Бактериялар (грекшеbakterion - таяқша) — тек микроскоппен ғана көрінетін табиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз, тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Олар ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы ағзалар.
Бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның құрамындағы крахмал, пентозандар, целлюлоза, пектин заттары су мен көмір қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтырады. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады.
Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голландғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. XIX ғасырдың аяғында Луи Пастер (1823—1895) вирус жұқтыратын құтырықк ауруының вакцинасын алды. Л. Пастер тері өңдеушінің баласы болған. Өзі 25 жасында Париждегі мектептің физика және химия курсын бітіріп, бір жылдан соң атақты химик Блонның ассистенті болып істеген. Ол 27 жасында профессор атағын алды. Пастердің данышпандығын дәлелдейтін бір жағдай — ол өзі құтырық вирусын білмей-ақ сол аурудың жұқпалы екенін сезіп, ауру коздыратын агентті әлсірету жағдайын ойластырған. Осындай әлсіреген қоздырушы ауру туғызбай, ол ауруға қарсы иммунитет туғызған.
Бактериялар құрылысы өте қарапайым болып келетін бірклеткалы организмдер. Барлық прокариоттар секілді, олардың да ядросы болмайды. Бактерияның клеткасының мөлшері (размері) көпшілік жағдайда 0,2 ден 10 мкм-дің аралығында болады, сиректеуолардың ұзындығы 30-100 мкм-ге дейін жетеді. Сыртқы пішініне (формасына) қарай: шар тәрізді – көккалар, таяқша тәрізді – бациллалар, спираль тәрізді – спирохеттер, спираль тәрізді бұралған таяқшалар – спириллалар,түйіспеген сақина тәрізді, ерекше қатты иілген клеткалар – торидтер, теңіз жұлдызшаларына ұқсас клеткалар – жұлдыздар (звезды). Бактериялардың көпшілігі қозғалуға қабілетсіз болады, аздаған түрлерінің ғана талшықтары болады (1-ден 50-ге дейін) және қозғала алады. Талшықтары бар бактериялар өте жылдам қозғалады: бәір секундта клетка өзінің ұзындығынан 50 есе артық жерге жылжи алады. Бактериялардың клеткалары қалың қабықшамен қапталған болады, сондықтанда олар өзінің тұрақты формасын сақтайды. Клетка қабықшасына мықтылық беретін негізгі тірек, ол ерекше полимергликопептид муреин. Муреин клетканың сыртын бір немесе бірнеше қабат түзіп жауып тұрады. Бактерияларды екі топқа бөлуге болады: грамша бояуға оң қарайтын (грамполажительные) және грамша бояуға теріс қарайтын (грамотрицательные). Бұлайша шектеп бөлу, бактериялардың фиксацияланған клеткаларының қабықшаларын кристаллвиолетпен (кристалды күлгін бояумен) бояуға және препараттарды одан әрі йодтың ерітіндісімен өңдеуге (обработка жасауға) негізделген. Бұл жағдайда йод кристаллвиолетпен қосылып, суда ерімейтін, спиртте немесе ацетонда нашар еритін ерекше бір комплекс түзеді. Осыдан кейін препараттарды спиртпен өңдегенде, түзілген комплекс бактериялардың бір түрлерінің клеткаларының қабықшаларын түгелімен жуылып кетеді де, препараттар түссізденеді. Екінші бір түрлерінде комплекс клетка қабықшаларымен тығыз байланысып, жуылмастан сақталады. Сондықтанда мұндай клеткалардың түсі көк болады. Йод пен кристаллвиолеттің комплексін сақтап қалған бактериялар, грамша бояуға теріс қарайтын (грамотрицательные) болып табылады. Бактериялардың клетка қабықшаларының құрылысына талдау жасаудың негізінде, грамша бояуға оң қарайтын бактериялардың (грамположитеьные) мурейін торының көп қабатты болатындығы және оның салмағының клетка қабықшасының бүткіл құрғақ заттарының 90% түзетіндігі дәлелденген. Грамша бояуға теріс қарайтын бактериялардың (грамотрицательные) мурейін комплексі клетка қабықшасының салмағының 5-15% ғана құрайды және бір қабат түзіп орналасады. Мурейін каркасының сыртында борпылдақ белоктік қабат болады, оны өз кезегінде липополисахаридті және липопротейдті қабаттар жауып тұрады. Бактериялардың клетка қабықшаларының Грам тәсілі бойынша боялу ерекшеліктері, аса маңызды таксономиялық белгі болып табылады. Сондықтанда оны бактериялардың түрлерін анықтағанда үнемі ескеріп отырады. Бұл тәсілді алғашқы рет 1884 жылы неміс ғалымы К.Грам ұсынған. Клетка қабықшасының құрамы мен құрылысы жағынан бактериялардың өсімдіктер мен жануарлардан айқын айырмашылығы болады. Бактериялардың клеткаларының көпшілігінің сыртын кілегейлі сауыт қаптап тұрады. Мұндай сауыттың болуы бактерияның фагацитозға беілмеуін қамтамасыз етеді және олардың ауыру таратқыштық (жұқтырғыштық) қабілетін күшейте түседі. Қысқасы сауыт бактерияны сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтап тұратын жабын, сонымен бірге ол клетканы кеуіп қалудан сақтайды. Сауыт пен клетка қабықшасының астында цитоплазмалық мембрана орналасады. Ол цитоплазманың ортасына қарай өтіп митохондридың, эндоплазматикалық тордың, гольджи аппаратының қызметтеріне (функцияларына) ұқсас қызмет атқаратын мембраналық комплекс түзеді. Сонымен бірге сыртқы цитоплазмалық мембрананың клетканың ортасына қарай өтуінің нәтижесінде мембраналық структуралар пайда болады, оларда фотосинтез прцесіне қатысатын пигменттер болады. Соңғылары a,b,c,d бактерия хлорофилдері мен каратоноидтар түрінде берілген. Химиялық құрамы жағынан бұл пигменттердің балдырлар мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің пигменттерінен айырмашылығы болады.
Бактериялардың клеткаларының цитоплазмасында қосалқы заттар болады, олардың құрамында мынадай артық қор заттары жиналады: крахмал, гликоген, майлар. Сонымен бірге көптеген бактериялар фосфорды жартылай фосфаттардың түйіршігі түрінде жіне қарапайым күкіртті бойына жинақтауға қабілетті болып келеді.