Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Педагогикалық диагностика – педагогикалық ғылымның бір саласы, сонымен қатар, практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады



бет36/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   90
Байланысты:
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

Педагогикалық диагностика – педагогикалық ғылымның бір саласы, сонымен қатар, практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады.
Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі педагогикалық процесс болып табылады. Педагогикалық диагностикалау педагогикалық процестегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды (15-сурет).

Сурет-15. Педагогикалық диагностиканың құрылымы
Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз – белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.

Педагогикалық диагностиканың ақпараттық, жобалаушылық, бақылау-түзетушілік, бағалаушылық және ынталандырушылық қызмет атқарады ( 16-сурет).



Сурет-16. Педагогикалық диагностиканың қызметі
Педагогикалық диагностиканың бағыттары: обьектілік; субьектілік; іс-әрекеттілік; экзистенциалистік; тұлғалық; жүйелік; құзыреттіліктік ( 17-сурет).
Сурет-17. Педагогикалық диагностиканың бағыттары
Педагогикалық диагностиканың формалары: бастапқы; ағымдық; қорытынды. Педагогикалық диагностиканың әдістері: бақылау; әңгімесу; сұхбат; сауалнама жүргізу; тест; құжаттарды зерттеу; ғылыми жоба; педагогикалық портфолио және т. б. (18-сурет).


Сурет-18. Педагогикалық диагностиканың әдістері
Қазіргі педагогикада мұғалімнің іс-әрекет нысаны педагогикалық процесс деп мойындалған. Соған орай мұғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс-әрекет нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты.

2.ТПҮ түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет