Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет46/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Емен желайдар (А. nemorosa) гүлі ақ немесе қызғыл түсті болады. Еуропаның көлеңкелі ормандарында кең таралған.
Орман желайдар (А. silvestris) — өте улы өсімдік. Ақ күлтелі, ірі гүлі болады. Көбінесе селдір тоғайдың және бұталардың арасында өседі, кейде шабындықта да кездеседі.
Сарғалдақ желайдар (А. ranunculoides) гүлінің көлемі ұсақ, түсі сары болады. Сирек тоғайдың ішінде өседі. Дүние жүзінде кең тараған, 150-дей түрі белгілі. Қазақстанның барлық жерлерінде өсетін 11 түрі бар. Биіктігі 10 – 50 см-дей, сабағы тік өседі; сыртын түк басқан. Тамырына жақын жерінде жапырағы болмайды. Жапырағы сүйір, сағағы қысқа болады. Ірі гүлдері ақ сары, көгілдір түсті, олар сабақтың ұшында дара немесе шатырша гүлшоғырына топтасады. Ерте көктемде гүлдейді. Жемісі – тұмсығы иілген қысқа ұрық. Желайдардың жапырағының құрамында дәмі ащы анемонол болады. Одан ауруды бәсеңдететін және жүрекке әсер ететін анимонин бөліп алады. Тамырынан алынатын улы шырынды кейде сүйелді кетіру үшін пайдаланады. Желайдарды пайдаланған кезде өте сақ болған жөн, өйткені ол улы өсімдік. Сондай-ақ желайдар өте әдемі өсімдік болғандықтан, сәндік үшін де өсіріледі.
Шөмішгүл (Aquіlegіa) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 100-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда таудың тастақты беткейлерінде, бұлақ жағаларында, қылқан жапырақты аралас ормандардың шетіндегі көлеңкелі жерлерде өсетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15 – 90 см. Тамырсабақтары қысқа, сабағы тік өседі, оның сыртын безді түктер жауып тұрады. Екі еселеніп салаланған, үш құлақты жапырақтары сабақ ұшына қарай жоғарылаған сайын кішірейе береді. Гүлдері ірі (диам. 3 – 10 см), тостағанша жапырақшаларының саны 5, күлтесі де бесеу, олардың әрбіреуінің ұшы сүйірленіп, түтік тәрізді жіңішкеріп тепкіге (шпорец) айналған. Түстері – күлгін, ақ, көгілдір, күрең-қызыл, көк, сары, т.б. Аталығы көп, аналығының саны 3 – 15, мойны ұзын. Аралар, көбелектер, құстар тозаңдандырады (іштерінде өздігінен тозаңданатын түрлері де бар). Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – жапырақша жеміс (ұзындығы 2,5 см-дей). Шөмішгүлдің гүлдері өте әдемі, сондықтан олар гүлзарларда сәндік үшін өсіріледі. Виталий Шөмішгүлі (А. vіtalіі) және қаратау Шөмішгүлі (А. karatavіca) – өте сирек кездесетін өсімдіктер, олардың жылдан жылға таралу аймағы азаюда, сондықтан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет