Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары


Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық



бет91/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
3. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Ғылыми-техникалық революцияны іске асырған адамзат-тың ақыл-ойы қазіргі кезде: "Жер бетіндегі тіршілікті сақтауға бола ма, әлде болмай ма?" деген диалеммалық сүраққа келіп тіредді, ойткені адамзаттың ғасырлар бойғы дүниетануының шыңы деп санауға болатын атомдық, ядроішілік энергияны ашуы табиғат күштерін меңгеруге көмектесуге тиіс еді, бірақ ол сонымен қатар жер бетіңде тіршілікті жойып жіберу апатын тудыруы мүмкін дүниежүзілік термоядролық соғыс қаупін тудырды, яғни соғыс пен бейбітшілік проблемасы қазір бірінші орыңца түрған проблема десе де болады.
Адамзат тарихының барысыңда жақсылықпен қатар, жамандық та болып, өсіп отырды. Жаманшылықты алып келетін көбінесе соғыстар болды, ойткені олар адамзат қолы-мен жасаған игіліктерді қиратқаны былай түрсын, адамдардың озін де көптеп өлтіруге әкеліп соқты. Егер бүрьшғы кездердегі соғыс қүралдары - қылыш, найза, мылтық т.б. адамдарды ғана өлтіру қүралы болса, қазіргі кездегі ядролық қүрал түтас бір қаланы, бір елді бірден жойып жібере алады. Оның үстіне, ядролық қарудың үрпақтан-үрпаққа созылар зардаптары қанша! Соңдықтан жаппай қырып-жою қүралы ретінде соғыстан бас тарту мақсаты жеке халықтардың бейбіт қатар омір сүруге талпыну сияқты субъективтік мүддесінен ғана туып отырған жоқ, ядролық соғыста ешкім жеңбейтіні жайыңцағы объективтік себептен де туьш отыр. Бүгін таңдағы әлеуметтік-саяси жағдайларға үңіле қараған адам қазіргі кезде түрлі мемлекеттер мен елдер арасыңдағы келіспеушіліктерді озара келісімге келу арқылы ғана шешу қажеттігін айтпай-ақ түсінеді. Бүлай жасамайынша, адамзаттьщ оз басьша тонген қүрып кету қауіпінен қүтьшудың басқа ешқандай шарасы жоқ. Қазіргі кезде адамзаттың қолы жететін бір-ақ жеңіс жолы бар, ол - ақыл-парасаттың жеңісі. Бүл пікірдің ақиқаттығын адамзаттың ойшыл өкілдері ежелден бері-ақ ескертіп келеді екен. Мәселен, ертедегі үнді философиясывда адам адамды қүдайдай сыйлау қажеттігі жайындағы көптеген пікірлер айтылыпты. Солардың бірін Будда былай түжырымдайды: "Адамдардың ешқайсысы жеңіліс таппай, бәрі де жеңіп шыққан жеңісті ғана нағыз жеңіс деп атауға болады". Адамзат өз басына төнген қауіпті шынында да барған сайын түсініп келе жатқан сияқты. Бүл айтқандарымыз ядролық соғыс бола қалғандағы келтірер зияны ғой. Ал ондай соғысқа даярланудың келтіретін зияны өз алдына: "жанталаса қарулану"саясаты қоғамның бейбіт өмірі үшін, экономикалық дамуы үшін қажетті қанша мол қаражаты мен материалдық жабдықтарын қажет етеді, әскери өнеркесілті дамьггып, бейбіт өмір өнеркәсібі мен ауылшаруашылығының дамуына т.б. кедергі жасайды.
Қысқасы, еңбек өнімділігін артгырып, адамдардың түрмыс жағдайларын жақсартуға өлшеусіз мүмкіндіктер ашуга тиісті ғьшыми-техникалық революция мен экономиканы милюйр-ландыруарасындашиеленіскенқайшылықтуып, мүныцөзі жаңа техника жасаушы миллиоңдаған адамдардың еңбегІН олардың өз өміріне төнген, қауіп-қатерге айналдырады. ДемвХ, ядролық қару түсыңда әскери күш корсету категорияларі.імсі і ойлау адамзатты өзін-өзі өлтіруге итермелеу деген СӨЗ.
Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесіидс гуі ;і11 дүниежүзілік атомдық қауіп-қатермен қатар, табиіат ік-н қоғамның қатынасыңда туған басқа да дағдарыстар бар, Ол дағдарыстың ішіңдегі ең бастылары экологиялық, энергети калық т.б. дағдарыстар болып отыр.
Биоөлеуметтікжанретінде адамтабиғатқа бейімдсліп КДНВ қоймайды, керісінше, ғылым мен техниканың жетісгіктеріі іе сүйене отырып, оны өз қажеттеріне сәйкес өзгертеді. ОСЫ іс-өрекеттің нәтижесіңде адамның өз басына ЭКОЛОГИЯЛЫҚ қауіп төніп келеді: табиғат байлықтарын есепсіз түтынудын салдарынан алдағы ғасырларда олардың қорының біртіндеп таусылу қаупі бар. Оларға ең алдымен қазба баЙЛЫІ гіф, минералдық шикізаттар жатса, екіншіден, өзін-ӨЗІ КДЛПЫШ1 келтіріптолықтырыпотырадыдепесептеліп кепки ауы к х. таза ауа, тірі организмдер, т.б. биосфералык, заттар жатады,
Ғылыми-техникалық революция табиғаттың мүндай байльщтарытаусылмайтыншексіземестігііі, өлшеусіз, есеисіі өңдіреберуге болмайтынындәлелдеді. Мысалга, өз еліміздегі мүнай қорын алайық. Қазір Каспий тсңізініц астындаҒЫ мүнай қорын бес жағынан бес мемлекет жанталаса ондіріп жатыр. Осы бәсекелесе өндірудің нәтижесінде түбінде ОЛ мүнай қоры таусылып, Каспий теңізінің астында орасан зор үңгір пайда болып, сол үңгірге теңіздің суы сіңіп кетш, екінші бір Арал теңізінің пайда болмасына кім кепілдік бере алады!
Кейде мамаңдар мүндай экологиялық проблемалардың себебін қазіргі ғылыми-техникалық революцияның ішкі мәнінен іздеп, оның бірден-бір себебі FTP деп санайды. Алайда мүндай пікірмен келісуге болмайды, өйткені ғылым да, оның негізіңде жасалған техника да айналадағы табиғи ортаға өздігінше елеулі эсер етпейді. FTP-дың экологиялық жағдайларға тигізетін өсері оның жетістіктерін практикада қолданудан басталады: қазіргі заманғы өндіріс ғылым мен техниканың барлық жетістіктерін қолдана бермейді, тек шамалы бөлігін ғана қолданады. Технологияның негізгі бөлігінің айырмашылығы баяғы XIX ғ. өнеркөсіптік револю­ция кезіндегіден шамалы ғана - олар сол кезде-ақ өндірісті өлшеусіз арттырған еді. Машиналардың күш-қуатын арттыру, өңдірістің үздіксіздік әдісін қолдану шикізатты өлшеусіз талап етті, табиғатқа адамның ықпал жасауын арттырды.
Демек, қазіргі заманғы экологиялық дағдарыстың себептері ғылыми-техникалық революция пайда болудан елдеқайда бүрын шыққан еді. Оның түпкі, басты себебі - капиталистік товар өндірісінің табиғатынан туатын аз уақыт жүмсап, мүмкіндігінше мол пайда табу заңында жатыр. Қайта, керісін-ше, ғылыми-техникалық қызметті материаддық өндірістің жетекші саласына айналдыру табиғат пен қоғам арасындағы қайшылықтарды дүрыс шешу мүмкіндіктерін тудырады. Адамның ақыл-ойымен жасаған "екінші табиғат" биосфе-раның табиғи мүмкіңціктерінен асып кетпеуі тиіс. Адамның табиғатқа енгізетін өзгерістері оньщ қоршаған сыртқы ортамен қарым-қатынасына игі өсерін тигізетіндей болуы тиіс.
Қазіргі кездегі тағы бір маңызды проблема - энергетикалық проблема. Егер адамдардың тіршілігін термоядролық соғыс қаупінен сақтау проблемасы негізінен дүниежүзілік қауымдастықтарға кіретін мемлекеттердщ саяси келісімдеріне тәуелді болса, ал адамзатты энергетикалық жағынан қамтамасыз ету негізінен ғылым мен техниканың прогресіне, энергетиканы өндіру мен түтынудың арақатынасын дүрыс үйлестіруге, олай болса, FTP-дың жетістіктерін тиімді пайдалануға тікелей байланысты.
Энергетикалық проблема да, түптеп келгеңде, экологиялық проблеманың негізгі бір тармағы больпт табылады. Энергетика бүгін таңда - экономиканың да,техниканың да, адамдардың да түрмыс жағдайының да негізі, жалпы алғанда осы заманғы цивилизацияның деңгейін айқындаушы фактор. Өмірдің бүл саласында жақындап келе жатқан дағдарыстың себептері де табиғи энергия көзінің шексіз еместігінде, ал оны тұтыну барған сайын өскен үстіне өсуде. Оның үстіне, жер шарындағы адам саны да барған сайын еселеп өсуде. XXI ғ. басына қарай жер шарындағы адам саны 6 милиардтан асып барады - жыл сайынғы адам өсімі 100 млн. екен, сонда 22 ғ. басына қарай қанша болмақшы! Бүған дәлел ретінде мынадай есепті келтірейік: біздің эраның 1000 жылында Жер бетінде 275 млн. адам болыпты, 1500 ж. 450 млн.-ға жетіпті, яғни екі есе дерлік өсіпті, 1800 ж., яғни 3 ғасырда тағы екі есе өсіп, 906 млн. болыпты, 1900 ж. бір ғасырда екі есе дерлік өсіп, 1617 млн., 1970 ж - 3635 млн. болыпты. Байқасақ, адамның екі есе осу мерзімі барған сайын қысқаруда екен.
Экологиялық дагдарыстың мәнін ашып көрсететін тағы басқа мәліметтер келтірейік. Қазіргі кезде жыл сайын жер астынан 100 млрд тонна шамасыңдай түрлі рудалар, жанғыш заттар, қүрылыс материалдары өндіріледі екен; атмосфераға 200 млн тоннадан астам көміртегі тотығы, 150 млн тоннадай күкірттің қос тотығы, 53 млн тоннадай азот тотығы, 50 млн тоннадан астам түрлі көмірсутектері т.б. шығарылады. Дүние жүзіндегі барлық зауыттар жыл сайын 32 млрд текше метр ластанған су ағызып, 250 млн тонна шаң-тозаң, 70 млн тонна улы газдар шығарады екен.75
Радиоактивтік қаддықтардың мөлшері барған сайып осуде. Мүның бәрі топырақты, су мен ауаны айтарлықтай ластандыруда. Демек, қоршаған табиғи ортаны ластандыру да қазіргі заманғы экологиялық дағдарыстың бір корінісі болып табылады. Табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануга және қоршаған ортаның ластануына байланысты экологиялык, дағдарыстарды қалдықсыз жөне аз қалдықты өндіріс үйымдастыру арқьшы шешуге болады. Бүл үшіп табиғи байлықтарды, шикізаттар мен материалдарды, отын мсп энергияны өндірістің барлық деңгейлерінде есеппен тиімді пайдалануға ғылыми-техникалық прогресті бейімдеу қажет,
Ғылыми-техникалық революция сыртқы ортаньщ тез өзгеруіне адам организмінің бейімделу қабілетініц шекгеулі екенін байқатты. Сол себепті қоғамның ішкі техникалык күш-қуаты мен биосфераның табиғи шеістеулі мүмкіндікгсрі арасында жөне сондай-ақ адам организмі арасында елеулІ қайшылық туды. Ауаның, су мен топырақтыц ласгапуі.і, түрмыстың барған сайын қиындауы, әсіресс ірі қалалардш Ы жағдайлар химиялық жағынан организмге зиянды түрЛІШО дәрі-дәрмектерді көптеп қоддану және т.б. борі адампі.іп денсаулығына зор зиянын тигізуде. Адамның физикалық және психикалық денсаулығына зиянды бүлардан басқа да факторлар аз емес.
Жоғарыда айтылғаңдардьщ бәрін қорьггыңдылай айтқаңда, болашақ қоғамдық прогрестің тағдыры қазіргі кезде шиеленісіп отырған дүниежүзілік проблемаларды, біріншіден, жеке дара емес, комплексті түрде және, екіншіден, мемлекетаралық, тіпті бүкіл планетарлық стратегиялық түрғыда шешуге байланысты. Мүндай стратегиялық жоспар әлі жасалған жоқ, бірақ халықаралық өлеуметтік дамудың дүниежүзілік ерекшеліктерін жан-жақты да терең талдамайынша, мемлекеттердің экономикалық жөне саяси мақсат-мүдделері мен іс-әрекеттерін тиісінше аньгқтап, қоғам мен табиғаттың қарым-қатьшастарының біртүтас адамгершілік нормалары мен принциптерін белгілемейінше, барлық мемлекеттердің бірлесе әрекет ету стратегиясын түжырымдау мүмкін емес - мүнда әрбір мемлекеттің мүддесі бүкіл адамзаттың ортақ мүддесімен үндесіп жатуы тиіс. Бүл стратегияны өрбір мемлекет оз бетінше жеке дара жасай алмайды. Ол барлық мемлекеттер ақылға сала отырып келіскенде, мәдениетаралық байланыстарды ескере отырып, аман-есен алға дамудың жеке елдер мен бүкіл адамдық мүделерін дүрыс үштастырғанда ғана жасалуы мүмкін.
Адамзаттың Жер бетіндегі болмысын сақтап, ілгері қарай прогрессивті түрде дамуын қамтамасыз етудің талаптары дүниеге жаңаша козқараспен қарау, жаңаша ойлау логикасын қалыптастыру міндетін үсынады. Бір халықтардың басқаларға танданып, менсінбей қарау психологиясын жеңе білгенде, сойтіп өзара шын түсініскенде ғана адамзаттың аман-есеңдігі мен бейбіт омір сүру стратегиясын орнатуға болады. Адам біртүтас дүниежүзілік тарихтың нағыз субъекті болу жолын іздеуі, табуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет