Лекция №4.3 Тақырыбы: Сөз таптары Мақсаты: Студентке дәріс тақырыбы бойынша айтылған мәселенің басын ашып түсіндіру. Ондағы кездесіп, қолданылып отыратын фонетикалық,
лексика-грамматикалық ұғымдарға (лингвистикалық терминдік атауларға) айырықша көңіл тоқталып, білімгерлердің оларды түсініп қабылдауына, сабақ барысында қолданып отыруларына көңіл бөлу.
Жоспар: Сөз таптары
Олардың түрлері
Сөздерді грамматикалық сипаттарына қарап, оларды, ең алдымен, грамматикалық сөз таптары деп танып жүрміз.
Сөз таптарының, олардың грамматикалық категорияларының өзара қарым-қатынастарынан тіліміздің грамматикалық ерекшеліктері туады. Ал, сол ерекшеліктерден оның грамматикалық құрылысына тән алуан түрлі грамматикалық құбылыстардың бірлігі құралады.
Сөз табы деп жалпы лексикалық- грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер 9 топқа бөлінеді:
1.Зат есім;
2.Сын есім;
3.Сан есім;
4.Есімдік;
5.Етістік;
6. Үстеу сөз;
7. Еліктеу сөз;
8. Шылау сөз;
9. Одағай.