Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары


Стратегияға түзету енгізі біліктілігі



бет48/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

Стратегияға түзету енгізі біліктілігі. Өзгерістерді басқару жаңа жағдайлардың пайда болуымен және түзету әрекеттерін талап етуімен шартталған. Критерийлер жиналған тәжірибеге және болашақтағы мақсаттарға сәйкес жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Дамудың ұзақ мерзімді бағытына түзетулер енгізілуінен, жаңа мақсаттың пайда болуынан және сыртқы орта жағдайларының өзгерісінен стратегия өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Стратегиялық басқару кезеңдері. Қазіргі заманғы менеджмент және жүйелі бағыт ірі макрожүйе бойынша білім беру мекемелерін басқару жүйесін декомпозициялауға және іс-әрекет бағыты бойынша стратегияны жобалауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Менеджменттің классикалық теориясында стратегиялық басқарудың негізгі 3 кезеңі ажыратылады:

  1. диагностикалық талдау;

  2. стратегиялық жоспарлау;

  3. стратегияның жүзеге асырылуын басқару.

Кез келген басқару процесі төмендегідей функцияларды қамтиды: жоспарлау; ұйымдастыру; мотивация; бақылау; координация.
Білім беру аймағында ТQМ функцияларының ара-қатынасы 20-суретт көрсетілді.
Жоспарлау – мекеме қызметінің жоспарларын жасап, оның құрамды бөліктерін анықтауға қатысты басқару іс-әрекетінің функциясы. Жоспар мақсатқа жету үшін орындалуы қажет іс-әрекеттің түрін, формасын, тізбесін, оған кететін уақытты, ресурстарды анықтайды.
Жоспарлау құрамына кіретіндер:

  1. мақсат пен міндеттерді анықтау;

  2. мақсатқа жету үшін стратегия жасау, жоспар құрып, бағдарлама әзірлеу;

  3. қажетті ресурстарды айқындау және оларды мақсат-міндеттеріне қарай бөлу;

  4. қызметті жүзеге асыратындарға жоспарды жеткізу.






Сурет-20. Білім беру саласындағы ТQМ функциялары


Жоспарлау объектісі болып табылатындар:

  1. ресурстар (кадрлық; материалдық-техникалық; қаржылық);

  2. оқушылар құрамы және қабылдау тәртібі;

  3. білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды ендіру;

  4. жалпы орта білім беретін мектептердегі ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және инновациялық процестер;

  5. жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесін жүргізудегі басқа құрылымдардың (кітапхана, ғылыми орталықтар) қызметі;

  6. білім беру процесін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету қызметі (оқу жоспарлары, бағдарламалары, технологиялары);

  7. білім беру мекемесінің халықаралық байланыстары;

  8. кәсіпкерлік, қаржы-әкімшілік іс-әрекеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет