Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет40/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Соя туысы (Glycine). Туыстың құрамында 40-тай түрі бар. Табиғи ареалы аса кең, алайда негізінен Американың, Азияның және Австралияның тропикалық аймақтарын қамтиды. БОР-дың территориясында тек бір ғана Уссурий соясы деген түр өседі. Шаруашылықтағы маңызды жығынан ең қажеттісі түкті соя деп аталатын түрі. Ол биіктігі 30-50 см болатын біржылдық шөптесін өсімдік жапырағы үшқұлақ, гүлдері жапырақтың қолтығынан шашақтанып шығып тұрады, бобтарының ішінде біреуден немесе аздан дәндері болады. Азияда кеңінен себілетіндігі сонша, оның егістік көлемі 10млн.га асады. Бір тонна дәннен 113 кг май және 725 кг майдан тазартылған ұн алынады. Дәнінің құрамында 36 %- дейін белок болады. Сабағы мен жапырағын жас балауса түрінде де, кептіріпте және силос түріде де ауыл шаруашылық жануарларына қорек ретінде пайдаланады. Соядан әр түрлі тағамдар дайындайды: сүт, май, айран, қаймақ, сүзбе, нан, ал сусамыр ауруымен ауыратын кісілер үшін арнайы печенье, кофе, шокалад және т.б. Сонымен бірге соядан пластмаст, фанер жасауға қажетті клей және т.б да заттарды жасауға керекті шикізат алады.
Люцин туысы (Lupinus). Туыста 400-дей түрі бар, олардың басым көпшілігі Оңтүстік Америкада кездеседі. Бұлар негізінен дәндері ұсақ болып келетін шөптесін өсімдіктер, жартылайбұталар, ішінде тіптен бұталарында болады. Солтүстік Американың батыс аудандарында біржылдық түрлері басым болып келеді. Түрлерінің көптігі жағынан екінші орынды алатын табиғи орталық болып жерорта теңізі жағалауы саналады. Жерорта теңізі жағалауындағы түрлердің басым көпшілігі біржылдық, биік, дәндері ірі болып келетін өсімдіктер. Бұларға үшқұлақ және саусақсалалы күрделі жапырықтар тән. Гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді және үлкен шашақ тәрізді гүл шоғырына жиналады. Люпин рекордтық деңгейге дейін жететін көк балауса береді, бірақта өсімдіктің барлық бөлігінде көп мөлшерде улы заттар болады. Сидерациялық және сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Алкалоидты жоқ сорттарын шығаруға байланысты люпиннің жем-шөптік маңызы арта түседі.
Әдебиеттер тізімі
1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2005.
2. Абдірахманұлы А. Өсімдіктер систематикасы. Алматы, 2004ж.
Хржановский В.Г., Пономоренко С.В. Ботаника. - Москва, 1982 .
3. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. –Москва, 1976.
4. Тахтаджян А. Систематика магнолияфитов. -Ленинград, 1987.
5. Рейвн П.Современнея ботаника. -Москва., 1990.
6. Курсанов Л.И. и др.Ботаника . -Москва, 1966.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет