Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет33/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Лекция №18


Тақырыбы: Раушангүлдер тұқымдасы (Rosaceae)


Мақсаты: Студенттерге раушангүлдер тұқымдасының морфологиялық құрылысының ерекшеліктері, көбеюі, жер бетіне таралуы мен маңызы туралы мәлімет беру.
Жоспары:

  1. Раушангүлдер тұқымдасының құрылысы мен таралуы.

  2. Итмұрындар тұқымдас тармағы

  1. Алмалар тұқымдас тармағы



Лекция мәтіні:
Раушангүлдер тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық жерінде кездесетін 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады.
Жемісі — көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз (кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде болатын, ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды). Раушангүл тұқымдасының көбі пайдалы өсімдіктер: жеміс беретін ағаштар (алма, алмұрт, айва, шие, өрік, шабдалы, т.б.); жидек (таңқурай, қойбүлдірген, сиыр бүлдірген, қарақат, т.б.), әсемдік түрлері (раушангүл, шетен, тобылғы, долана, т.б.) және дәрілік түрлері (итмұрын, түзу қазтабан, бүршікгүл, т.б.). Жемісі тамаққа пайдаланылады, құнарлы мал азығы, гүлінен ара бал жинайды.
Раушан, итмұрын - бұталы өсімдіктер. Шыршай, теңгежапырақ, қойбүлдірген - көпжылдық шөптекті өсімдіктер. Қарабүлдірген, итмұрын, долана, раушанның сабақтарында тікенектері болады. Тікенексіз түрлері де өте көп. Раушангүлділердің жапырақтары барлығында бірдей емес. Жай жапырақтылары: алма, алмұрт, долана, шие, өрік және т. б. ағаштарында болады. Күрделі жапырақтар (үшқұлақты) бүлдірген, құлпынай, таңқурай; қауырсын тәрізді күрделі: итмұрын, шетен, қараған; саусақ салалы күрделі: жатаған қазтабан және т. б. кездеседі.
Раушангүлділердің гүлшоғырлары алуан түрлі. Гүлсеріктері қосқабатты, 5 тостағанша жапырақшадан және 5 күлтеден тұрады. Олардың 4 тостағанша жапырақшалары да (түзу қазтабан) бар. Аталықтары өте көп, кей түрінде (теңгежапырақ) 4-8-9, ұзынды-қысқалы болып шеңберлене орналасады. Аналықтары біреу (шие, шабдалы) немесе өте көп (таңқурай, бүлдірген) болады. Оларды ұзын тұмсықты бунақденелілер тозаңдандырады. Ал жемістері құстар, жарқанаттар және су арқылы таралады.

Итмұрындар тұқымдас тармағы. Түрлерінің жалпы саны 800-дей, олар негізінен солтүстік еңдіктің қоңыржай климатты белдеулеріңде кең таралған. Негізгі өмірлік формалары: мөңгі жасыл жөне жазда ғана жасыл болатын ағаштар, лианалар, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Гүл табаны ойыстан тостағанша тәріздіге дейін болады, құрғақ немесе етженді, тостағанша жапырақшаларының тұп жағымен бірігіп кетеді. Кейбір туыстарының тостағаншасының астында тостағанша асты жапырақшалары болады. Гинецейі апокарптыдан ценокарптыға дейін болады. Көптеген өкілдерінің гүлдерінің формуласы мынадай болады: *Са(5} Со5 Л. О.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет