Сонымен жұрнақтар мынадай топтарға бөлінеді:
Тілдің өз материалынан я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл және кірме жұрнақтар болып екіге бөлінеді.
Ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай көне және жаңа жұрнақтар.
Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай тірі және өлі жұрнақтар.
Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай жалаң және құранды жұрнақтар.
Мағыналық жағынан бір не бірнеше мағынаны білдіруіне қарай дара (моносемиялық) және көп (полисемиялық).
Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларына қарай құнарлы және құнарсыз.
Жұрнақтардың шығу төркіндерінде де, даму және қалыптасу тарихында да, беретін мағыналары мен атқаратын қызметтерінде де қаншалықты ерекшеліктері мен өзгешеліктері бола тұрса да, олар жұрнақтардың жүйелі категория екенін көреміз.
Әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. –А., 1964; 1974.
Қазақ грамматикасы, Астана,2002
Қазақ тiлiнiң грамматикасы. 1 том. Морфология. –А., 1967.