Жеке басқару жəне ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген әрбір ұжым мүшелерінің жеке жауапкершілігін арттырады. Ал, жеке басқару тəртіп жəне жауапкершілікті қамтамасыз етіп, педагогикалық процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды.
Лекция № 5. Мектептегі жаңашылдықты басқару Жоспары: 1. Мектептегі жаңалық және жаңашылдық үдерісі, басқарудың ерекшеліктері.
2. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттары: басқарудың заңдылықтары мен қағидалары.
3. Жаңалық, жаңашылдық және жаңалықты ендіру: дамудың ерекшеліктері мен кезеңдері.
4. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологиялар (модерация, жобалау және т.б.)
Ұсынылатын әдебиеттер 1) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент. Оқулық . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -383 б.2.Т.В.Паньшина, Ж.Ж.Айтпаева Педагогикалық менеджмент Алматы, 2012
2) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент: Тест тапсырмалары, кейстер. Оқу құралы . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -87 б.
3) Бузаубакова К.Д., Ахметова А.Н. Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару. Оқу құралы. -Тараз: ТарМПИ, 2015. - 156 б.
4) Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы.- Алматы, 2005.-145 б.
5) А.Қ.Дүйсенбаев Педагогикалық менеджмент:- Алматы: Отан ЖҚ., 2015.-187 б.
6) Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы. - Ақтау, 2010. -87 б.
1. Мектептегі жаңалық және жаңашылдық үдерісі, басқарудың ерекшеліктері. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі әлемде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Инновациялық іс-әрекетті зерттеген ғалымдар:
Педагогикалық инноватика және оны меңгеруге мұғалімдерді дайындау (М.М.Поташник, Н.Р.Юсуфбекова, И.И.Цыркун, Я.С.Турбовской, Ш.Т.Таубаева, К.Ж.Бұзаубақова, С.Н.Лактионова, Н.К.Ахметов және басқалар).
Мұғалімдерді ақпараттық, педагогикалық технологияны қолдана білуге дайындау (Л.В.Нефедова, М.В.Николаева, Т.А.Лавина, Г.Г.Брусницына, Ж.А. Қараев, Г.К.Нургалиева және басқалар).
Инновациялық іс-әрекет үшін маңыздысы тек қана іс-әрекеттің мазмұнын ғана өзгерту емес, сондай-ақ оның әдіс-тәсілдерін модернизациялау, яғни іс-әрекеттің технологиясын да жетілдіру аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жаңашылдықты – инновацияның нәтижесі ретінде қарастыруға болады, ал инновациялық процесс, ең аз дегенде 3 кезеңді қамтиды: идеялар генерациясы; қолданбалы бағытта идеяны жүйелеу; практикаға жаңалықты ендіруді жүзеге асыру.
Жаңашылдық ғылыми идеялардың тууынан оның практикалық қолданысқа енуіне дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын және әлеуметтік-педагогикалық ортадағы осыған сәйкес өзгерістерді жүзеге асыратын процесс.
Білім беру саласындағы инновация деп арнайы жоспарланған немесе «кездейсоқ ашылған» педагогикалық инициативалар ретінде жаңалықтарды айтамыз. Бұл ретте «жаңашылдық» мазмұнына ғалым В.М.Полонский ғылыми-теориялық білімнің нақты жаңалығын жатқызса, В.П.Беспалько және В.В.Сериков жаңа тиімді білім беру технологияларын жатқызады, ал Н.Л.Гузик тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибенің технологиялық жобасын ұсынады.
Инновация – бұл тек педагогикалық процесс немесе мектепті басқаруды ұйымдастырудағы қандайда бір жаңалықтардың жемісі ғана емес, ол мектептегі тәрбиелеу және оқыту жүйесінің бәрінде өзгеріс әкелген өзара әрекеттер жиынтығының нәтижесі. Осындай нәтижелі еңбекті ұйымдастырғанда мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке қажеттілігі арта түседі (3-кесте).
Ғалым Я.С.Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық озат педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие процесінің сапалы жаңа өзгерісі болып табылады.