Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары



бет49/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

Ұйымдастыру – басқару құрылымы бойынша басқарушылық іс-әрекетінің функциясы, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін анықтау, олардың өзара қарым-қатынастарын қамтамасыз ету, мақсатқа жету жолындағы әдіс-тәсіл, құралдардың тиімдісін таңдау.
Ұйымдастыру процесінің кезеңдері:

  1. еңбекті (қызметті) бөліп берудің тиімді формасын анықтау;

  2. басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын анықтау;

  3. білім беру мекемелері бөлімі мен бөлімшелері қызметкерлері арасында міндеттері мен құқықтарын анықтау, жұмыстарды бөлісу;

  4. қызметке, іс-әрекетке, жұмысқа уақытты бөлу;

  5. кадрларды таңдау және іріктеу.

Ұйымдастырушылық қызметтің басты құралдары болып табылатындар: бұйрық, ереже, жарнама, нұсқау, әңгімелесу және т.б.
Қазіргі кезеңде нақты құрылымы жоқ мекемені тиімді басқару мүмкін емес. Басқару құрылымы – басқару процесін жүзеге асыратын ұйымдастыру формасы. Тиімді ұйымдастырушылық құрылымды құру – мақсат емес, мақсатқа жету құралы.
Білім беру саласында менеджердің мақсаты – мекеменің міндет-мақсатына сәйкес келетін ең жақсы әдіс-тәсілді таңдау. М.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоури сияқты американдық ғалымдардың пікірінше, ең жақсы құрылым – мекемені сыртқы ортамен тиімді өзара қарым-қатынасқа өнімді еңбекке бағыттайтын құрылым, осылайша өз мақсатына жоғары жетістікке жету.
Мотивация – мекеме қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетін ынталандыру және өзін-өзі дамыту бойынша басқару іс-әрекетінің функциясы, сондай-ақ әрбір қызметкердің шығармашылық белсенділігін қалыптастыратын ұжымдағы тиімді әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыратын басқару іс-әрекеті.
Білім беру жүйесінде ТQМ нобайы 21-суретте ұсынылды.
Бақылау – келелі адекватты коррекциялық іс-әрекет жасау үшін мекеменің жұмысына объективті сандық және сапалық баға беруді мақсат ететін басқару іс-әрекетінің функциясы.
Сапалы ақпаратты жинау мен талдау басқарудың кері байланысын жүзеге асырғанда көрініс табады.
Бақылау басқару іс-әрекеті ретінде төмендегідей кезеңдерді қамтиды:

  1. білім беру мекемелері әртүрлі бөлімдерінің жай-күйін, көрсеткіштерін, стандарттарын анықтау;

  2. бақылау объектісінің дәрежесіне сәйкес келетін ақпарат жинау;

  3. алынған нәтижені қойылған стандартпен салыстыру;

  4. сәйкессіздікті болдырмау жолдарын іздестіру, фактілерді талдау;

  5. қол жеткен нәтиже бойынша төменгі деңгейге жеткізу және тарату;

  6. нәтиже бойынша ақпаратты талдау, бағалау;

  7. жоспарланған, алынған нәтижелерге түзетулер енгізу (коррекция жасау).

Координация – процестің үздіксіздігін, тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін басқару функциясы. Коррдинациялаудың басты мақсаты – тиімді байланысты орнату арқылы мекеменің барлық бөлімдерінде өзара келісімділікті, үйлесімділікті қамтамасыз ету. Басқарудың бұл қызметін жүзеге асыруда әртүрлі құжат көздері пайдаланылады (ЖОО-ның жылдық есебі, кафедра, факультеттің жұмыс іс-жоспарлары, қызметтік жоспары және т.б.). Коммуникация – жақсы координациялық жұмысты жүргізу үшін коммуникацияның атқаратын рөлі зор. Басқару қызметінде ақпаратты алу, өңдеу және жеткізу барысындағы іс-әрекеттер жүйесі коммуникациялық қызметті құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет