Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байлансты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы(Г.М.Андреева бойынша):
коммуникативті;
интерактивті;
перцептивті.
Педагогикалық қарым-қатынастың атқарылатын қызметі:
әлеуметтік;
психологиялық;
инструменталдық.
Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар:
педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;
оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;
өзінің психикалық жағдайын басқара алмау және т.б.
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігін әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Педагогикалық қарым-қатынасты төмендегідей іскерліктер құрайды: - ақпаратты беру іскерлігі;
- оқушы жағдайын түсіну;
- балалармен өзара қарым-қатынас орнату;
- қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;
- өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.
Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде: «Конфликт- құндылық үшін күрес және белгілі бір мәртебе, ресурстар үшін таласу барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру» – деп көрсетіледі.
Педагогикалық қақтығыс, психологиялық кедергілердің ерекшеліктері: