Қызанақ. Қызанақ алқа тұқымдас, қосжарнақты, шөптекті өсімдік. Ол жылу сүйетін өсімдік болғандықтан, алдымен көшетте егіледі. Қызанақтың жемісінен алынған шырыны тағамға пайдаланылады. Жеміс құрамында витаминдер (С, Р, В, А, К) өте көп. Қызанақты тұздал, сүрлемелеуге де болады. Ол - біржылдық өсімдік.
Бұрыштар. Болгар тәтті бұрышы мен қызыл бұрыштар да алқа тұқымдас өсімдіктер. Бұрышта С витамині болады. Тағамды дәмдеуге пайдаланылады.
Картоп. Ал алқа тұқымдас өсімдік - картоп өздеріңе таныс. Ол - тағамдық және техникалық өсімдік, мал азығы ретінде де қолданылады. Картоптың жемісі жидек екенін естеріңде ұстаңдар. Ал тамырындағы түйнектер - оның жерасты өркені. Картопты тұқымынан өсіруге болады. Ең қолайлысы - картоптың көзшесі бар түйнек бөліктерінен өсіру. Картоп түйнегінде крахмал мол болады.
Алқа тұқымдастар - 90-ға жуық туысты топтастыратын, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай атырапта кең таралған қосжарнақты өсімдіктер. Негізінен алғанда Орталық және Оңтүстік Америкада өседі. Олар шөптекті, бұталы немесе алма ағаш тәрізді болып келеді. Гүлі тұтасып біріккен тостағаншадан және кірігіп тұтасқан бес күлтежапырақшадан тұрады. Сондықтан кіріккенкүлтелі өсімдіктер деп аталады. Жемісі - жидек (қызанақ, қара алқа), кейде қауашақ (меңдуана, шырайгүл, темекі). Алқа тұқымдастардың гүлін әр түрлі бунақденелілер, тропиктік елдерде құстар, тіпті сүтқоректілер тозаңдандырады.
Алқа тұқымдас картоп - тағамдық, техникалық және малазықтық дақыл. Дәмді және витамині көп баклажан, қызанақ та тағамға пайдаланылады. Алайда алқа тұқымдастарға жататын меңдуана, сасық меңдуана - улы өсімдіктер. Бұлардан сондай-ақ құнды дәрі де жасалады. Темекі де - улы өсімдік. Әсіресе оның улы заты никотин қанды уландырып, жүрек және тынысалу мүшелерінің жұмысын бұзады. Сөйтіп, шылым шегу адамның денсаулығына зиян келтіреді.
Еуропалықтар картопты ең алғаш 1537 жылы білді. Швейцариялық ботаник Бохен картопқа 1596 жылы «соланум туберозум» деген ғылыми атау берді. Картопты Голландиядан I Петр 1700 жыл шамасында Ресейге әкелді.
Картоптың құрамына массасы бойынша 60-80%, шикідей массасы бойынша 14-24% крахмал болады. Картоптан 200-ге жуық әр түрлі тағам әзірленеді. Ресейде (Одессада) 1850 жылдан бастап қызанақ алғаш өсіріле бастады. Оның жемісінде қант, ағзалық қышқылдар, нәруыз, витаминдер болады. Помидорды испандықтар «поми дель перу» - «перуандық алма» десе, француздар «пома аморис» - «махаббат алмасы», итальяндықтар «помо доро» - «алтын алма» деді. Үнді-ацтектер помидорды «томатль» - «ірі жидек» деп атады. Әйгілі К. Линней оған «ликоперсикон» - «қасқыр шабдалы» деген ғылыми атау берген. Неліктен олай екені белгісіз, алайда күні бүгін ботаниктер сол атаулы пайдаланады.
Зиянды заттардың ең әрекетшілі - никотин. Бұл атау XVI ғасырдың екінші жартысында француз елші уәкілі Ж. Нико есімімен аталған. Таза никотиннің бір тамшысы (0,05 г) адамды өлтіре алады.
Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, сиректеу бұталар. Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында өседі, бірақ түрлерінің ең көп тараған жерлері Жерорта теңізі жағалауының, Алдыңғы және Орта Азияның шөлді және шөлейт аудандары. Сабағы 4-қырлы. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қарапайым (жай жапырақтар), қо-салқы жапырақшалары болмайды. Сабақтары мен жапырақтары безді түктермен немесе қабыршақтармен жабылган, олар эфир майларын бөліп шығарады. Гүлшоғыры өртүрлі тирстен тұрады. Гүлдері зигоморфты, көп жағдайда екі ерінді, сиректеу актиноморфты гүлге өте жақын болады. Тостағанша жапырақшалары біріккен, қоңырау тәрізді, түтік тәрізді немесе екі ерінді, әдетте 5-мүшелі. Күлтесі барлық уақытта 5-мүшелі. Желектердің бірігуінің нәтижесінде күлтенің төменгі жағы трубка ал жоғарғы жағы отгиб (күлте алақаны) түзеді. Қалыпты жағдайда отгиб екі ерінді болады, жоғарғы ерін 2 желектен, ал төменгі ерін 3-желектен тұрады. Сиректеу ол 4-мүшелі немесе бір ерінді болады. Түтіктің іші жалаңаш және жылтыр немесе аталықтардың біріккен жерінен сәл төмендеу түктердің (үлпектердің) шеңбері болады. Осы бейімделушіліктің болуы немесе болмауы — аса маңызды систематикалық белгі болып табылады. Андроцейі күлтенің трубкасына бекінген 4 аталықтан түрады, оның 2 ұзын, 2 қысқа болады. Андроцейі 2 аталықтан түратын туыстарыда кездеседі. Гинецейі барлық уақытта 2 біріккен жеміс жапырақшаларынан түрады. Гүлтүйіні жоғарғы, бірақ 4-үялы (бөліп тұратын пердесінің 2-жалған), әр үяда 1-ден тұқым бүрі болады. Аналықтың мойны біршама Ұзын болады және 2-жақтаулы аналық аузымен (2-лопостным рыльцем), аяқталады.
Жемісі 4 жаңғақшаға бөлінеді. Тауқалақайлар түқымдасына жататын өсімдіктер бойында көп мөлшерде, жағымды иіс шығаратын эфир майының болуына байланысты парфюмерия өндірісінде (розмарина және лаванда), тамақ өнеркәсібінде (мускат шалфейі) және медицинада (бұрыш жалбызы — мята перечная, сасықшөп— пустырник, шалфей туысының түрлері , насыбайгүл — базилик, жебір — тимьян) кеңінен қолданылады. Кейбір өсімдіктер сәнді болып келеді, сондықтанда оларды гүл өсіру шаруашылығында (в цветоводстве) пайдаланады (шалфей блестящий дәрілік, сайсағыз — иссоп лекарственный). Мындай түрлері арамшөптер болып табылады: ақ тауқалақай , қайызғақшөп туысының түрлері (чистец ), пикульник және басқалар.
Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілері
Қосжарнақтылар класына жататын ерінгүлділердің жер жүзінде 3500-ге жуық түрі өседі. Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар. Еріндігүлділерді кейде тауқалақайгүлділер деп те атайды. Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік.
Ерінгүлділер тұқымдасы - жапырақтары қарама-қарсы орналасатын шөптекті өсімдіктер. Олардың бөбешік жапырақтары болмайды. Тропиктік Оңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде, өрмелегіш түрлері өседі. Бұлардың сабағы 4 қырлы. Аталығының саны 2,4. Аналығы әдетте 2 жеміс жапырақты болып келеді. Жоғары жатынды. Жемісі - сүйекті жеміс немесе бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша.