Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме


Жоспары: 1.Сыныптан тыс оқу- тәрбие жұмысының негізі 2.Факультативтік сабақтың мақсаты мен міндеттері Лекция мақсаты



бет55/62
Дата23.11.2022
өлшемі182,76 Kb.
#52011
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62
Байланысты:
elektronn i konspekt lektsii

Жоспары:
1.Сыныптан тыс оқу- тәрбие жұмысының негізі
2.Факультативтік сабақтың мақсаты мен міндеттері


Лекция мақсаты: Сыныптан тыс оқытудың мақсаты мен маңызы, түрлері мен ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерді қарастыру.


Лекция мәтіні (қысқаша):
Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Сыныптан тыс жұмыстап оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады. Әдеби- шығармашылық үйірмелердің сонымен қатар «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері, әсіресе соңғы кездерде тәжірибеген енгізілген. 5-8 сыныптарда мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соны үйретеді.
Үйірменің тағы бір түрі – мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабардар алады. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтің, М.Әуезов драмаларын талқылаған кезде олардың туындыларынан шағын көрініс, монолог дайындалып, сабақта ұштастырылады. 5-8 сыныптар бойынша әдебиет үйірмелерімен бірлесе отырып «Алтын сақа», «Ер Төстік елінде» атты драма үйірмелері жүргізіледі.
Әдеби конференциялар тақырып бойынша жүйелі түрде өткізіледі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткеізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты таптаурын әдістерден қашқан жөн. Әсіресе, 5 – 8 сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы, өтуі керек. Бір ізбен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшаң – теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5- 8 сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабағы, жәрмеңке сабақ, композициялық сабақ, инсценировкалық сабақ, сабақ – викторина, саяхат сабағы, « Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта » атты кездесу сабағы немесе « Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдаймыз! » атты әңгіме сабақтары, т.б сабақ түрлері әрлендіріп, балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз. 8 – 9 сыныптардағы сабақтан тыс оқулар.Оқу бағдарламасында бұл сыныптарда төңкерістен кейінгі әдебиет үлгілері ұсынылады. Бұл сыныптарда да сабақты түрлендіріп, жандандырып отыру керек. Мұнда да сабақты өтіліп жатқан шығармалармен байланыстыру, тақырып, жанр, проблемалық мәселелерге байланысты жүйелі түрде өткізу басшылыққа алынады. Семинар сабақтары, пікірталас сабақтар, реферат қорғау сабақтары сияқты сабақтың маңызды формалары негізге алынуы керек. Сондай – ақ бұл жоғары сыныптарда шетел әдебиетінің озық үлгілерін оқыту, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әлем, адамзат әдебиетінің асылдарын таныстыру мүмкіндігі мол. Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер, дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық талдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.Кабинетте, кітапханада жо,ары сыныптар үшін « Әлем әдебиетінің асылдары», « Адамзаттың Айтматовы» , « М.Әуезов әлемді аралып кетті» сияқты кітап көрмелерін ( көшпелі) жасап қоюға болады. Сондай – ақ осы кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді болып келеді. Мысалы, « Адамзаттың Айтматовы» тақырыбын ( бір сабақ емес, бірнеше сабақ болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет