2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен гуманизациялау ұстанымы. Директор жəне басқа да басшылардың оқу-тəрбие процесін нақты басқару қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей: педагогикалық жүйелер басқарымын демократизациялау жəне гуманизациялау. Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының өзіндік іс-əрекеттері мен ынтасының дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу жəне басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты қажет етеді.
3. Өкілеттіліктерді табыстау. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық. Басқару ақпараттарын əрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады:
уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық;
мақсаты бойынша – өкімдік, ұсыныс, нұсқау-таныстыру жəне т.б.
Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері қалыптасқан: жалпы – қызметке орай жағдайларды жасау; белгілі қызметтік – нақты іс-əрекеттерге байланысты шарттарды түзу. Жеке адамдарға жүктелетін тапсырмалар – күнделікті шаруашылық; кешенді істерге дайындық; арнайы орындалатын іс-əрекеттер; жекеленген мəселелер. Жекелеп берілмейтін міндеттер: басшы қызметі; мақсатты айқындау; мектеп стратегиясына орай шешім қабылдау; нəтижеге бақылау салу; қызметкерлерге басшылық, оларды еңбекке ынталандыру; аса маңызды міндеттер; тəуекелдікті талап ететін жоғары дəрежелі тапсырыстар; тосын, қалыптан тыс іс-шаралар; түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар; жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.
Мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципi.Басқару принципі – қойылған мақсатқа жету үшін басшылыққа алынатын негізгі ереже, қағида.