Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет25/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Әдебиеттер тізімі
1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2005.
2. Абдірахманұлы А. Өсімдіктер систематикасы. Алматы, 2004ж.
3.Хржановский В.Г., Пономоренко С.В. Ботаника. - Москва, 1982 .
4. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. –Москва, 1976.
5. Тахтаджян А. Систематика магнолияфитов. -Ленинград, 1987.


Лекция № 15


Тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер немесе қарағайлар бөлімі (Gimnospermatopita, Pinopita)
Мақсаты: Студенттерге ашық тұқымды өсімдіктердің шығу тегі, морфологиялық және анатомиялық құрылысы, ұрықтануы мен дамуы туралы мәлімет беру.


Жоспары:
1. Жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттамасы.
2.Ұрықтану. Тұқымның дамуы мен құрылысы.
3.Ашық тұқымдылардың шығу тегі, классификациясы.


Лекция мәтіні:Ашық тұқымдылардың шөптесін формалары жоқ , олар негізінен ағаштар, кейбір түрлері ағаштанған лианалар немесе бұталартүрінде кездеседі. Бүйірінен бұтақтанады, сабағы моноподиальды өседі. Сабағы екінші рет қалыңдайды. Көптеген түрлерінің сүрегі тек трахеиттерден тұрады, түтіктері жоқ. Бір түрлерінің жапырақтары үлкен, тілімделген, папоротник тәрізділердің жапырақтарына ұқсас; ал екіншілерінде олар ұсақ, тұтас, қабыршақ тәрізді немесе ине тәрізді (қылқандары) болып келеді. Ашық тұқымдылардың аздаған түрлернен басқасының барлығы мәңгілік жасыл өсімдіктер. Тамыры жүйесі кіндік тамырлы. Кіндік тамырында да, жанама тамырларында да микориза түзіледі. Ашық тұқымдылардың негізгі белгілерінің бірі сол, олардың тұқымбүрі (семязачатки) немесе тұқымбүршігі (семяпочки) болады. Тұқымбүрі дегеніміздің өзі мегаспорангий, ол ерекше қорғаныш қызметін атқаратын қабықша интегументпен қапталған. Тұқымбүрлері мегаспорафильдеріне ашық орналасады, алардың ұрықтанғаннан кейін, дән пайда болады. Дәннің пайда болуы ашық тұқымдылардың споралы өсімдіктерге қарағанда көп мүмкіндікке ие болуын және құрлықта басым болуын қамтамассыз етті.
Ашық тұқымдылардың өмірлік циклін қарастырғанда, мысал ретінде кәдімгі қарағайды ( Pinus sylvestris, ) аламыз. Ол спорофитінің биіктігі 50м.-дей болатын, 400 жылдай өмір сүретін өсімдік. Діңі жақсы жетілген, онда бүйірлік бұтақтары топтасып орналасады. Сабақтары моноподиалды бұтақтанып өседі. Ұзарған бұтақтарының сыртын қоңырлау - қызғыш түсті, қабыршақты жұқа жапырақтары жауып тұрады. Осы жапырақтардың қолтығында қатты қысқарған өркендер пайда болады, олардарың екі – екіден ине тәрізді жапырақтар (қылқандар) орналасады. Ине тәрізді жапырақтың немесе қылқанның көлденең кесіндісінің формасы жалпақтау – дөңес болып келеді, оның ортасында екі өткізгіш шоғы орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет