Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер


Жоңыршқа туысы (люцерна - Medigago)



бет39/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Жоңыршқа туысы (люцерна - Medigago). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда жнр шарының екі ендігіне тропикалық аймақтарында, жер орта теңізі жағалауында, Европада, Кавказда, Орта Азияда кездеседі. БОР-дың флорасында 36-түрі кездеседі, олар негізінен Орта Азияда өседі, ал Қазақстанда 18-түрі бар. Көп жылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жапырақтары үшқұлақ болып келеді, сиректеу бұталар. Бобтары бірдәнді немесе аз дәнді, формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Құрғақшылыққа, сортаң және сор топырақтарға жақсы бейімделген тамырының ұзындығы 1,5 метрге дейін жететін, кіндік тамырлы өсімдік. Агромелиоративтік маңызы зор. Мал азығы ретінде аса құнды, құнары жоғары және жақсы желінетін пішен беретін өсімдік.
Сарбас жоңыршқа (M.falcata). Биіктігі 100-120 болатын, күлте жапырақшасының түсі сары, құрғақшылыққа, ыстыққа және суыққа төзімді өсімдік. Табиғатта Европада, Сібірде, алдыңғы және Орта Азияда және мәдени жағдайда кең таралған өсімдік.
Кәдімгі жоңыршқа. Гүлі қою күлгін түсті, бобы спиральі тәрізді бұралған болып келеді. Табиғи жағдайда Кіші Азияда, Тибетте, Индияда кеңінен таралған. БОР-дың териториясында, әсіресе құрғақ шөлейт аудандарда тек мәдени жағдайда ғана өседі, кейде жабайы жағдайға ауысқандығы байқалады.
Фасоль туысы ( Phaseoius). Түрлерінің жалпы саны 200-дей. Табиғи жағдайда негізінен Азия мен Американың тропикалық аймақтарында өседі. Біржылдық шөптесін өсімдік сабақтары тігінен жайылып, көп жағдайда тіптен шырмалып өседі. Жапырақтары үш құлақ қүрдеді болып келеді. Күлте жапырақшалары сары, ақ, қызғыштау-сары, қоңыр қызыл және сия көк түсті болып келеді. БОР-дың териториясында 20-дай түрі белгілі. Олардың барлығы тек мәдени жағдайда көкөніс дақылы ретінде және сәндік өсімдіктері ботаникалық бақтар да, парктерде, скверлерде өсіріледі.
Кәдімгі фасоль (фасоль - Ph.vulgaris). Көкөніс дақылы, Солтүстік жақта Санкт- Петербургке дейін жетеді. Отжалынды-қызыл фасоль өрмелеп өсетін біржылдық өсімдік, гүлі ашық-қызыл түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде кеңінен отырғызылады, сиректеу тамақ ретінде де пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет