Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет21/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Сары және қызыл шыбынжұты, көңілкеш (весел­ка) саңырауқұлақтары - өте улы. Сүр шыбынжұты саңыраукұлағының қалпақшасының үсті сұр түсті. жөне ақ дакты. Қызыл шыбынжұтының қалпакшасынын үсті кызыл түсті және ақ дақты болып келеді. Жалган тубіртек улы саңырауқұлағының қалпағының астыңғы жағы қою сарғылт жасыл. Қалпағының үсті мен түбіртегі ашық сарғылт жасыл түсті болады. Түбіртегінде белдеуше сақинасы. жоқ. Арықтардың шірігі мол жағасында көң саңырауқұлагы өседі. Түбіртегі - жіңішке, үзын. Қалпақшасы - жұқа, төбесі үшкірленіп келеді. Бұл саңырауқұлақтың қалпақшасының астында жетілген споралары кара түсті сүйык затпен бірге шашылады. Спорасын сол сұйык, затпен қореқтенген бунакденелілер таратады.
Саңырауқұлақтан уланып қалмау үшін әбден қарап, тексеріп алу кажет. Егер кездескен саңыраукұлактар улы саңырауқұлаққа ұқсас болса, оны алмаған жөн. әбден пісіп, жетілген өрі кеуіп кеткен саңырауқұлактар да улы болуы мүмкін. Ак саңырауқұлақ және басқаларын асқа пайдаланудың алдында екі рет суға қайнатып, қайнатқан суды төгіп тастау кажет. Төккен сумен бірге саңырауқұлақтардағы улы ааттар кетеді. Жаңадан теріп әкелген жас саңырауқұлақтарды бір төуліктен артық сактамайды. Одан жасалғаи тағамдарды екінші тәулікке калдыруга болмайды. Саңырауқұлақтарды кептірсе де, сүрлемелесе де, маринадтаса да олардың күрамындағы улы заты жойылмайды. Сондықтан саңырауқұлақтан қыста да уланып калуға болады. Уланудың белгілері саңырауқұлақты жегеннен кейін, бірнеше сағаттан соң білінеді. Уланған адамның іші ауырады, жүрегі айниды, құсады, өлсізденіп, басы айналады, кейде сіңірі тартылады. Мұндай жағдайда тез арада дөрігерге қаралу керек.
Саңырауқұлақты теру жолдарын да білу қажет. Саңырауқұлақты таңертеңгі салқында жіпшумақтарын закымдамай, түбіртегінің төменгі жағынан ептеп пышақпен кесіп алады. Өте майдаларын алмау керек. Сонда ол жердегі саңырауқұлақтарды жыл сайын, ұдайы жинап тұруға болады.


Түлкіжем Трюфель Күлекеш





Шыбынжұт



Сурет 2. Улы саңырауқұлақтар


Біржасушалы саңырауқұлақтар. Біржасушалы саңырау-құлақтың мысалы ретінде ашыткы саңырауқұлағын қарастырамыз.
Ашытқы саңырауқұлағының құрылысы өте қарапайым: бір жасушадан тұрады, жіпшелері болмайды. Жасушасының пішіні дөңгелек немесе сәл сопакша. Сыртында қабықша, ішінде ци­топлазма, бір ядро және вакуолі бар. Бір жасу­шадан тұрса да, көпжасушалылар сияқты тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді, зат алмасады. Басқа саңырауқұлақтардан айырмашылығы ұзақ уакыт оттексіз тіршілік ете алады. Ашытқы саңырауқұлағы бүршіктену арқылы өте тез көбейеді. Бүршіктеніп көбею кезінде аналык жасушаның бір бүйірінен бұлтиып өсінді пайда болып, біртіндеп көлемі ұлғаяды. Ол өсінді аңалық жасушаның мөлшерімен теңескенде одан әрі тағы да өсінді шығады. Осылайша моншак тәрізді тізіліп, бір-бірінен ажырамай, кобейе береді. Кейде жасушасы бөліну аркылы кобейеді.
Жынысты көбею кезінде екі өсімді жасуша­лары косылады. Егер ашытқы саңырауқұлағы өсіп түрған ортада қоректік зат жетіспей қалса, лезде споралары бар қалта түзеді. Сөйтіп ашытықы саңырауқұлағының зиготасы ішінде спорала­ры бар қалтаға айналады. Қоректік ортада кант коп бодса, қантты спирт пен коміркышқыл га-зына айналдырып, дереу ашыту әрекетін тудырады. Сондықтан оны сыра, қымыз, сүт, шарап ашыту, нан пісіру өнеркәсбіне кеңінен пайдаланады. Сыра ашыту үшін арпаға құлмақтың гүлшоғырларын араластырып, ашытқы саңырау-күлағымен қосып ашытады. Сондықтан сыраның құрамында 6% спирт, кант, нәруыз, ағзалық қышқылдар, құлмақтың ащы заттары, илік заттар жөне көміркышқыл газы бар.
Мал азығына косатын ашытқыда нәруыздар, көмірсулар, майлар және минералды түздар бо­лады. Ашытқы адамға да өте сіңімді, сондыктан сұйык және түймеше (таблетка) күйінде пайдалану алдында су қосады.





















Сурет 3. Ашытқы саңырауқұлағының өсімді және жынысты жолмен көбеюі: 1 - ашытқы саңырауқұлағы; 2 — бүршіктеніп, өсімді жолмен көбеюі; 3 - бүршіктену кезінде ажырап үлгермеген жасушалар; 4 - екі жасушаның қосылып, жынысты жол­ кебеюі
Әбден үгітіп, үстіне қайнаған ыстык су күйып, тағамға қосады. Нан пісіруге, тәтті тағамдар өнеркәсібіне пайдаланғанда ашытқы саңыраукұлағы қамырдағы қантты ыдыратады. Сөйтіп спирт пен көмірқышқыл газын түзеді. Көмірқышқыл газы алыған қамырдағы көпіршіктерді толтырады. Соның нөтижесінде камыр ашып, кетеріледі. Табиғатта ашытқы саңырауқұлағы қанты көп жемістерде, жидектерде, гүл шірнесінде, ағаш шырынында, балара балында кездеседі.
Ашытқы саңырауқұлағының жасушасында нәруыз, май, дөрумендер жеткілікті. Сондықтан шиқан, теріскен, безеу, берткен секілді тері ауруларын емдеу үшін одан дөрі жасайды. «Ашытқы» деген ат тез ашы-татын қасиетіне карай қойылған. Ғылыми аты «қант саңырауқұлағы» (сахарный гриб) деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет