагогикалық менеджмент:- Алматы: Отан ЖҚ., 2015.-187 б.
1. Жоспарлау – мектепті басқарудың функциясы ретінде. а) Мұғалімнің, тәрбиешінің, сынып жетекшісінің оқу және тәрбие іс-әрекетін жоспарлау. ә) Перспективалық және жылдық жоспар. Жоспарлау барлық басқару қызметінің ішіндегі ең негізгісі болып саналады. Жоспарлау дегеніміз – алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен амалдары. Жоспар туындаған жағдайларға байланысты өзгертуге ыңғайлы болу керек.
Жоспарлау қызметі төмендегідей үш сұраққа жауап береді:
Қазір біз қандай жағдайда тұрмыз?
Қандай бағытта дамығымыз келеді?
Мұны қалай іске асыруға болады?
Жоспарлау қызметінің мерзіміне байланысты жіктелуі: