2. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстардың түрлері мен ерекшеліктері, нысанның элементтері мен субъектілері
37-суретте педагогикалық қақтығыстың түрлері ашылды.
Педагогикалық қақтығыстың түрлері:
1) Тұлғаішілік қақтығыс – бұл тұлғаның мотив, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.
2) Тұлғааралық қақтығыс – бұл тұлғалар арасында бір-біріне қарама-қарсы мақсаттарды орындау барысында іс-әрекетте туындайтын конфликтілермен сипатталады.
3) Топаралық қақтығыс – бұл әлеуметтік топтар арасында мақсаттар мен оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінен туындайтын конфликтілер.
4) Тұлғалық-топтық қақтығыс – тұлғаның мінез-құлқы мен тәлім-тәртібі топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде туындайды .
Сурет-37. Педагогикалық қақтығыстың түрлері
3. Қақтығыстарды басқару ерекшеліктері, қиындықтары.
Осындай түйіспені «психологиялық түйіспе» деп атайды.
38,39-суреттерде психологиялық комфорт, психологиялық түйіспе ұғымдарының мәні ашылды.
Қарым-қатынас ұғымы – адамның ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудағы іс-әрекеті.
Мұғалім мен оқушы – әртүрлі екі субьект. Мәселенің негізгісі осы әртүрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесін де көруі керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс-әрекетін міндетті түрде ескеруі керек.
Мұғалім мен мұғалімнің, мұғалім мен басшының қарым-қатынасы қарама-қарсы нақтылық пен сөз мәдинетін талап етеді.
Сурет-38. «Психологиялық комфорт» ұғымының мәні
Сөз жүйесі, сөйлемдер айтылуы тез әрі түсінікті болуы шарт. Оқыған адамдар тез түсініп, дәл қабылдай алатын болуы керек.
Сурет-39. «Психологиялық түйіспе» ұғымының мәні
Ен бастысы – іскерлік қарым-қатынаста екі жақты пікірінің келісім табуы. Білімдіктің, кәсіби шеберліктің жемісі – нәтиже болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |