Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым



бет66/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   90
Сурет-30. Мектеп жұмысын басқару
Ю.А.Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде аналитикалық, мақсаттылық, ізгілікті, басқару демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әртүрлі басқару іс-әрекетіне дайындығын атап көрсетеді. Басқару заңдылықтарынан шығатын қағидалар мектеп жұмысын басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде қызмет етеді.
Басқарудың жалпы қағидаларына жататындар:
  1. педагогикалық жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру;


  2. басқарудағы жүйелілік пен тұтастық;


  3. орталықтандыру мен таратуды ұштастыру;


  4. бірыңғай және алқалық басқару бірлігі;


  5. педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы.


Директор жəне басқа да басшылардың оқу-тəрбие процесін нақты басқару қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей:




  1. Педагогикалық жүйелер басқаруын демократияландыру жəне гуманизациялау. Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының өзіндік іс-əрекеттері мен ынтасының дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу жəне басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты қажет етеді.


  2. Орталықты басқару мен өзіндік басқаруларды оңтайлы үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері əкімшілік жəне қоғамдық органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді: басқару шешімдерін талқылау жəне қабылдауды, кəсіби деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, əрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді.


  3. Жеке басқару жəне ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм мен əміршілдікке жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің əрбірінің жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Ол жеке басқару тəртібін, педагогикалық процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет