Мұғалімге қойылатынкәсіби талаптардың жиынтығы педагогикалық қызметке кәсіби дайындық терминімен енгізілген. Оның құрамында, бір жағынан, психологиялық, психологиялық-физиологиялық және дене дайындығын, екінші жағынан, ғылыми-теориялық және тәжірибелік қабілеттілігін ажыратады.
Педагогикалық білім берудің мақсатының көрінісі ретіндегі кәсіби дайындықтың мазмұны профессиограммада жинақталған.
Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымын (профессиограммасын) жасаудың мәні жоғары. Онда мыналар көрсетіледі:
мұғалімнің жеке басы, оған тән сапалық қасиеттер мен белгілер.
мұғалім мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын насихаттаушы, өз кәсібіне жан-тәнімен берілген адам, сондықтан мемлекет ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтық бағыттар мұғалімнің жеке басының негізгі қасиеттері. Сапалық белгілеріне: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, орынды талап қою, ұстамджылық, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік және т.б. жатады.
мұғалім қызметінің түрлері: ұстаздық, тәрбиешілік, қоғамдық-саяси, қоғамдық-педагогикалық жұмыстар.
мұғалімнің мамандық деңгейін көтеруге қойылатын талаптар: кәсіптік білім, білік, дағды, ізденіс, ісіне шығармашылық мән беру, жаңашылдық, білім берудің сапасын жетілдіру.
мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеруге байланысты жүргізілетін жұмыстар: тәжірибе алмасу, озат, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу, оны тарату, оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесін, тиімділігн анықтау, мұғалімдердің білімін үздіксіз жетілдіріп отыру, аттестациялау, категорияға бөлу, педагогтық оқуға, басылымбарға қатысу жұмыстары.
мұғалімдік мамандықтың өзге мамандықтардан ерекшелік белгілері. Ол жоғары аталған төрт белгінің мазмұнын біріктіреді.
оқу орындарында мұғалімдік мамандыққа дайындау жолдары. Мектеп оқушыларына мұғалімдік мамандық бойынша бағдар беру; педагогикалық оқу орындарында оқып жүрген кезінде мұғалімдік мамандыққа үйрету, мұғалімдік мамандықты меңгеру және өз бетінше мамандық шеберлігін көтеріп отыру жұмыстары.
студенттердің, мұғалімдердің өз бетінше білімін жетілдірудің мазмұны: болашақ мұғалімдердің ғылыми деңгейін көтеру, арнайы әдістемелік білімін жетілдіру.
мұғалімдік мамандықтың шебері болудың негізгі белгілері: кәсіби білім, білік, дағды, кәсіби қабілет, педагогикалық әдеп, педагогикалық техника.
Профессиограмма – мұғалім мамандығына тән негізгі қасиеттер мен оған қойылатын кәсіби талаптардың жүйесі. Мұағлімге қойылатын кәсіби талаптар өзара байланысқан үш негізгі кешенге біріктірілген: жалпыазаттық қасиеттер; мұғалім мамандығынығ спецификасын белгілейтін қасиеттер; пән (мамандық) бойынша арнайы білім, білік және дағды. Психологтар профессиограмманы негіздеуде тұлғаның ақыл-ой, сезім, және еріктік қасиеттерін көрсететін педагогикалық қабілеттерді белгілейді. Мысалы, В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативтік қабілеттерімен қатар педагогикалық қиял және зейінді шоғырландыру қабілетін ажыратады.
А.И.Щербаков маңызды педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, конструктивті, перцептивті, экспрессивті, коммуникативті және ұйымдастырушылықты жатқызады.
Педагогикалық білім берудің мақсаты - жаңа типті мұғалімнің үздіксіз жалпы және кәсіби дамытылуы. Оған мыналар тән:
- азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік бейімделу;
- балаларға деген сүйіспеншілік, оларға жүрек жылуын беруі;
- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға құштары мен іскерлігі;
- жоғары кәсібилік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың
инновациялық стилі;
- өздігінен білім алуға қажеттілігі және оған дайындығы;
- денсаулық, психикалық саулық, кәсіби жұмысқа қабілеттілік.