Конструктивті қызмет. Өз алдына конструктивті-мазмұндық (оқу материалын таңдап алу және оны орналастыру, педагогикалық процесті жоспарлау және құру), конструктивті-оперативті (өзінің және оқушылардың әрекетін жоспарлау), конструктивті-материалдық (педагогикалық процестің оқу-материалдық базасын жобалау).
Ұйымдастырушылық қызмет.Оқушыларды іс-әрекеттің түрлеріне енгізуге және ұжымды тудыруға, біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған іс-әрекеттердің жүйесін орындау болып табылады.
Коммуникативтік қызметпедагогтың тәрбиеленушілермен, мектеп педагогтарымен, қоғам өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қарым-қатынас орнатуға бағытталған.
Барлық компоненттер кез-келген педагогтың қызметінде айқындалады. Оларды жүзеге асыру педаггтың арнайы іскерліктерін қажет етеді.
- Мәтінді «Түртіп алу» стратегиясымен өзбетті оқыңыз:
Мұғалім педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде Педагогикалық мамандық қоятын маңызды талаптардың бірі – оның өкілдерінің әлеуметтік және кәсіби позицияларының айқындылығы. Дәл осы позицияларда мұғалім өзін педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде танытады.
Педагогтың ұстанымы –бұл тұлғаның белсенділігінң көзі болып табылатын оның педагогикалық ақиқатқа, педагогикалық қызметке, дүниеге деген интеллектуальды, еріктік және эмоциональды-құндылықты қарым-қатынастар жүйесі. Ол, бір жағынан, қоғам тарапынан қойылатын талаптармен, оның мүмкіншіліктерімен, екінші жағынан, педагогтың ішкі тұлғалық белсенділігімен (қызығушылықтары, мотивтері, мақсаты, құндылықтарға бағытталуы, көзқарасы, идеалдары) анықталады.
Педагог ұстанымында оның тұлғасы, әлеуметтік бағытталу сипаты, азаматтық мінез-құлқы мен іс-әрекет типі көрінеді.
Педагогтың әлеуметтік ұстанымының негізі жалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікірлер, көзқарастар, сенімдер, құндылықты бағдарларға негізделеді. Олардың негізінде кәсіби дайындық барысында педагогикалық мамандыққа, педагогикалық қызметтің мақсаты мен құралдарына қатнасы қалыптасады. Мотивациялық-құндылықты қарым-қатынас мұғалім тұлғасының өзегі болып табылатын педагогикалық бағытталуда көрінеді.
Педагогтың әлеуметтік позициясы оның кәсіби ұстанымын да анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдалуына көп факторлар әсер етеді. Ең маңыздылары – кәсіби белгілеулер (установки), тұлғаның жеке типологиялық ерекшеліктері, темперамент және мінез-құлық.
Л.Б.Ительсон педагогтың позициясының типті рольдік сипаттамасын белгілеген. Педагог мына позицияларда көрінуі мүмкін:
- егер ол қоғамдық нормалар, талаптар, пікірлерді және т.б. ақпаратты тек хабарлап тұрса ғана (мысалы, шыншыл болу керек), онда педагог – информатор;
- егер баланың жүрегіне жол тапқысы келсе, онда педагог – дос ретінде танылады;
- егер ол тәрбиеленушілердің санасына нормалар мен құндылықтарды күштеп енгізетін болса, онда педагог – диктатор;
- егер сендіруді қолданса, онда педагог – кеңесші; - егер ол тәрбиеленушіге жалынатын, оның алдында кішірейетін, оны тек мақтай беретін болса, онда педагог – сұраушы; - егер ол тәрбиеленушілерді қызықты мақсат, перспективалармен жандандыра білсе, онда педагог –шабыт тудырушы. Аталған әрбір позиция тәрбиешінің жеке тұлғасына байланысты жағымды не жағымсыз нәтиже беруі мүмкін.