Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет57/62
Дата23.11.2022
өлшемі182,76 Kb.
#52011
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Лекция мәтіні (қысқаша):
Жас өскіндердің сөз құдіретіне деген сезімін оятуда, әдеби дүниетанымын кеңейтуде, өз беттерімен көркем шығармалар оқуға баулу, оқырмандардың дағдысын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, рөлі ерекше болып келеді. Әдебиет сабағы, сабақ процесіндегі жұмыстар мен сыныптан тыс жұмыстар тонның ішкі бауындай қабысып, бірлікте жүріп отыруы керек. Оқу бағдарламасындағы оқып, талдауға ұсынылатын шығармалардың барлығын сабақ процесінде игеріп біту мүмкін емес. Көркем шығарманы оқудың басты-басты кезеңдері сыныптан тыс мезгілде жүзеге асырылады. Сыныптан тыс оқулардың басты мақсаттарының бірі-кітаппен жұмыс істеуге үйрету, өз беттерімен оны тыңдай білу, оқығандарының ішінен ең негізгі, басты мәселелерді еске ұстау дағдыларын қалыптастыру. Сыныптан тыс оқу сабақтарын ізденіспен өткізетін мұғалімдер кабинетте, кітапханада арнайы «Сыныптан тыс оқу» бұрышын ұйымдастырады.
Сыныптан тыс оқуларда ата-аналар мен кітапхананың да атқарар рөлі зор. Әдебиет мұғалімі сынып жетекшілерімен байланыса отырып, әр баланың жеке кітапханасы болуына, үйде оны қалай құру керек екеніне көңіл бөледі, ақыл кеңес береді. Бұл жұмыс нәтижелі болуы үшін, тоқсанына бір рет «Кітап-рухани байлық», «Менің кітапханаммен танысыңыз» атты әңгімелерге қатысуы да артық болмас еді. Мектеп кітапханашысының жұмыс жоспарына да назар аударып, әдебиет мұғалімі онымен тығыз байланыста еңбек етуі керек. Мүмкіндігіне орай кітапханашы әдебиетші мұғалім берген тізімдер бойынша балаларға кітап оқытуды қамтамасыз етеді, кітап оқудың ережелерімен таныстырады, сөйтіп, сыныптан тыс оқу жоспарлы, мақсатты, жүйелі түрде, әрі бірлікте ұйымдастырылады. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Әдебиет-өнер, сөз өнері пәні. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады.Сөз жоқ, икем-дағдысн дамыту, тәрбиелеу, қабілеті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.
Оқушылар еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру, бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізу де, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік гуманистік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс жұмыстардың жас ұрпаққа берері, үйретері көп.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
а/Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Үйірме жұмыстары-сыныптан тыс жұмыстардың күретамыры.
ә/Әдеби-шығармашылық үйірмелердің сонымен қатар «Шешендік өнер», «Айтыс». «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері, әсіресе, соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.
Үйірме жұмыстарының арнаулы органы - қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалынады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын-жазушылар да /өз тілегімен/ көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби-шығармашылық үйірмелерінің жұмысын жас ақын-жазушылармен бірігіп жүргізу нәтижелі болмақ.
б/Әдеби үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе «Кітап-білім бұлағы» деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, Ү-ҮІІІ сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен жүргізудің маңызы ерекше.
в/Үйірмелердің тағы бір түрі-мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драмалық шығармалардан үзінділер, қойылымдар әзірлейді. Оларды мұғалім сабаққа пайдаланып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет