Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Басқарудың негізгі қағидалары, еңбекті тігінен және көлденеңінен бөлу



бет64/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   90
Байланысты:
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

2. Басқарудың негізгі қағидалары, еңбекті тігінен және көлденеңінен бөлу.
Мекеменің әрбір бөлімі, бөлігі тиімді әрі өнімді жұмыс жасаулары қажет. Әрбір бөлімнің жазбаша түрінде сапа стандарты болуы керек және ол орындалуға тиіс.
Тігінен – ұжымның әрбір мүшесі мекеменің, оның басшысының миссиясын жақсы білуі керек, ал оның мақсатының кейбір тұстарын білу міндетті емес.
Көлденеңненбағдарлама, бөліктер арасында бәсекелестік болмауға тиіс, мекеменің басқа бөлімдерінің мақсатын және қажеттілігін түсіну.
Педагогикалық жүйенің құрылымдық элементтері педагогикалық ұжым және оның жетекшілерінің немесе басқарушы жүйенің іс-әрекеті негізінде анықталады.
Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:
I деңгей – мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілері. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды.
II деңгей – мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, аға жетекшілер, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі көмекшісі, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер.
III деңгеймұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
IV деңгей – оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Оқушы өзара әсерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара алады.
Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда басқарудың екі деңгейін анықтауға болады: тігінен – жалпы мектеп ұжымы және сыныптар ұжымы. Көлденеңінен – қоғамдық ұйымдар, спорттық секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т.б.
Ал, педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім іс-әрекетімен бірлесе жүреді. Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету – бұлар педагогикалық процесті қозғалыста, өзгерісте сипаттайды (дамыту мен жетілдіру).
Басқаруға тəн басты ерекшілік – бұл жұмысқа барлығының: əкімшілік, мұғалімдер, оқушылардың бірдей араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нəтижесіне үлкен əсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз əрекетінің кез-келген сəті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тəуелді болмайтынын мойындауы тиіс.
Басқару əдістерінің негізгі топтамасы төмендегідей:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет