Лекция № 7. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау
Жоспары:
1. «Диагностика» ұғымының мәні, «Педагогикалық диагностика» түсінігі, тұтас педагогикалық үдеріс (ТПҮ) диагностикасы.
2. ТПҮ түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік.
3. Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамалары (ауыспалы, үлгерім сапасы, балалар ұжымының қалыптасу деңгейі, оқушылардың әлеуметтік белсенділігінің деңгейі және т.б.) және олардың көрсеткіштері.
4. Педагогикалық талдау, негізгі объектілері. SWOT-талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер
1) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент. Оқулық . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -383 б.2.Т.В.Паньшина, Ж.Ж.Айтпаева Педагогикалық менеджмент Алматы, 2012
2) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент: Тест тапсырмалары, кейстер. Оқу құралы . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -87 б.
3) Бузаубакова К.Д., Ахметова А.Н. Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару. Оқу құралы. -Тараз: ТарМПИ, 2015. - 156 б.
4) Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы.- Алматы, 2005.-145 б.
5) А.Қ.Дүйсенбаев Педагогикалық менеджмент:- Алматы: Отан ЖҚ., 2015.-187 б.
6) Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы. - Ақтау, 2010. -87 б.
7) В.Паньшина, Ж.Ж.Айтпаева Педагогикалық менеджмент. - Алматы,2015.-245 с.
8) Жайтапова А.А., Садвакасова З.М., Кабдолданова Б.А. Менеджмент качества в организации образования. - Алматы, 2010. -279 б.
1. «Диагностика» ұғымының мәні, «Педагогикалық диагностика» түсінігі, тұтас педагогикалық үдеріс (ТПҮ) диагностикасы.
Педагогикалық диагностика соңғы уақытта іс-әрекет нысаны және мұғалімді басқару принципiн қарастырып келеді.
«Педагогикалық диагностика» ұғымын 1968 жылы бір ғылыми жоба аясында медициналық және психологиялық диагностикамен ұқсата отырып К.Ингенкамп ұсынды.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталады (Б.С.Кобзарь, Л.И.Катаева, Е.А.Берулова, Б.П.Макарова, Б.П.Битинас, В.П.Симонов және т.б.).
Б.П.Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтады.
Педагогикалық диагностика – сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-оқушы» жүйесі мүмкіндіктерін анықтау (В.К. Омарова).
Достарыңызбен бөлісу: |