Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым



бет34/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90
Байланысты:
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

Мұғалім

Оқушы
Мұғалім
Педагогикалық процестің
құрылымы

Сурет-12. Педагогикалық процестің құрылымы
Педагогикалық процестің субъектісі – тəрбиеленуші жəне тəрбиелеушілер. Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:



  1. ақпараттық – тəрбиеленушіні сауаттандыру;


  2. тəрбиелік – тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі;


  3. дамытушылық – тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі;


  4. аксиологиялық – тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру;


  5. əлеуметендіру – тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу (13-сурет).

Ақпараттық


Тәрбиелік


Педагогикалық
процестің
атқаратын
қызметтері

Дамытушылық


Аксиологиялық


Әлеуметтік бейімдеу



Сурет-13. Педагогикалық процестің қызметтері
Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе. Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады: педагогикалық; әдістемелік; психологиялық. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – форма.

Мақсат – ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер – мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер – мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер ( 14-сурет).


Сурет-14. Педагогикалық процесс компоненттерінің өзара байланысы
Педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айқындалады: белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған, бірлескен, дербес іс-әрекеттері; әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.

Тұтас педагогикалық процестің ерекшеліктері:


  • педагогикалық процесс әлеуеті оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттердің алмасуымен анықталады;


  • ынтымақтастық: оқушы үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуына жағдайы болады;


  • «мұғалім-оқушы» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысында мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;


  • педагогикалық процестің негізгі интерактивтік қасиеттерін әртүрлі тетіктерінің бірлігі деп есептеу керек, ондағы үздіксіз өзара байланысқан жүйедегі оқушы «тұлғасын» қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (мұғалім мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет