Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Қолғанат бiрiккен сөзi қол



бет30/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

Қолғанат бiрiккен сөзi қол және қанат сөздерiнен қалыптасқаны белгiлi. Ал осы екi сөздiң арасындағы байланыс салалас па? Бiр қарағанда қол адамның дене мүшесi, қанат құстың сондай дене мүшесi, қолы сияқты. Бiрақ қазақ тiлiнде қол сөзi көмекшi деген мәнде екiншi сөзбен анықтауыштық қатынаста сабақтаса байланысып, қол бала тiркесiнде қолданылуы қолғанат бiрiккен сөзiндегi де әуел баста қол сөзi анықтауыштық қатынаста қанат сөзiне бағына байланысқан деп қорытуға мүмкiндiк бередi. Бұл – бiр. Екiншiден, ағайын сөзi аға және iнi сөзiнен жасалғаны күмәнсiз емес. Өйткенi iнi сөзi қалай йын түрiне айналып кеттi? Сөз соңындағы i дауыстысы қалай түсiп қалды. Үшiншiден, бiр ғана бiрiккен сөздiң өзгеше байланыста және құрамда, яғни негiзгi жасалу заңына қайшы түрде жасалуы да күмән тудырады. Солай болған күннiң өзiнде де ол – заңдылық емес.
Бiрнеше сөздiң бiрiгiп, тiркесiп барып күрделi сөз қатарына өтуi нәтижесiнде бiрiккен сөздердiң де, тiркестi сөздердiң де компоненттерi арасындағы синтаксистiк байланыс өшiрiлiп, олар тұтасып кетедi де, сөйлемде бiр сөз мәнiнде жұмсалып, бiр ғана синтаксистiк қызмет атқарып, өзi байланысқан сөзге бiрдей қатысты болады.
Бiрiккен сөздер мен тiркестi сөздер компоненттерi арасындағы байланыс көбiнесе зат есiм – зат есiм, сын есiм – зат есiм, сан есiм – зат есiм, есiмдiк – зат есiм, сын есiм – сын есiм, сан есiм – сан есiм т.б. орын тәртiбi арқылы қабысу, iлiк септiктiң түсiп қалған түрiндегi сөз тәуелдiк жалғаулы изафет конструкциялық тiркес және аз да болса меңгеру болып келедi. Тiркесi күрделi сөздердiң морфологиялық құрамы оқулықтарда, грамматикаларда күрделi сөз таптары ыңғайында сипатталған: күрделi зат есiм, күрделi сын есiм т.б.
Қосарлану тәсілі – екі сөздің бір-біріне қосақталып, біртұтас мағыналы сөз жасайтын өте көне тәсіл. Орхон жазба ескерткіштер тілінде өлу-йіту (өлім-жітім), ічін-тачын (іш-тысын), ядағын-ялаңын (жалаңаш-жалпы) сынды қос сөздер қолданылғанын ғалымдар еңбектерінде келтіріп жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет