Білім сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде. Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2050» стратегиялық даму жоспарында алыс-жақын шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсаты алға қойылды. Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осындай өзекті проблеманы шешу мақсатында төмендегідей негізгі бағыттарды ұстану қажет:
2000 жылдан бастап білім сапасын басқарудың тиімді тетігін қалыптастыру аясында бірталай нәтижелерге қол жеткізілді. Олар:
1 деңгей – сапа саласындағы мақсат, сапа бойынша басқару;
2 деңгей – құжаттандыру тәртібі, стандарттар;
3 деңгей –бөлімшелерінің ережелері, нұсқаулықтар;
4 деңгей – сапа бойынша жазба (сапаның еркін формасы);
5 деңгей – нормативті-құқықтық және нормативті құжаттар (заң, жарғы, қаулы, ҚР БҒМ құжаттары).
Білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесі Бүгінгі таңда сапалы өнім өндіру басқа салаларға қалыптасушы ретінде әсер ететін тәуелсіз салаға айналды.
Қазақстандық ауыл шаруашылығын жоғары білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ететін ЖОО алдында төмендегідей маңызды және қиын міндеттер тұр:
тұтынушының күтіміне сай сапалы қызмет көрсетуді үйрену;
жоғары білікті еңбек ресурстарын даярлау қызметінің сапасын тұрақты деңгейде ұстау және оны үнемі жетілдіру.