Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары



бет11/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

Педагогикалық менеджмент.
Әлемдік менеджмент теориясы мен тәжірибесін талдағанда көрінетіні, классикалық менеджменттің біздің отандық басқару теориясынан ерекшеленетіні – менеджердің тұлғасына мән беретіндігі, оның ұйымның мақсатын жүзеге асыру үшін барлық адамдардың басын қоса алатын және соған арнайы кәсіби білімі бар екендігі. Менеджмент саласындағы білім беру, базалық басқару ақпаратын беруге және аналитикалық, іскерлік пен тіл табысу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
ХХ ғасырда мекемені, ұжымды басқарудың тиімді әдістері зерттеле бастады. 1991 жылы ғалымдар К.П.Вазина, Ю.Н.Петрова, Қ.Д.Белиловскийдің еңбектерінде «педагогикалық менеджмент» термині пайдаланып, ғылымға енгізілді.
Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.
Білім беру процесінің астарында оны құраушы 3 процесс бар: оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өзіндік білім алу процестері.
Педагогикалық менеджмент тұрғысынан алғанда кез келген оқытушы оқу-танымдық процесінің менеджері болады (оларды басқару субъектісі ретінде), ал орта білім беру мекемелерінің жетекшісі – жалпы алғанда оқу-тәрби процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).
Педагогикалық менеджмент – тиімділікті арттыруға бағытталған білім процесін басқарудың технологиялық тәсілдері, ұйымдық формасы, әдісі, қағидаларының кешені.
Басқарушылық біліктілік – тәжірибе, білім, қабілет және басқарушылық бейімі, басшылық жұмысына дайындығының көрсеткіші және басшы ретінде негізделген басқару шешімін қабылдай алу қабілеті.
Білім беру ұйымы басшысының басқару біліктілігі – теориялық және тәжірибелік білімінің деңгейі және қабілеті, кәсіби маңызды сапасы мен қабілеттілігі, оған өзінің мамандануы шеңберінде шектеліп қалуына жол бермейтін, кәсіби жағдайлардан жол табуға мүмкіндік береді, басқарудың тиімді шешімдерін қабылдауға қажетті әлеуметтік және кәсіби жылдамдығын қамтамасыз етеді, өзгерістер мен өз білімін жаңартуға дайындығын көрсетеді.
Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.
Менеджер еңбегінің құралы – білім беру процесіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады. Еңбек қажеттілігі – ақпарат. Еңбек қаруы – сөз, тіл, сөйлеу. Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі – оқушылардың білім алу, тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.
Ғалым Л.Л.Крившенконың зерттеуіне сүйенсек, педагогикалық менеджмент – білім беру мен оқу-тәрбие процесін басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық формалары мен технологиялық тәсілдер кешені.
Педагогикалық менеджмент – тиімділікті арттыруға бағытталған білім процесін басқарудың технологиялық тәсілдері, ұйымдық формасы, әдісі, қағидаларының кешені.
Менеджер еңбегінің құралы – білім беру процесіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады. Еңбек қажеттілігі – ақпарат. Еңбек қаруы – сөз, тіл, сөйлеу. Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі – оқушылардың білім алу, тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет