Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет22/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

- жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.
Білім алушылар білімінің беріктігі принципі. Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және білім алушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, білім алушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, педагогқа байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Білім алушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.
Шарттары: қазіргі оқытуда естен гөрі интеллектіге баса назар аударылады. Сондықтан білім алушылардың күшін құндылықтары аз білімдерді есте сақтауға жұмсамау керек. Есте шамадан тыс оқу материалдарын сақтауға болмайды, ол ақыл-ойға зиян келтіреді; дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нерселердің есте қалып қоюына жол бермеу. Білім алушы тек саналы меңгерілген, түсінікті материалды ғана есінде сақтау керек; әр түрлі анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, энциклопедияларды қолдануға үйрету; есте сақталу керек материалдар өте көп болмау керек, педагогтің қандай білімдер есте сақталу керек екенін анықтауы; оқытудан кейін білімді ұмыту басталады, сондықтан қайталаудың уақыты және жиілігі үмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес белгіленеді; жаңа материалды оқып болған соң қайталауды көп жүргізу керек, содан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға болмайды; әр білім алушыны өз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш-жігерімен жұмыс істеуге үйрету.
Көп кездесетін себептер: оқу процесіне қызығушылықтың төмендеуі және шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру; тапсырмалар және нұсқауларды көп бермеу. Білім алушыларды ақыл-кеңесті тыңдауға үйрету. Өте қызықтысын салмақтап айтықыз. Әзіл-сықақ айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жөн; өзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Өзара оқыту педагог қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады; білім алушыларды оқу материалын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді есте сақтауға көмектесетін принциптер мен тәсілдердің жиынтығы) тәсілдерді қолдану; білім алушының жағымды әсерін туғызбай тұрып, жаңа білім беруді бастамау. Жазалау әдістерімен берілген білім берік болмайды; қайталау және бекіту кезінде білім алушылардың естерін, ақыл-ойларын, сезімдерін жұмыс істетіп, білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, қорытындыларды нақтылау; оқыту қисындылығын қадағалау. білім алушының оқу материалына деген он көз қарасын қалыптастыру; жаттығулар санын, орындалатын мерзімін белгілеу; оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру және бағалау;
Түсініктілік принципі. Білім алушы өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін өуелі оқай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, бел-гісіз, күрделі оқу материалдары оқылады.
Шарттары: оқылатын материалдарды әрбір жас кезеңдеріне бөлу; білім алушының ақыл-ойы белгілі бір пәнді оқуға әзір болу керек екенін ұмытпау; білім алушының дайындығын, дамуын және мүмкіндігін ескере отырып оқыту. Білім алушылардың өмір тәжірибесін, қызығушылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттеу және ескеру; білім алушыларды оқыту арқылы дамыту; мүмкіндіктері бірдей білім алушыларды біріктіру; жақсы білім алушылардың дамуын тежемеу, оқу үлгерімі нашар білім алушыларды тез қарқынмен жұмыс істеуге үйрету; оқытудың қарқынын белгілеп, керек жағдайда өзгерту; ұқсатуды, салыстыруды, қатар және қарама-қарсы қоюды кең қолдану; жаңа және күрделі материалдарды оқып үйренуге жақсы оқитын білім алушыларды, бекітуге оқу үлгерімі нашар білім алушыларды қатыстыру; білім алушыға келген ойды танымның соқы емес, басы деп түсіну; түсініктілік педагогтің анық түсіндіруіне және тіліне байланысты; ұғымдарды нақты және біржақты етіп тұжырымдап өмірден, әдебиеттен жарқын мысалдар келтіріп, бірсарынды сөйлемеу; монологты ұзаққа созбау, педагог іс-әрекеті мен білім алушы іс-ерекетін анықтап алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет