Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары


Мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципі



бет22/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

Мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципі – мұғалімді жеке тұлға ретінде тану:
1) Мұғалімге ешқашан дауыс көтермеу, олардың ар-намысына тимеу. Мұғалімдермен ұдайы іскер, ілтипатты қарым-қатынаста ұстау.
2) Жұмыс күші (мұғалімнің жұмыс уақыты біткенге дейін) мұғалімге ешқандай ескертулер жасамау, әсіресе сабақ барысында.
3) Сабаққа қатысқанда мұғалімнің жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне әділ баға беру.
4) Сабақты талдағанда ұдайы сабақтың жетістігінен, мұғалімнің қол жеткен табыстарынан бастаған жөн.
5) Ең алдымен мұғалімнің жетістігін айтып, соңында жіберген кемшіліктерді көрсеткен жөн.
6) Сабақты талдағанда, мұғалімнің жұмысына баға бергенде мұғалімнің жеке басының ерекшеліктерін (менез-құлқын, қабілеттерін) ескеру.
7) Сіздің айтар сөзіңіздің мұғалім жүрегіне қалай әсер ететінін алдын-ала болжай алу.
8) Мұғалімнің көңіл-күйіне, денсаулығына зиян келтірмейтіндей сөз жолдарын, әдіс-тәсіл, амалдарын іздестіру.
9) Мұғалімді толық, сөзінің соңына дейін тыңдап алуға тырыс.
10) Қандай жағдайда да сабырлық, төзімділік сақта.
11) Өзінің жеке басының үлгісі арқылы мұғалімді жауапкершілікке, іскерлікке үйрет.
12) Берген сөзіңде тұр, уәдеңді орында, әділ бол.
Тұлғалық ынталандыру принципі. Мұғалімнің, оқушының әрбір іс-әрекеті ынталандыру қажет. Себебі мұғалімге әрі материалдық, әрі моральдық жағынан ынталандыру ауадай қажет. Мұғалім өз еңбегінің әділ бағалауын көргенде оның жұмысқа деген көзқарасы, ынтасы, талпынысы артады. Мұғалім жұмысты ерекше ыждахатпен істейді, табысты еңбек етуге тырысады. Мұғалімді ынталандыру принципі – сапаға жетудің бірден бір құралы.
4. Орталықтандыру мен жекеленуді саналы түрде үйлестіру. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі.
Бұл принципті ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм мен əміршілдікке жол бермеу. Орталықты басқару мен өзіндік басқаруды оңтайлы үйлестіру əкімшілік жəне қоғамдық органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау жəне қабылдауды, кəсіби деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, əрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет