Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары


Менеджменттің американдық, жапондық және батыс еуропалық типтеріне ортақ және өзіндік ерекше белгілері



бет8/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92
5. Менеджменттің американдық, жапондық және батыс еуропалық типтеріне ортақ және өзіндік ерекше белгілері.
Ғалымдардың зерттеу еңбектерін талдаудың көрсететіні әлемде менеджменттің, басқару кадрларын дайындау мен қайта дайындаудың бәріне ортақ моделінің жоқтығы. Әрбір ел, өздерінде қалыптасқан және белгілі нәтижелер беретін, өз тәжірибелерін пайдалануда. Тарихи қалыптасқан, басқаларға қарағанда неғұрлым ерекше болып табылатын менеджменттің классикалық модельдері бар: ресейлік, америкалық және жапондық.
Жапондық менеджмент жүйесі – әлемдегі ең тиімділерінің бірі. Оның басты ерекшілігі – адамдармен жұмыс істей білуде. Жапондық менеджмент еңбекті ұйымдастырудың топтық формасына бағытталған. Америка менеджменттің бай тәжірибесіне ие. Америкалық менеджерлер өздерінің жоғары деңгейдегі іскерлігімен ерекшеленеді. Америкалық менеджмент моделінің айрықша мәні – дарашылдық.





Сурет-1.А.Маслоудың қажеттілік иерархиясы


4. Врумның күту теориясы, Портера-Лоулердің сандық тәсілі, Д.Мак-Клелландтің теориясы, Д.Мак-Грегордің адами қарым-қатынас теориясы. Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты.
Д.Мак-Грегордың адами қарым-қатынас теориясы. Дуглас Мак-Грегор адамның мотивациясын «X» теориясы мен «Y» теориясы ретінде екі қарама-қарсы жақтан қарастырады.
«X» теориясы бойынша:

  1. бастапқыда адамдар жұмыс жасағылары келмейді, мүмкін болса тіпті де жұмыс істемес еді, жұмыс жасаудан қашады;

  2. адамдар өзін-өзі сүймейді, жауапгершіліктен қашады, оларды басқарғанды місе тұтады;

  3. көбіне адамдар өзін қорғауды қалайды;

  4. жұмысшыларды жұмыс істету үшін оларды үнемі қадағалау қажет, кейде жазалау да қажет болады.

«X» теориясы бойынша адамдар жауапкершілікті өз мойнына алмайды: адамдар не тек ақша үшін ғана жұмыс жасайды, не бір нәрседен, не әлдекімнен қорыққаннан ғана жұмыс жасайды. Ал бұл көзқарастағы менеджмент қазіргі қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Сондықтан «Y» теориясы өмірге келді: адамдар жалқау емес және жауапкершіліктері де жоқ емес. «Y» теориясы бойынша дұрыс мотивация берген жағдайда жұмыста шығармашылық таныта алады және өзін-өзін басқара алады.
«X» теориясы мен «Y» теориясы бір-бірін жойып жібермейтіндей қарама-қайшылықты теориялар болып табылады.
Д.Мак-Грегордың пайымдауы бойынша, адамдардың басым көпшілігінің саналы және зиялы болуға әлеуеті жетеді, сондықтан адамдардың көзқарастары мен мінез-құлқында айырмашылықтар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет